Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы. 6 страница



Табиғи заттар материя мен формадан тұрады. Әр дене өз формасы арқылы болмыста сақталуға құқылы, ал материя арқылы ол өзге болмысқа ие болуға құқылы. Материя форманың болуының арқасында тіршілік етеді, форманың арқасында денелік субстанция актуальды субстанцияға айналады, себебі ол өз формасынсыз өмір сүрсе, болмыс тек потенциалды ғана болып табылады.

“Азаматтық саясатында” Әл-Фараби осы ойға қайта оралады. Материя тек форманың субстраты ғана болып табылмайды, сонымен бірге форма үшін де тіршілік етеді. Форманың тіршілігі – материяның бірінші мақсаты. Форма болмаған жағдайда материяның тіршілігі бекер болған болар еді. Табиғи нәрселердің арасында бекер ештеңе болмайтындықтан, бастапқы материя формадан азат болуы мүмкін емес. Әрі қарай Әл-Фараби формаларды акциденциялармен салыстырады: “Формалардың акциденцияға ұқсастығы, олар басқалар сияқты өз тіршілігі үшін субстрактқа ие болуы керек. Формалардан акциденциялардың ерекшелігі, субстраттар олар үшін де, олардың алып жүрушісі болу үшін де өмір сүрмейді. Форма субстраттарына, дәлірегі материяға келетін болсақ, олар формаларды алып жүруге арналған”.

Әл-Фарабидің жүйесінде “харакетшіл ақыл” екі әлемнің ортасындағы шекарада орналасқан. Әрекетсіз субстрат тәрізді материя “харакетшіл ақылдан” туатын формаларды алады. Ай асты әлемі тек “харакетшіл ақылдың” ғана емес, аспан сферасының да ықпалына ұшырайды. Халықтардың алуан түрлілігінің, яғни табиғи халықтардың мінез-құлқы мен тілдерінің айырмашылығының себебін Әл-Фараби дәл осы аспандық себептерінің әсерінен, аспан денелерінің орналасуындағы айырмашылықтан іздейді.

Әл-Фараби ізгілік ұғымын парасатты теориялық, парасатты практикалық, ұмтылушы, елестетуші және түйсінуші тәрізді бес жан күйлерімен байланыстырады. Тек парасатты теориялық күш ғана бақытқа жеткізеді, - деп көрсетеді философ.

Бақыт дегеніміз – ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар өзіне ұнайтын, керекті нәрселер. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар – данышпан адамдар. Бақыт, Әл-Фарабидің пікірінше, адам кемелденуінің шегі.

Ақыл туралы ілімі Әл-Фарабиде болмыс туралы ілімі тәрізді, бір негізге ие. Даналық, Әл-Фарабидің түсінігінде, әлем иерархиясының барлық сатысын және осы сатылар арасындағы байланыстың сипатын білу дегенді білдіреді.

“Ғылымдар классификациясы туралы” трактатында Әл-Фараби өз заманында белгілі болған ғылымдардың бәріне шолу жасайды. Бұл – лингвистика немесе тіл туралы ғылым, логика, математика, физика, метафизика, азаматтық ғылым, юриспруденция және дін ілімі.

Әл-Фарабидің саяси космологиясы айқын исламдық сипатқа ие.

“Бақытқа жету” туралы трактатында философия мен дін ілімі арасындағы айырмашылық туралы өз түсінігін береді. Бұл екеуі де заттардың соңғы принциптері мен олардың тіршілігінің бастауы туралы түсінік береді, адам тіршілігінің соңғы мақсаты жоғарғы бақытқа қол жеткізу екенін түсіндіреді. Бірақ философия анық дәлелдемелер береді, ал дін сенім береді. Философия діннен бұрын пайда болған деп санайды Әл-Фараби. Оның ойынша, билік етуші адам философияны меңгеруі тиіс





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...