Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ATM over ADSL жабдығына салыстырмалы талдау жасау



Нарықта ATM over ADSL жабдығының құралдарына байланысты, берілген жобаны іске асыру үшін неғұрлым сәйкес келетін Alcatel және Cisco Systems компаниясының мүмкін болатын екі нұсқаны қарастырамыз. Фирманың жобалауға керек ATM over ADSL жабдықтары, аппараттық және бағдарламалық құралдарының мүмкін болатын нұсқалары:

1 нұсқа–ATM over ADSL мультиплексорлары ASAM 1000 және Alcatel фирмасының абоненттік жабдықтары;

2 нұсқа–Cisco 61хх / 62xx сериялы мультиплексорлары және Cisco Systems компаниясының ATM over ADSL модемдері.

Бұл жүйелерді салыстыру келесі көрсеткіштер бойынша іске асады:

Құны;

Сенімділігі;

Эксплуатациядағы жеңілдігі;

Таралатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру;

Жабдықты басқарудың ыңғайлылығы;

бриджинг / бағдарғылау функциясын іске асыру;

Мультихаттамалық; әртүрлі желілік интерфейстерді демеу;

ATM over ADSL жүйесінің санды таралу мүмкіндігі;

Деректердің бейімделуі ASAM / DSLAM; деректер таратуды басқару;

Компанияның жарнамалық саясаты.

ИТӘ әдісімен қойылған есептерді шешу (жүйені таңдау) бірнеше кезеңнен тұрады:

Сурет – 13 Тапсырманың иерархиялық үлгіде ұсынылуы

Жабдықты таңдау

Берілген жобаны іске асыруда, ATM over ADSL жабдығының нарығында алдыңғы орынды алатын Alcatel фирмасының аппараттық және бағдарламалық құралдарын қолдану шешімі қабылданды.

Қажеткерлердің біздің алдымызға қоятын тапсырмасын тиімді жолмен шешу үшін және жобаны ары қарай алып кету үшін, бүгінгі күні Қазақстан нарығында Alcatel компаниясы All-in-One концепциясын жасап шығарды. Оның мәні, қажеткерге кәсіптік жоспарды жасауға кеңес беруден басталып, жабдықты алып жүрумен және эксплуатация үрдісінде басқару жүйесімен аяқталынуда, қызметтің комплексті дестесінің ұсынылуымен бекітіледі.

ATM over ADSL жүйесі екі бөліктен тұрады: біріншісі (АТС жағында) ASAM деп аталынады, (ATM Subscriber Access Multiplexer – абоненттік қатынас құрудың ATM-мультиплексоры), ал екіншісі (абонент жағында) – (CPE Customer Premises Equipment – қажеткер ғимаратындағы жабдық). CPE, өз кезегінде, өзіне PS (POTS Splitter - ажыратқыш) және ANT (ATM over ADSL Network Termination (unit) - (блок) желілік ATM over ADSL-аяқталу) қосады.

Жеке пайдаланушылар үшін Speed Touch PC (PC NIC) отбасының ішкі модемдері орнатылады;

SOHO абоненттері үшін Интернетке қатынас құру Speed Touch Home отбасылық ATM over ADSL модемдерін қолданумен ұйымдастырылады;

Жергілікті желілер Speed Touch Pro жанұясына ATM over ADSL модемдерінің қосылуы көмегімен іске асады;

Қатынас құру элементтерін басқару AWS (ATM over ADSL Work Station) деп аталынатын арқылы шалғай объект арқылы және SNMP хаттамалары арқылы іске асады.

