Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы. 4 страница



Конфуцийдің айтуынша, соңғы санатқа жататын адамдар оқудан қиындық көрген соң оқуды жалғастырмайды, яғни, олардың оқуға бейiмi болғанымен, ынтасы жоқ немесе тiптен оқығысы келмейтiн жандар.

Конфуций адамдарды төрт санатқа бөлудегi алдына қойған

Дравидтiк-арилiк дәуiрде тәрбие мен оқытуда, әрбiр оқушы өзiнiң адамгершiлiк ақыл-ой және дене күштер мен қасиеттерiн дамытулары тиiс. Мәселен, брахмандар интеллектiлiк қабiлеттерiн дамытса, кшатрлар - күшi мен жау жүректiлiгiн, вайшылар - еңбексүйгiштiк пен төзiмдiлiгiн, шудлер - бағыныштылығын тәрбиелеген.

Осы типтес идеалдық тәрбиелер үндiстердiң ертедегi эпостарында да ұшырасады. “Бхагават – пуран” аңызында құдайшыл және ақыл-парасатты Кришна бейнесі арқылы үндiарилық тәрбиенiң үлгiлерi берiлген. Эпикалық патша - әскери және шопан - қатар-құрбыларымен ойын-сауықта және еңбекте бiрге ойнап, бiрге еңбектенiп өседi.

Идеалдық тәрбие алған Рамаға ерте үндiлердiң “Махабхарата” эпосы кейiпкерiнiң адами қасиетi бiлiмдiлiгiне, ақыл-ойына, күштiлiгi мен ерлiгiне ешқандай адам сәйкес келмейдi. Ол адамдармен қарым-қатынастарында адал, үлкен-кiшiнi сыйлай бiлетiн, бос уақытында әскери өнермен айналысатын, заңдар мен салт-дәстүрлердi ұстайтын, шешендiк өнердi игерген, толық қалыптасқан адам ретiнде саналады. Сонымен қатар қасиеттi және оқу құралы мiндетiн атқарған “Бхагавадгит” кiтабында оқушыларды тәрбиелеу мен бiлiм берудiң мазмұндары мен жолдары анықталған Ұстаз бейнесінде құдайшыл Кришна болса, оқушы бейнесінде – патшаның баласы Арджун алынған. Қиындық жағдайға ұшыраған Арджун ұстазы Кришнадан кеңес сұрап, танымның бiр сатысынан екiншi сатысына көтерiлiп, бiлiмiн толықтырды. Бiлiм алудың алгоритмдiк жолы, мұғалiм жаңа бiлiмдi түсiндiредi, содан кейiн көлемдi бiлiм материалдарын бөлшектеп ұғындырады. Кришна Арджунның алдына айқын мақсаттар қойып, оны өздiгiнен бiлiм алуға ынталандырып, оқудың әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады.

Үндістанда б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта шенiнде отбасы – қоғамдық тәрбие дәстүрi қалыптасып, жоғары үш кастаның балаларын есею рәсiмiнен өткеннен кейiн мектепке қабылдайтын. Брахман баласы 8 жаста, кшатр 11 жаста, вайшы 12 жастан бастап бiр-бiрiнен айырмашылығы бар бағдарламалармен оқытылды.

Мысалы, Брахман оқушылары толық бiлiм алу бағдарламасымен оқыса, кшатрлар әскери өнерге, вайшылар ауылшаруашылық жұмыстар мен қолөнерге бағдарланған толық емес бағдарламалармен оқыды. Оқу мезгiлi сегiз жылдан аспай, оқығандарын ауызша айтып беру, оқу мен жазуға үйретiлдi. Толық бағдарламамен оқыған брахман балалары поэзия мен әдебиет, грамматика мен философия, математика, астрономия пәндерiнен сабақтар алды. Мұғалiмнiң үйiндегi оқу отбасылық қарым-қатынас түрiнде ұйымдастырылып, оқушылар мұғалiмнiң отбасы мүшесi ретiнде есептелiп, отбасыаралық қарым-қатынастар ережесiне дағдыланды.

Бiрiншi мыңжылдықтың ортасында (б.з.д.) ежелгi үндi өркениетiнде жаңа дәуiр басталды. Үндi мемлекетiнiң экономикалық, рухани өмiрлерiндегi өзгерiстер тәрбие мен оқытуға ықпалын тигiздi. Жаңа дiн – буддизм ежелгi үндi халықтарының өмiр-тiршiлiктерiне ауқымды өзгерiстер әкелдi.

