Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі



Жоспары:

1. ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі.

2. Тәрбие әдістерін жіктеу.

3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары.

Негізгі әдебиеттер:

1. Государственная программа развития образования РК до 2010 г.

2. Педагогика. Оқулық, Алматы: Print-S, 2005.-364 б.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М.: 2001

4. Подласый И.П. Педагогика. – Минск, 2006

5. Харламов И.Ф. Педагогика. – Минск, 2002

6. Коянбаев Ж.Б., Коянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Безрукова В.С. Педагогика. Проективная педагогика. Уч.пособие для инженерно-пед.институтов. Екатеринбург, 1996. – 344 с.

2. Бордовская Н.В., РеанА.А. Педагогика. «Серия учебник нового века», Санкт-Петербург, 2000.

3. Краевский В.В. Ведение в научное исследование по педагогике: уч.пособие. М., 1999

Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс. Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бой ына жинақтаған ғылым. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.

Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критерийі.

Тәсіл әдістің құрама бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалыболады.

Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.

Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында, 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т.б.

60- жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде “Советская педагогка” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.

Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекциялар, өнеге. Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс - әрекетінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 7209 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...