ASAM жабдығы SDH көліктік желісіне орнатылып қойған АТМ - STM-1 арнасы арқылы қажеткер коммутаторына қосылады. Қатынас құру мультиплексоры жеке абоненттік құрылғылардан ұяшықтар ағынын қабылдайды және "кiрушi" бағытта болашақта тасымалдануын мультиплексирлейді. Одан соң, АТМ-коммутаторлар әрбір ағынды өз белгілену орнына бағыттайды. Қай станса жiберушiге генерирленуiне байланысты, қай түрде дестелердi қалпына келтiрудi магистралды бағдарғылауыш немесе Internet-провайдер желiсiне немесе корпоративтi желiнiң кiрiсiне орнатылған шалғай қатынас құру серверi (RAS) iске асырады. Көрсетiлген кұрылғы пайдаланушы курылғысымен белсендiрiлген қолданылған хаттамалар стегiндегi инкапсулялық деңгей терминделедi, содан соң мекен-жайларға қалпына келтiрiлген дестелердi бағыттайды. Сонымен қатар, пайдаланушы идентификациясы, IP-мекен-жайларды меншіктеу және желілік ресурстардың қолданылу дәрежесін өзгерту олардың міндеттеріне жиі кірмейді. Интернет ауқымды желісіне шығу, АТМ – коммутаторға STM-1 ағыны арқылы қосылатын Х.1000 (A7410) қатынас құру сервері арқылы іске асады.

Осы әдіспен, қатынас құру желісіне орналастырылатын жабдықтар жайлы жалпы мәлімет 2.6-ші кестеде көрсетіледі.

All-in-One шегінде қажеткер интегрирлі ауқымды компаниялардың біреуімен байланысады. Демеу қызметі бүкіл дүние жүзі бойынша бірдей деңгейдегі сервис ұсынады. Сонымен қатар, әрбір елде оған қатынас құру үшін бір ғана телефон нөмірі бар.

All-in-One қызметінің толық дестесіне жоспарлау мен жасап шығару, даму, эксплуатация және жүйені демеу кіреді. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін Alcatel – де сәйкес келетін қызметтер жасалынған. Ендіру кезінде жоспарлау мен жасап шығару қызметі, қажеткердің желісі мен коммуникациялық жүйесінің пайдалылығы және тиімділігі максималды белсендірілген коммуникациялық жүйесінің эксперименттік бағалауын жүргізеді және жасалынатын жобаның типін анықтайды.

Кесте -3.

Қатынас құру желісіне орналастырылатын жабдықтар жайлы жалпы мәлімет

  Сипаты
Аппараттық бөлімі
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – оператор жабдығы
  Таған ETSI UT-9 2200mm 48VDC version 3SR
  Платы
  SDH-NT STM-1, SVC
  Alarm Control Unit
  Line board - EUR variant
  Passive POTS splitter 600 ohm
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – қажеткер жабдығы
  Speed Touch PC (PC NIC) модемі
  Speed Touch Home модемі
  Speed Touch Pro модемі
ATM over ADSL негізгі конфигурациясы – кәбілдер
  Cable MDF-ASAM 24 pair 25 meter
  Fiber and connectors SDH-NT to network
ATM over ADSL желісін басқару жүйесі
  Oracle сервері V7.3.2.2.0 RTU (8 conc. users)
  ПО NM Expert 1390 Management SW (inclusive Dataview graphical interface)
  AWS License fee per user (including MIB fee) лицензиясы
Интернетке қатынас құру жабдығы
  Жүйелік блоктар мен платалар
  X1000 shelf (includes fan, clock and alarm modules).
  Power Supply 500 Watts DC.
  System Control Module, Model 120.
  3 WAN + 1 Ethernet
  Digital Modem Server 84 channels.
  Digital Modem Server 84 channels.
3 – кестенің жалғасы
  ATM Line Interface with single OC-3 Single mode IH port.
  DC Fuse Panel (Hendry).
  Switch Software, Release 2.2.

Ол сонымен қатар, оның қызметкерінің оқуын және жоғары технологиялық жүйені орнату орнында алып жүруде мамандандырылған көмекті қарастырады. Эксплуатация қызметі тез арада әсер ету режимінде жұмыс істейді және қажеткерге жүйелер мен желілерге қызмет көрсету үрдісінде техникалық тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Демеу қызметі техникалық сипаттағы мәселелер туындаған кезде эксперттік көмек ұсынады. Эксперттер оперативті диагностика негізінде ауыстыру жөнінде шешім қабылдайды, мысалы, егер, инфрақұрылым апатты жағдайлардан азап шексе - өрттен, су тасқынынан, және т.б. жағдайлар кесірінен компонент немесе барлық коммуникациялық жүйе бас тартса.