Буддистiк оқу дәстүрiнiң басында Будда немесе Шакия - Муни (б.з.д. 623-544 ж.ж.) тұрды. Ол жоғары рухани жетiстiкке жеткен тұлға, буддизм касталардың теңсiздiк ұстанымын жоққа шығарып, адам дүниеге келгенде бiрдей болып келедi, олай болса адам тең құқықты, сол себептен буддистiк қауымдастыққа әрбiр адамды ниетiне қарай қабылдаған.

Буддистiк iлiм бойынша тәрбиенiң басты мақсаты – адам жанын жетiлдiру, өзiн-өзi танып, өзiн-өзi дамытуға тиiс. Буддистiк дәуiрде оқу бағдарламаларына өзгерiстер енгiзiлiп, грамматикаға ерекше көңiл бөлiндi. Сол кездерде ежелгi үндi елiнде буынды әлiппе - брахми мектептерге енгiзiлiп, әлiппе – буынды жазу бiлiм сапасын көтерген. Элементарлық бiлiмдер дiни мектептерде және зайырлы оқу орындарында берiлдi. Дiни мектептерде бiлiм сословиелiк сипатта болса, зайырлы мектептерде оқушыларды кастасына, дiнiне қарамай оқытатын.

Кейбiр буддистiк монастырларда жоғары деңгейдегi философиялық ежелгi трактаттар, математика, дәрiгерлiк бiлiмдер берiлген.

Дәріс. Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие.

Жоспары:

1. Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері. Византиядағы педагогикалық ойлар: В.Кесарийский, Иоанн Златоуст, Дамаскіден Мансур және т.б.

2. Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие. Білім берудің буддиялық жүйесі. Индиядағы мұсылман мектептері. Бабур (1483-1530) мен Акбардың (1542-1605) ағартушылық іс-әрекеті.

3. Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

Негізгі әдебиеттер:

1. История педагогики. Часть І. От зарождения воспитания в первобытном обществе до середины ХVІІ века: Учебное пособие для педагогических университетов. /Под ред. А.И.Пискунова. – М.: ТЦ «Сфера», 1997. – 192 с.

2. Джуринский А.Н. История педагогики: Учеб. пособие для студентов педвузов. М.: ВЛАДОС, 1999. – 432 с.

3. Латышина Д.И. История педагогики: история образования и педагогической мысли: Учеб. пособие. М.: Гардарики, 2002.– 603 с.

4. Под редакцией академика РАО А.И.Пискунова. История педагогики и образования. – 2-е изд., испр. и дополн. – М.: ТЦ “Сфера”, 2001. – 512 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ильясова А.Н. Становление и развитие педагогической теории Казахстана. (1900-1960жж.) Алматы. РИК. - 1997. 282 б.

2. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. А.: Мектеп, 1974. – 243 б.

3. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы. - Алматы, Дарын,- 2006, - 480 бет.

Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетiн сақтап, ежелгi мәдениетi мен бiлiм дәстүрiн жалғастырып келе жатқан орталықтарының бiрi - Таяу Шығыс.

ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi.

Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған.

Құранмен бiрге қасиеттi кiтап – Сұнна (үлгi-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесiнiң мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы дiни және әлемдiк өмiр жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледi.

Ислам дiнiнің басты құрамдас бөлiгi – шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесiн реттейдi. Шариғат этикалық мiнез-құлықтарға негiзделген және оны қоғамдық рөлiне қарай заңдармен теңестiруге болады. Шариғат талаптарын орындау адамнан адалдықты және саналылықты талап етедi.

Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттер өздерiнiң бұрынғы мәдени және әлеуметтiк мұраларынан айрылмай, салт-дәстүрлерiн және өмiр тұрмыстарын ұзақ жылдар бойы сақтай бiлген. Арабтар қоластында Таяу Шығыстың iрi қалалары: Дамаск, Александрия, Кордова тәрiздес қалалық орталықтар өз тiршiлiктерiн жалғастырумен қатар, Бағдат және Каир (Х-ХI ғ.ғ.) сияқты бiлiм ордаларына айналды.

