Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATM/SDH технология



Сандық абонент линиясы (xDSL) және ATM/SDH технология қазіргі кезде ең кеңінен таралған желілік технологияларына жатады. Бірақ кейбір өндірушілер ATM/SDH технологиясын қаламайды. Сонымен бірге xDSL технология дамып кележатыр және аппараттық өндірушілер оны өндіріп жатыр.

Бастапқы кезде (80 жылдардың соңында) аталған технологиялар әртүрлі еспетерді шығаруға арналған еді, сондықтан олар тәуелді дамыған. Бірақ олар барлық желілік анфрақұрылымдардың ішіне ене бастады және болашақты перспективалары көріне бастады, сондықтан ATM/SDH технология мен бірге xDSL технологиясы қосылу деген есеп қойылымы тұрғызылған.

Әртүрлі фирмалар жасаған техникалық материалдарда бұл қосылу біресе қолданады біресе қолданбайды. Талқыланатын нұсқаулардың бірі ол АТМ магистралімен DSL каналдырдың қосылуы және сандық абонент каналдарда асинхронды мен синхронды деректерді таратылуы. Сонда желімен 53 байттық АТМ ұяшықтар соңғы пайдаланушыға жетуі.

Желі ішінде ATM/ ережеде рұқсатқа келгенде, кәдімгі телефон линиясында тұрғызылған, әртүрлі xDSL технологиялардың ішінде бірінші орын Asymmetric Digital Subscriber Line (ADSL) технологиясына беріледі. Жәлі рұқсатының архитектурасына байланысты ATM/SDH over ADSL концепция тұрғызылған.

Бүгінгі күні кеңжолақты қызмет түрлеріне тек қана корпоративті пайдаланушылар ғана қатынас құра алады және де көбінесе өте жоғары бағада. Резиденттік (пәтерлік, үйлік) пайдаланушылар, сондай-ақ шағын бизнес өкілдері кабелдік модемдерді, оның ішінде 56 кбит/с модемдерін және xDSL модемдерін қосқанда барлығы, жақын уақыттары шығатын болашақ технологияның өрістеуін күтіп жүр. Жүйе операторларымен және Интернет серверін орнатушылармен (ISP), мыс абоненттік желінің өткізу қабілетін ұлғайту мәселесін, оптикалық талшықты қолданбай-ақ шешуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін, xDSL өнімдерінің бірнешеуі қолданылады.

ATM/SDH технология over ADSL технологиясын пайдаланып аумақ ішіндегі байланыс орнатуды қарастырамыз. Cауда орталығы – бұл ерекше комплекс. Ол қаладағы ең ірі сауда комплекстерінің бірі. Ғимарат негізгі үш қабаттан тұрады және көптеген бөлімшелер мен арнайы қызметтік бөлмелерді қамтиды. Ғимарат заманауи стильде тұрғызылған. Бұл ғимарат міндетті түрде Интернет желісіне қосылуы және сапалы байланыспен қамтамасыз етілуі тиіс. Ғимарат Шымкент қаласының орталығында орналасқан.

Аумақ ішіндегі жақын арада тұрғын үйлер орналасқандықтан оған барлық коммуналдық қызмет түрлері жүргізілген. Соның ішінде телефон байланыс жолдары да бар. Осы жолдар арқылы интернетті де ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

ATM/SDH технология over ADSL Интернетке жоғары жылдамдықты қатынас құру құралы ретінде өзіне ерекше көңіл аудартты. Ғимаратқа жоғары деңгейлі, сапалы байланысты орнату үшін жақсы шешім болады. Және де айтып кетерлік мәселе, Қонаев даңғылына жақын маңда «Қазақтелеком» станция орталығы орналасқан. Ол біздің аумақ ішіндегі жақын ара қашықтықта орналасқан. Бұл ATM over ADSL технологиясын пайдалануға бірден-бір себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл технологияны пайдалану станция мен тұтынушы аралығы сегіз км-ден аспауы керек, кері жағдайда байланыс нашарлап немесе тіптен жоқ болуы мүмкін. ATM over ADSL технологиясы байланыс орнатудың арзан, әрі жеңіл комплексті шешімі болып табылады.