ATM over ADSL-желісін құру кезіндегі мән аппараттық және бағдарламалық құралдармен дұрыс үйлесімде болады. Alcatel толықфункционалды жабдықтар жиынымен ресурстарды басқару платформасын ұсынады. Бұл платформа өзіне желіні және сервисті басқарудың техникалық тапсырмаларын шешетін аспаптық құрылғылардың жиынын қосады.

ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі

ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі абоненттік есулі қоссым мен көліктік технология модемін (ATM over ADSL-модемдермен) байланыстыруды қамтамасыздандыруға аса қажет, сигналды өңдеудің және модуляцияның қазіргі заманғы әдісін іске асыру үшін қажет. Мұндай модемдік технологияның негізіне ASAM –ға ОO жағынан және ANT немесе PC-NIC-қа абонент жағынан интегрирленген, DMT-модуляция Discrete Multi-Tone - дискретті көп турлi (модуляция) жатады.

ASAM мультиплексорларының модемдік интерфейстеріне PS негізделген. Ол ATM over ADSL және POTS жиіліктік сигналдары мен домендері үшін, өзімен бірге тығыздану және сиреу құралдарын ұсынады. PS құралдары бөліктелініп, сондай-ақ абонент бөлмесіндегі аппаратуралар бөлігі ретінде де қолданылады.

Қатынас құру желілерінің элементтерін басқару SNMP (Simple Network Management Protocol– желіні басқарудың қарапайым хаттамасы) хаттамалары және AWS (ASAM WorkStation–жұмыс стансасы) деп аталынатын орталықтандырылған басқару обектілері арқылы іске асырылады. AWS және желіге қатынас құру элементтерінің арасындағы дерек алмасу администрлеуге арналған ерекшелінген байланыс арқылы іске асырылады.

ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесі, ОO-пен сияқты, төзімді блоктармен де жұмыс істей алады. Төзімді ASAM-жабдығы тіректі АТМ-желісіне үздіксіз қосылуы мүмкін, немесе, PDH-интерфейсі (DS3/Е3) арқылы ОO-тегі ASAM мультиплексорына каскадирленген болуы мүмкін.

ASAM сәулеті

ATM over ADSL-қатынас құру ішжүйесінде ASAM, CO жағына орналасады. Есулі қоссым бойынша және ASAM аппаратурасы арқылы әрбір абонент кеңжолақты (BB) желіге және таржолақты (NB Narrow Band - таржолақты) телефон стансасына қосылады. Жалпы жағдайда, ASAM мультиплексоры, әртүрлі абоненттерден келіп түскен деректерді ATM-қалыпқа түрлендіреді. Осындай бейімделудің нәтижесінде алынған ATM-ұяшықтар, бір ақпараттық ағынға нығыздалынады және BB-ATM желісіне қосылған көліктік жүйеге бағытталынады. BB-ATM желісінен түскен ATM-ұяшықтар, VPI/VCI (Virtual Path Identifier - виртуалды жолдардың идентификаторы, Virtual Channel Identifier - виртуалды арналардың идентификаторы) идентификаторларымен сәйкес сирейді және сыртқы қызмет интерфейсінде өзінің бастапқы қалпына тасымалданады.

Одан басқа, ASAM өзінің дұрыс жұмысын қамтамасыздандыратын, OAM функциясын орындайды.

Негізгі ASAM функцияларына келесілер жатады:

- жалпы белгілеу функциялары;

- тығыздалу/сиреу;

- басқару (OAM);

- NT-функциялары;

- TБ (терминалдық бейімделу)-функциялары;

- тарамдану функциялары (PS);

- электрмен қоректену функциялары.

Мультиплексорды қоректендіру

ASAM мультиплексорын қоректендіру, станса көзінен -48 немесе -60 В –қа қоректендіру арқылы іске асырылады.

ADLT-платасы

ADLT-платасы өзімен бірге, A1000 ATM over ADSL жүйесіне арналып жасалынған қондырмалы блокты ұсынады.

Бұл платаның, LT немесе порттың 4 тәуелсіз, сызықты ATM over ADSL-аяқталуы бар. Осы порттардың әрқайсысы қарапайым UPT (Unshielded Twisted-Pair – экрандалмаған есулі қоссым) кәбілімен ANT-ға екіжақты қатынас құруды қамтамасыздандыру арқылы іске асырылады.