Таяу Шығыстағы орта ғасыр мәдениетi және ағарту iсi, сауда-саттық пен қолөнерi дамып, үлкен қалаларда шоғырланған. Халифат мәдениетiн (арабтардың құрған мемлекеттiң басында халифтер – Мұхамед пайғамбардың iзбасарлары тұрды) мұсылман мемлекеттерiнiң халықтары, яғни арабтармен қатар парсылар, түрiктер, тәжiктер, сириялықтар және басқа жұрттар бiрге таратып, дамытуға үлес қосты.

Үндістаннан Испанияға дейiнгi кең аумақта арабтардың әдеби тiлi, мәдени мұралары, дүниетанымдық әдiс-амалдары сақталып, ислам дiнiнiң тұрақтануына жағдай жасалды. Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттерде бiлiм жүйесi де бiркелкi болды.

Араб қалаларының (Мекке, Медина, Йемен, т.б.) халықтары исламға дейiнгi кезеңде балаларды оқытып, хат танытқан. Мысалы, III-IҮ ғ.ғ. арамей әлiппелерiнiң негiзiнде араб жазуы пайда болған. Сирия, Египет, Месопотамия және Иранды арабтар басып алғаннан соң (ҮII ғ.) мұсылмандық жалпы бiлiм беретiн мекемелер-медреселер құрылды. Олар халықтың хат тануына, исламның таралуына ұйытқы болатын басты құрал болатын. Араб тiлдi мектептер ҮII ғасырдың соңында мемлекет қажеттiгiн өтеу мақсатында бiлiмдi шенеунiктер дайындауға кiрiстi. Осы мезгiлден бастап барлық құжаттар грек немесе арамей тiлдерiнде емес, араб тiлiнде дайындалатын болды.

Көп жағдайда оқу үрдiсi мешiттер жанында, кейде үйде немесе тапшанда ұйымдастырылып, құранды оқуға, жазу мен есеп-шотқа машықтандырумен бiрге араб тiлi мен грамматикасын, әдебиетiн оқытуға да бiрсыпыра уақыт бөлiнетiн болды. Шәкiрттер аптасына алты күн оқып, жұма күнi жұма намазға қатысқан. Сейсенбi мен сәрсенбi күндерi ертеңгiлiк мезгiлде өткен сабақтарын қайталаған. Ал, сабақтан тыс мейрамды күндерi, оқушылардың мектепке келетiн мезгiлiн мұғалiмнiң өзi белгiлеп отырған.

Оқыту әдiстерiнiң негiзi – оқу және дiни мәтiндерiн жаттау, сонымен бiрге мұғалiмнiң дауыстап оқығанын жазып алу болатын.

Жасы үлкен оқушы, өзiнен кiшi оқушыны оқытуға көмектесуге тиiстi болған, бiрақ ересек оқушы тарапынан қатыгездiк болмасын деген ниетпен оны аракiдiк ауыстырып отыру жөн деп есептеген.

Оқушылардың танымдық қызметiн дамытудың жолдарын көрсеткен Араб философиясының негiзiн қалаған Әбу Юсуп Якуббен Исхан Кинди (шамамен 800-879 ж.ж.) Әр түрлi бiлiм салаларынан 200-ден астам шығармалар жазған, олардың iшiнде педагогикалық мәселелер де қарастырылған. Ақылды дамыту iлiмi төрт түрге, яғни өзектi ойлау, шама-шарықты ойлау, қысқа ойлау және айқындала бастаған ақыл-ойлар деп бөлінген.

Киндидiң дәлелдеуiнше, ғылым дiннен жоғары тұрғандықтан, балаларды тәрбиелеу үрдiсiнде бiлiм, өмiрге зор сенiмдiлiкпен қарауға, яғни жоғары интеллектiнi қалыптастыруға талпындыруы керек. Өйткенi жоғары бiлiмдiлiк адамды адамгершiлiк тұрғыдан өзiн-өзi жетiлдiруге, өз iс-әрекеттерiн басқара бiлуге үйретедi. Адамның алдына қойған мақсатын орындау, еңбектiң нәтижесiн көрудегi басты құрал – ақыл-ой парасаттылығы деп санаған. Кейiнiрек, оның айтқан ақыл-ойды дамыту идеясы Еуропа философы Р.Бэконның теориясында (ХIII ғ.) дамытылады.

Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды. Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оның педагогикалық ойының мәнi – мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.

Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан.

