Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ATM over ADSL қызметін ұйымдастыру қағидалары



ATM over ADSL қызметі (Сурет 2.4) ATM over ADSL модемінің көмегімен және DSL Access Module деп аталынатын ATM over ADSL модемінің тағанымен ұйымдастырылады. Іс жүзінде барлық DSLAM Ethernet 10Base-T портымен негізделінеді. Бұл қатынас құру түйіндерінде қарапайым шоғырлауыштарды, коммутаторлары мен бағдарғылауыштарды қолдануға мүмкіндік береді.

Өндірушілер қатары DSLAM - ды АТМ интерфейстерімен жабдықтауды бастады, ол оларды аймақты-таралынған желілердің ATM-коммутаторларына тікелей қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірушілер қатары пайдаланушылар модемін жасауда, ол өзімен бірге ATM over ADSL модемін ұсынады, бірақ бағдарламалық қамтама үшін АТМ бейімдеуіші болып табылады.

Сурет - 8. ATM over ADSL байланысуды ұйымдастыру

ATM over ADSL модемі мен DSLAM арасындағы аймақта үш ағын функцияналынады: абонентке жоғарыжылдамдықты ағын, қосбағытты қызметтік және стандартты диапазондағы сөйлеу арнасы, арна жиілігі (0,3-3,4 Кгц).

Жиілік бөлгіштер (POTS Splitter) телефон ағынын ерекшелейді және оны қарапайым телефон аппаратына бағыттайды. Мұндай сұлба телефонмен сөйлесу мен деректер тасымалдауды бір мезетте орындауға және ATM over ADSL жабдығы істен шыққан жағдайда да телефон байланысын қолдануға мүмкіндік береді.

Конструктивті түрде, телефондық бөлгіш өзімен бірге жиілік сүзгісін ұсынады, ол ATM over ADSL модеміне біріктірілген болуы мүмкін немесе өз бетінше жеке құрылғы болуы да мүмкін.

Шеннон теоремасына сәйкес, модемнің көмегімен 33,6 Кбит/с тен жоғары жылдамдыққа жету мүмкін емес. ATM over ADSL технологиясында санды ақпарат стандартты арна жиілігінің сыртқы диапазонында таралады. Бұл дегеніміз телефон стансасына орнатылған сүзгілер 4 кГц жоғары жиілікті алып тастайды, сондықтан аймақты-таралынған желілерге әрбір телефон стансасына қатынас құру жабдығын (коммутатор немесе бағдарғылауыш) орнату қажет.

Абонентке дерек тарату 1,5 тен 6,1 Мбит/с жылдамдықта іске асады, қызметші арнаның жылдамдығы 15 тен 640 Кбит/с ты құрайды. Әрбір арна бірнеше логикалық төмен жылдамдықты арналарға бөлінеді.

ATM over ADSL модемімен ұсынылатын жылдамдықтар, T1, E1 сандық арналарының жылдамдықтарынан қысқа болады.

Минималды конфигурацияда деректер 1,5 немесе 2,0 Мбит/с жылдамдықта жүргізіледі. Қағида бойынша, бүгінгі күні 8 Мбит/с жылдамдықпен деректер тасымалдайтын құрылғы бар, алайда, стандартта мұндай жылдамдық анықталмаған.

Кесте - 1

Арналардың санына байланысты ATM over ADSL модемдерінің жылдамдықтары

Негізгі жылдамдықтар Арналардың саны Жылдамдық
1,536 Мбит/с   1,536 Мбит/с
1,536 Мбит/с   3,072 Мбит/с
1,536 Мбит/с   4,608 Мбит/с
1,536 Мбит/с   6,144 Мбит/с
2,048 Мбит/с   2,048 Мбит/с
2,048 Мбит/с   4,096 Мбит/с
2,048 Мбит/с   6,144 Мбит/с

Желінің максималды мүмкін болатын жылдамдығы телефон кәбілінің жуандығына және желі ұзындығына тәуелді болады. Желінің сипаттамалары оның ұзындығының ұлғаюынан және сымның қима кесіндісінен азаюынан төмендейді. Кестеде желі параметрлерінің жылдамдығынан тәуелді бірнеше үлгілер келтірілген.

Кесте - 2

Желі параметрлеріне тәуелді жылдамдықтар

Желі ұзындығы (км) Сым кесігі (мм2) Максималды жылдамдық (Мбит/с)
2,7 0,4 6,1
3,7 0,5 6,1
4,6 0,4 1,5 немесе 2
5,5 0,5 1,5 немесе 2

ATM over ADSL-модем өзімен бірге сандық сигналды процессор негізіндегі құрылғыны (ССП немесе DSP) ұсынады (Сурет 2.5). Жалпы жағдайда, желінің барлық өткізу қабілеті екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлік дауысты таратуға арналған және 0,3-3,4 КГц диапазонында табылады. Дерек таратуға арналған сигнал диапазоны 4 Кгц тен 1 Мгц ке дейінгі аралықта. Көптеген желілердің физикалық параметрлері 1 МГц тен жоғары жиілікте таратуға мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай, барлық телефон желілері емес, сондықтан деректер тасымалдау жылдамдығын азайту үшін, өткізу қабілетін азайтуға тура келеді.

Сурет - 9. ATM over ADSL модемінің тарататын түйінінің құрылымдық сұлбасы

Бұл ағындарды жасау үшін екі әдіс қолданылады: арналарды жиілікпен бөлу әдісі және оның компенсациясының әдісі.

Сурет - 10. Телефон желісінің жиілігінің өткізу қабілетіндегі ағындарды бөлу сұлбасы

Жиілікпен бөлу әдісінің мәні мынада, әрбіреуіне ағыннан өзінің жиілігінің өткізу қабілеті бөлінеді. Жоғары жылдамдықты ағын бір немесе одан көп төмен жылдамдықты ағындарға бөлінеді. Бұл ағындардың таралуы "дискретті көптүрлі модуляции" (DMT) арқылы жүзеге асады.

Сурет – 11. ATM over ADSL-дің абоненттік линиясы





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 545 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...