Әрбір порт үшін ADLT-платасы, ATM-ұяшықтарды VPI/VCI –ға негізделініп олардың ағынынан шығарады немесе оларды осы ағынға қояды.

Берілген функциядан басқа, ADLT-платасының терминалды бейімдеуі сонымен қатар, сызықтық аяқталу ретінде, өзінің желілік бақылау функцияларын орындайды.

Желілік аяқталу

Желілік аяқталу SANT (Synchronous ATM Network Termination – синхронды желілік ATM-аяқталу) D (SANT-D) нұсқасында желілік көліктік жүйені A1000 ATM over ADSL жүйесіне қосады және физикалық және ATM-деңгейлермен байланысты функцияларды орындайды.

Желілік санды көліктік жүйе 155,52 Мбит/с (SDH STM1/SONET OC3c) жылдамдығымен сипатталынады.

ASAM SANT-D мультиплексорында SDH/SONET - 155,52 Мбит/с ақпараттық ағын үшін желілік аяқталу болып табылады. Ол IQ құрсымына деректер таратудың санды жүйесі бойынша тасымалданатын ATM-ұяшықтарға бейімделуді жүргізеді. Сонымен қатар, SANT-D желілік аяқталуда ASAM жабдығына техникалық көмек көрсету мен эксплуатацияға аса қажет функциялар қарастырылған.

SANT-D желілік аяқталу, IQ құрсымының кеңеюін қамтамасыздандырады.

1 желілік аяқталу үшін SANT-D және ADSE А нұсқасының (ADSE-A) 11 кеңейткішін он екі субстантивтермен басқаруға болады. (12 субстантив x 12 LT x 4 желі = 576 желі).

Физикалық желілік аяқталу IQ құрсымына орналасқан жағынан ASAM мультиплексорының стативіне SANT-D қондырмалы баспа платасында (екілік еуропалақ) орындалған.

IQ құрсымы

IQ құрсымы NT мен сызықты интерфейс арасында деректер алмасуды басқаруды қамтамасыздандырады, яғни, олардың арасындағы биттік ағындарды тығыздайтын және сирететін құрылғы болып табылады. IQ SANT-D немесе ADSE-A және ADLT(ATM over ADSL Line Termination - сызықты ATM over ADSL-аяқталу) арасындағы құрылымдық құрсым болып табылады.

IQ құрсымында, деректерді тура және кері арна бойынша бағыттау үшін синхронизатор және басқару сигналдарының жолдары болады. Интерфейстің деректер тарату жылдамдығы 155 Мбит/с-ты құрайды.

Тура және кері бағытта көліктендіру 54 байттан тұратын фреймдермен жіберілетін ATM-ұяшықтардың көмегімен іске асырылады.

Тура және кері бағыттағы сәлемдемелер 8-битті деректер таситын бөлек құрсымдармен жіберіледі.

Физикалық түрде IQ BPA-ға құрсым түрінде орындалған (Backpanel Printed board Assembly - печатная плата задней панели) және жүйелік плата ретінде ATM over ADSL-стативаларға стационарлы бекітілген. SANT-D платалары немесе ADSE-A, ADLT және AACU, BPA ағытпаларына қойылады. IQ құрсымына сәйкес олардың өзара байланысуы іске асады.

Терминалдық бейімделу

ADLT, SANT-D-тан алынған және абонентке арналған ATM-ұяшықтардың түрленуін DMT-модулденген сигналдарына және керісінше жүргізеді, және соған орай, физическалық ATM-деңгейлермен жұмыс істейді.

Физикалық ADLT-функциясы 4 ADLT-порты бар (4 абоненттік байланыс) бір баспа платасында жасалынады. Бұл плата ATM over ADSL-стативтің жүйелік платасына (IQ құрсымын жасайтын) қойылады.

Сонымен қатар, ADLT-платасына төрт ADLT-порттарына арналған басқару функциялары (OAM) жасалынған.

PS таратылуы

Абоненттік желіде (жергілікті АТС-тан келетін есулі қоссым бойынша) аналогтық POTS- және ATM over ADSL-сигналдары бір-біріне салынады, осыған орай, екі сигнал да жиіліктік мультиплексирленген болып табылады.