Бастауыш мектептегі оқушылардың көпшiлiгi саудагерлер мен қолөнершiлердiң және орташа шаруашылық иелерiнiң балалары болған. Ал ақсүйектердiң балаларын үйлерiнде мұғалiм жалдап оқытқан. Үйдегi бiлiм бағдарламаларында құран, намаз оқуға, жазу мен есеп-шотты игерумен қатар, грамматиканы, әдебиеттi (өлең құрастыру, мазмұнды хат жаза бiлу), тарихты оқыту, өзiн ұстай бiлуге үйрету, дене және әскери жаттығуларды (жүзу, атқа мiну, садақ ату, т.б.) меңгерту қарастырылған.

Орта ғасырдағы ақсүйектердiң тәрбие мұраты орта ғасыр Еуропа рыцарлық мәдениетiне ықпалын тигiздi.

Үй жағдайында бiлiм беру қажеттiлiгi мен сұранысына орай орта ғасырдағы Таяу Шығыс ойшылдары мән-мағыналы, бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оқушыларға жас ерекшелiктерiне қарай нақты тәрбие беру оларды жалықтырмау, уақытын үнемдей бiлуге, сабақта тапсырманы баланың бұрынғы бiлiмiн ескерiп, берудi талап еттi. Мектепте оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу, бiлiм берудегi жаңа мәлiметтер арқылы баланың одан әрi оқуға ынтасын арттыру керек болды. Алайда, жақсы оқығаны үшiн ата-анасының марапаттай беруi баланы жалқаулыққа, жағымсыз қылықтарға бейiмдейтiнiн ескертедi.

Орта ғасырда жастарды адамгершiлiкке тәрбиелеу ерекше орын алды. ХI ғасырдың әйгiлi ойшылы Әбу Хамид Әл-Газали (1058-1111 ғ.ғ.) баланы кiшкентай кезiнен бастап мейiрiмдiлiкке, имандылыққа, сенiмдiлiкке, адалдыққа, алдамауға тәрбиелеу қажет деп санады. Жас баланы дастархан басында өзiн ұстай бiлуге тәрбиелеу, жеткiншектердi қатты кереуетке ұйықтауға дағдыландыру, оның денесiн шынықтыру, баланың мiнез-құлқын тәрбиелеу, ата-аналар назарынан тыс қалмауы керектiгiн ерекше атап өттi. Газалидiң пiкiрi бойынша, адамгершiлiк қасиеттер басты екi тәрбие әдiстерi негiзiнде – үлгi-өнеге, өзiн-өзi тәрбиелеу арқылы қалыптасады.

Ата-аналар балаларының кiмдермен достық қарым-қатынас жасайтынын бiлуге тиiс, олар оқитын кiтаптарда адамгершiлiк мұратқа қайшы келмейтiн материалдар iрiктелiп алынуы керек. Жеткiншектiң ақыл-есi дами келе оны өзiн-өзi тәрбиелеуге бейiмдеу, қоршаған ортаны өздiгiнен бақылауға, өзiн-өзi тануға талпындыру қажет.

Баланың бойындағы жағымсыз қылықтарды жоюда, оның себеп-салдарын бiлу, егерде оқушының мiнез-құлқында қиқарлық болса, оны басқа әдет-дағдымен алмастырып, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу керек.

Әл-Газали оқушыны жазалау мәселесiне келгенде ұстамдылық көрсетудi талап етiп, мүмкiндiгiнше жазалауға бара бермей, оның сенiмiне ықпал жасау керек екенін айтады, әйтпесе тәрбие iсiнде ақыл айта беру баланы мезi қылатынын ескертеді. Тіпті бала тәртiп бұзғанның өзiнде, басқалардың көзiнше оның абыройын түсiрмеу жөнiнде кеңес бередi.

Оқушының жүрiс-тұрысына, қылықтарына мұғалiм жауап бередi. Бiр ата-ананың жазғанындай: ''Менiң балаларымның тәрбиесiнде мұғалiмнiң дербес тәрбиесi күштi болса, орта ғасырлық мұсылман педагогтары айтқандай бiлiмi тәрбиелiгiмен сипатталар едi''. Өйткенi, бiлiм тәрбиелiлікпен ұштаспаса, адам жан-тәнсiз ешкiмге қажетi жоқ дегендi айтады.

Бiлiм берудiң орта және жоғары сатысында дәрiс беру мешiттерде намаз оқудан кейiн, күннiң бiрiншi жартысында жүргiзiлген, көптеген сыныптарда шамамен жүздеген баладан мыңға жуық оқушылар бiлiм алған. Сабақ жерде кiлем үстiнде берiлген, оқушылар мұғалiмдi қоршай отырған. Кей уақытта сабақ оқытушының үйiнде немесе кiтапханада өткiзiлген.