1.3 ATM over ADSL технологиясының артықшылығы мен кемшіліктері

ATM over ADSL- дің тағы артықшылығы ретінде оның модемдері арасындағы қатынастың негізгі үш бөліктен тұратыны болып табылады.

 
 
 
Телефон
тарату
қабылдау
25-160 КГц
240 КГц – 1,5 МГц
0-4 КГц

С урет - 3. ATM/SDH over ADSL технологиясындағы жиіліктік бөлінуі

3 - суретте көрсетілгендей жиіліктік модуляция есебінен телефон арнасына 0-4 КГц жиілік қана бөлінеді, ал ақпарат тарату үшін 25-160 КГц және қабылдау үшін 240-1,5 МГц жиілік бөлінеді. Бұл дегеніміз тұтынушының ақпаратты үлкен көлемді жылдам алуына мүмкіндік бар екенін көрсетеді. 160-240 КГц жиілік аралығы көп ауытқуларға бейім келетін болғандықтан қолданыста жоқ.

Қазіргі уақытта келесідей құрылғылар қолданылады:

Ішкі PCI-модемдері

USB интерфейсті сыртқы модемдер

Ethernet интерфейсті сыртқы модемдер

Ethernet интерфейсті сыртқы маршрутизаторлар (роутерлер)

Іштей свитч орнатылған және WiFi қосылу нүктелеріне ие сыртқы маршрутизаторлар

Жұмыс үшін телефон жолдарын пайдаланатын, қорғаныс-өрт қауіпсіздік сигналдауын пайдаланатын Anrex ATM over ADSL маршрутизаторлары

ATM over ADSL модемдерін қосу үшін компьютерде тек USB 2 порты болса жеткілікті. Алайда кей дербес компьютерлер бұл порттарға ие емес, сондықтан арнайы карталарды қолданады. Ол карта 4-суретте көрсетілген.

Сурет - 4. Дербес компьютерге арналған ATM over ADSL карта

Сурет -5. ATOMIC 25+ адаптері

Сурет -6. AVIDIA концентраторы

Техникалық және эксплуатациалық қиындықтар

Қазіргі ATM over ADSL модемдер жоғары бағадан басқа, көп жерлерді талап етеді және айтарлықтай қуатты шығындайды. Осылай, ATM over ADSL модемдерінің көпшілігі активті күйде 5-тен 8 Вт-қа дейінгі қуат күшін пайдаланады. Стансаларда орнатылған модемдер, әрбір байланысқа бір платадан (карталар) талап етеді. ATM over ADSL технологиясы коммутациялық стансаларға қолданылатындай болуы үшін, қолданылатын қуат күшін төмендету және порттардың тығыздылығын арттыру аса қажет.

Сурет - 7. Ethernet/ATM құрылымдық желінің ADSL линиясына қосылуы

7-суретте көрсетілгендей әрбір абонент пен провайдер арасында жеке-жеке модемдерді талап етеді, олардың әрқайсысын орнату және жұмыс қызметінде ұстау қомақты қаражатты талап етеді. Әрине, бұл шығындар уақыт өте өзі ақталып шығады. Дегенмен де, толық жүйені іске асыруға алдын-ала қаражатты талап етеді.

ATM over ADSL-дің кемшілігі ретінде тағы оның қима сымдардан (яғни, телефон жолында қаншалықты ATM over ADSL абоненті көп болса, соншалықты жылдамдық төмен болып келеді) әлсіз қорғанысын айтуға болады және абоненттен байланыс операторына бағытталған ақпарат тарату жылдамдығының төмен болуы. Барлық мүмкін жақтарын қарастыра отырып ATM over ADSL технологиясын пайдаланған уақытқа сай тиімді және байланыс сапасының жоғарылығы, даму барысында басқа жүйелермен үйлесімділігі қасиеттеріне ие болғандығы үшін таңдалынып алынды.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 726 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...