ASAM-ға ATM over ADSL- және POTS-сигналдары кері бағытта жүріп өткен кезде бөлінеді және арнайы фильтрлердің көмегімен, тура бағытта жүру кезінде бірігеді:

- POTS-сигналдары үшін мөлдір болып табылатын және ATM over ADSL-сигналдарын әлсірететін LPF (ТЖС);

- HPF (ЖЖС), ATM over ADSL-сигналдарының жолында типтік POTS-сигналдарынан барлық келеңсіздіктердің алдын алады (мысалы, нөмірді теру импульстерінен, тұрақты кернеуден және шақырылған жиіліктен).

Бұл арнаайы сүзгілер пассивті қолдану сияқты, активті сүзетін элементтермен жасалынуы мүмкін.

SANT-D платасы

SANT-D платасы деректер таратуды 155,52 Мбит/с жылдамдықпен санды SDH-жүйесіне оптикалық қатынас құруды қамтамасыздандырады және осы жүйеге екі бағыт бойынша IQ құрсымымен тасылатын ATM-ұяшықтардың бейімделуін іске асырады. Сонымен қатар, осы платада ASAM мультиплексорының эксплуатациялық және техникалық қамтамасыздандыруға аса қажетті функциялар қарастырылған.

IQ-интерфейсі

IQ-интерфейсі SANT-D және ADSE-A-ны ASAM-ның артқы платасымен байланыстырады және екі құрсымнан тұрады:

- тура бағыттағы жоғары жылдамдықты деректер таратуға (ATM-ұяшықтардың) арналған IQD құрсымдары;

- кері бағыттағы жоғары жылдамдықты деректер таратуға арналған IQU құрсымдары, (ATM-ұяшықтардың);

- IQU құрсымына қатынас құруды бақылауға арналған IQA (access) құрсымдары.

IQD және IQU құрсымдары әрқайсысында 5-октетті тақырыпшадан және 48-октетті ақпараттық алаңы бар ATM-ұяшықтардың көліктендірілуін қамтамасыздандырады. Сонымен қатар, әрбір ұяшықтың алдында бір "бос" октет болады. SANT-D ATM-ұяшықтардың 54-октетті слоттарға инкапсуляциясын жүргізеді және IQ құрсымына қатынас құруды қамтамасыздандырады. 155,52 Мбит/с жылдамдықтың 152,64 Мбит/с (=53/54 155,52-тан Мбит/с)-қа бейімделуі толтырылмаған ұяшықтарды өшірумен іске асады. Бұл VC-4-тегі нақтылы ATM-ұяшықтардың максималды жылдамдығының 149,76 Мбит/с (= 26/27 от 155,52 Мбит/с) шамасымен шектелгендігінен болуы мүмкін.

IQA құрсымы кері арнамен интерфейске қатынас құруды бақылау үшін арналған. Ол кері арна құрсымындағы "келіспеушіліктерден" қашуға мүмкіндік береді және бір уақытта әртүрлі LT-объектілерге қатынас құру үшін әртүрлі деңгейлердің артықшылықтарын енгізуге мүмкіндік ереді.

BPA жүйелік платасы

BPA (жүйелік платаның түйіні) өзімен бірге ATM over ADSL-жабдығының стативі жағынан стационарлы бекітілген баспа платасын ұсынады.

Жүйелік платаның негізгі функциялары болып:

- SANT-D немесе ADSE-A-ны ADLT-порттармен және AACU-пен байланысын қамтамасыздандыратын IQ құрсымын қалыптандыру;

- AACU үшін сыртқы интерфейстік байланыстарды қамтамасыздандыру;

- (минус) 48 В қоректендірілетін стансалық құрсымдарды барлық белсенді блоктарға қосу.

Көліктік жүйе

Деректер тасымалдаудың қызметтері мен жылдамдықтары

Көліктік ATM over ADSL – жүйесі ешқандай қайталауыштарсыз, бірдей есулі қоссым бойынша екі жақты байланысуды қамтамасыздандырады.

ATM over ADSL-жүйесіне DMT-технология мен ATM- тарату режімі біріктірілген.