Пәндердi оқыту мазмұны жағынан екi топқа: дәстүрлi және бiлiм беруге бағытталған (рационалды) болып бөлiнедi. Бiрiншi топқа дiни пәндер: Құранды талқылау, Мұхаммед пайғамбардың өмiрi туралы ауызша әңгiме, мұсылмандық құқық, құдайға табыну, сонымен бiрге араб филологиясы (грамматика, өлең құрастыру, әдебиеттану) және мәнерлеп сөйлеу жатқан.

Ал, екiншi топқа кiрген пәндерде: логика, математика, астрономия, медицина және басқа жаратылыстану пәндерiнен бiлiм берумен бiрге, философиялық тұжырымдамалар, әсiресе Аристотельден бастап белгiлi араб философтарының (IХ-ХII ғғ.) еңбектерi талданып отырған.

Оқушылар оқытушының басшылығымен ең атақты шығармаларды философия пәнi бойынша талдағанда немесе оқушы дауыстап оқығанда, оқытушы мәтiндерге назар аударып әңгiмелесу әдiсi арқылы түсiндiрiп, кейде дәрiске айналдырып оқығанда балалар конспект жазып отырған.

Сабақтың соңында өткен оқу материалдары бойынша оқытушы қосымша сұрақтар қойып, оқу материалдарының меңгерiлуiн айқындаған. Оқушылардың оқытушыға сұрақ қоюы, сабақ өз нәтижесiне жетуін көрсетеді деп саналған. Оқушылар курсты бiтiргеннен кейiн оқытушыларынан куәлiк алып, оқыған пәнiнен сабақ беру құқығын иеленген. Кейбiр оқушылар он шақты куәлiктерге иегер болып, Араб халифаты мектептерiнде оқытушылар мiндетiн атқарған.

Халық арасында бiлiм таратуда көптеген кiтапханалар қызмет жасаған, IХ-Х ғ.ғ. ''Ақыл үйi'', ''Бiлiм үйi'' оқу-тәрбие орындары ұйымдастырылған, олар оқу, аударма және ғылыми орталықтарына айналған. Х ғасырдың орта шенiнен бастап Орталық Азия мен Солтүстiк Иранда жоғары оқу орындары - медреселер ашылып (ХI-ХIII ғ.ғ.), бүкiл Таяу Шығысқа тарады. Соның iшiндегi ең iрiсi – Низамийя медресесiн Бағдатта 1067 жылы белгiлi саяси қайраткер Низам аль-Мулк ашқан.

Медреседе тыңдаушылар жатақ орынмен, азық-түлiкпен қамтамасыз етiлiп, оларға ай сайын ақшалай жәрдемақы берiлумен қатар оқытушылары да еңбекақы алып отырған. Медреседе дәстүрлi ғылымдарды оқытумен бiрге мұсылман құқығы бойынша шариғат талабын орындауға ерекше назар аударылған.

Таяу және Орта Шығыстағы орта ғасыр ғалым-энциклопедисi болған, этикалық және әлеуметтiк-қоғамдық көзқарасымен танымал Насыраддин Туси (1201-1274 ж.ж.) өзiнiң ''Насыр этикасы'' еңбегiнде этикалық категорияларға кең сипаттама бередi.

Адамгершiлiк категориялары жайлы айтқанда әр адам ұнатқан ғылымын меңгеру үстiнде өзiнiң теориялық бiлiмiн жетiлдiрiп, соның негiзiнде өзiн-өзi ұстай бiлу, батылдық, ақылдылық, шыншылдық, адалдық, мейiрiмдiлiк, жанашырлық үлгi-өнегесiн көрсетiп отыруы тиiс деген.

Белгiлi араб ойшылы Насыраддин Туси ''Бiлiм жолындағы оқушыға кеңес және оқушыны тәрбиелеу жайлы'' трактаттарында кең бағалы педагогикалық идеяларды ұсынған.

Бiрiншi трактатында ол шәкiрттердiң адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырудағы мақсат: ұстамдылық, сенiмдiлiк, көмек көрсету және достық iлтипат, адалдық, жомарттық, жұмсақтық, мейiрiмдiлiк, имандылық, нақтылық, т.б. қасиеттердi тәрбиелеу болатынын түсiндiредi. Аталған қасиеттердiң iшiндегi ең негiзгiсi ақыл-ой тәрбиесi, ал жоғарыда жiктелген тәрбиелiк қасиеттер баланың бойында табылса, онда толық жетiлген адам деп санауға болады.