Мұндай бірігудің ақыры болып:

- Трафик сипаттарымен және әртүрлі өткізу жолақтарымен сипатталатын, және DMT-модемнен алуға болатын физикалық жылдамдықты максимумға дейін жеткізуге болатын әртүрлі қызметтердің тиімді сәйкестігін қамтамасыздандыру мүмкіндігі.

- Модемді инициализациялау үрдісінде максималды физикалық жылдамдықты автоматты түрде анықтау (шу деңгейінің берілген шегін ескергендегі мәні). Бұл жағдайда, қызмет көрсетуді басқару жүйесі, қажеткердің қызмет көрсету профилінен тәуелді сызықты жылдамдықтың дұрыс шамасын, шудың оптималды деңгейіне шыға отырып немесе деректер тарату жылдамдығының қуатын минимумға дейін әкеліп, тапсырады, мысалы, максималды жылдамдықты неғұрлым жоғары бағада ұсына отырып немесе кепілді жылдамдықты қамтамасыздандыра отырып. Деректерді тарату жылдамдығы, физикалық максималды ықтималдыққа әкеле отырып, сызықты заң бойынша таңдауы, сондай-ақ оларды әрбір жеке пайдаланушыға тапсыруы мүмкін.

- DMT мен ATM технологияларын аралас қолдану, жүйеге инициалданады және желінің тұрақсыз жұмыс істеу жағдайында өте төмен жылдамдықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жүйені басқару жүйесін хабардар ете отырып, келісілген сенімділік себебі бойынша, жүйе тіпті жайсыз шарттарға да инициалданады. Бұл жағдайда оператор ATM over ADSL-параметрлерді көшіруі және қажет шараларды қолануы мүмкін.

- ATM-ұяшықтардың жылдамдықтарын шешу (толтырылмаған немесе анықталмаған ұяшықтарды орнына қою немесе шығару жолымен), ATM over ADSL-байланысуға кез-келген жылдамдықта деректер таратуды максималды жылдамдықтарда іске асырады.

ATM over ADSL-жүйесінің санды берілу қабілеті:

- тура бағыттағы жылдамдық 0,25-тен 8,0 Мбит/с-ке дейін түрлендірілуі, сонымен қатар, сатылық параметр 32 Кбит/с-ке тең;

- кері бағыттағы жылдамдық 35 Кбит/с-тан 1 Мбит/с-қа дейін түрлендірілуі, сонымен қатар, ол демелінетін екі жақты қызмет пен шлейф сипатынан тәуелді.

ANT-ты функционалды сипаттау

ANT-жабдығы абонент бөлмелеріне орналастырылады және абоненттік TЕ-ні кіріс абоненттік желісімен байланысқа түсуін (ATM over ADSL-сигнал берілетін есулі қоссыммен) қамтамасыздандырады.

Тура бағытта ANT блогы есулі қоссымға кіретін CO-дан келіп түскен ATM over ADSL-арнасындағы сигналдың (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар) аяғы болып табылады. Ол сигналды демодулдейді және ондағы абоненттік TE –ға бағытталуы мүмкін ATM-ұяшықтар мен санды биттік ағындарды түрлендіреді.

Кері бағытта ANT блогы ATM-ұяшықтардағы абоненттік TE-ден алынғандарды олардың ағынына қояды және кіріс абоненттік есулі қоссым бойынша CO-ға бағыттандырылатын ATM over ADSL-арнасының сигналын қалыптандырады (DMT-модулденген ATM-ұяшықтар).

Speed Touch отбасынан DSL модемдерінің 3 түрі бар:

Speed Touch PC-NIC – тұрғызылған модем (плата), негізінде жеке пайдаланушыларға бағдарланған. Point to Point (PPP) типінде байланысу

Speed Touch Home – сыртқы модем, жеке пайдаланушыларға бағдарланған сияқты, шағын сиымдылықтағы (small office, home office) LAN пайдаланушыларына да бағдарланған. оның тұрғызылған Ethernet порты бар, сондай-ақ “мөлдір көпір” (Bridge) функциясы орындалады.

Speed Touch Pro – ішкі модем, үлкен LAN пайдаланушыларына бағдарланған. Функциялары ST Home-ға ұқсас, сондай-ақ ол бағдарғылауыш (router) функцияларын да орындайды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 384 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.022 с)...