Сонымен бiрге екiншi трактатында балаларда кездесетiн адамгершiлiкке жат қылықтардың: сараңдық, ашушаңдық, кекшiлдiк, өсекшiлдiк, қызғаншақтық және ұшқалақтық сияқты жеті түрiне сипаттама бередi.

Балаға дұрыс бағдар берiп, жаман қылықтардан құтылуға өздерi күш салғанда ғана биiк адамгершiлiк мiнездердi тәрбиелеуге болатындығын айтады.

Насыреддин көтерген педагогикалық мәселелерiнiң бiрi – мұғалiм мен оқушының өзара қарым-қатынасы. Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмi негiзiнде көлемдi тәжiрибе жинақтап, бiлiм алудың жолын үйренiп, бiлiм жинақтайды. Түсiндiрген бiлiмдi қабылдаған соң оны қайталап, есiнде сақтаса, игерген бiлiмiн одан әрi өздiгiнен толықтырса, бiлiмдар болумен қатар тәрбиелi адамдар қатарына қосылатынын айтады.

Мұғалiмнiң педагогикалық шеберлiгiн арттыру мәселесi де белгiлi философ-ағартушының назарынан тыс қалмаған. Мұғалiмге қойылатын басты талаптар: пiкiр-таласты туғыза бiлу, оқушылардың айтар ойларын тиянақты, жалтартпайтын қағидалармен дәлелдей бiлуге үйрету, тiлдiң тазалығы, пән мазмұнының ерекшелiгiн тани бiлуге дағдыландыру. Мұғалiм балалардың сөзiн бөлмеу, сөйлегенде асықпай, сенiмдi, қисынды сөйлеуi және педагогикалық әр жағдайда дауысты көтерiңкi, кейде басыңқы түрде қолдануы керек. Сонымен қатар Туси мұғалiм: “… сөйлеген сөздерiнде тек өмiр фактiлерiне арқа сүйеп, халық арасында кең тараған мақал-мәтелдердi, шешендiк сөздердi, аңыздарды пайдаланып отыруы тәрбие жұмысына көп нәтиже берген болар едi”, - дейдi.

Белгiлi араб ғалымы Ибн Халдун (XIII-XIV ғ.ғ.) ғылымға бет бұрған адамдарға байсалдылық, бәрiн ақылмен шешу, есте сақтау қабiлетiн ұштау, күнделiктi ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тыңғылықты айналысу керектiгiн айтады. Оның түсiнiгiнше ғылыми бiлiм – ұзақ жаттығу арқылы ғана жинақталады, ғылыми iзденiстi жүргiзуге дағдылану барысында қаланады дегендi айтады.

Ибн Халдунның пiкiрi бойынша медресеге келген бала құраннан үзiндi оқығаннан гөрi, араб тiлi мен әдебиетiн игерсiн, жатық оқуға төселгеннен кейiн ғана құран аяттарын талдауға қатыстырылуы тиімді. Себебi, оқуды жаңа бастаған бала құранның аяттарындағы ұғым-түсiнiктердi жете түсiне алмайды. Бұл мұсылман елдерiнде қалыптасқан оқу жүйесiндегi батыл қадам едi. Ибн Халдун балаларды қатал жазалауға қарсы болды, қорқыту, баланың талап-тiлегiн басып тастау оны өтiрiк айтуға, қулыққа бейiмделуге итермелейдi. Мұғалiм пәндi әдiстемелiк жағынан түсiндiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Оқушының бiр пәндi меңгерудегi әдiс-тәсiлдерiн екiншi пәндердi оқығанда одан әрi жетiлдiруге ұйытқы болады, оқу материалын бiр-бiрiне ұштастыра бiлуге дағдыландыруы ой-санасын дамытады. Оқытудың бастауыш мектебiнде әдебиетпен қатар балаларды есеп-шотқа үйрету, бiртiндеп арифметиканы, алгебра мен геометрияны оқыту қажет. Ибн Халдун математика ғылымын ерекше бағалаған, ол математика өзiнiң логикалық құрылымына сай жастардың интеллектiсiн дамытады, шындықты мойындауға, өзiн тәртiптi ұстай бiлуге тәрбиелейдi дегендi айтады.





Дата публикования: 2015-03-29; Прочитано: 1985 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...