Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ATM over ADSL технолгиясының деректерді тарату әдістері



Деректерді тарату жүйесін стандарттау кезіндегі маңызды сұрақтардың бірі болып, қолданылатын модуляция типін таңдау сұрағы болып табылады. Стандарттау процесінде ATM over ADSL үш потенциалды модуляция типін анықтайды:

- шаршылы амплитудалық модуляция (Quadrature Amplitude Modulation - QAM);

-тасуыштарсыз тарататын амплитудалы-фазалық модуляция (Cariereless Amplitude/Phase Modulation – CAP);

- дискретті көптүрлі модуляция (Discrete MultiTone Modulation – DMT).

Зерттеулер көрсеткендей, неғұрлым өнімді болып DMT модуляциясы саналды.

Шаршылы амплитудалық модуляция. Деректерді бір жолақты жиілікте қарапайым әдіспен тарату үшін дискретті қадамдармен амплитудасы өзгеретін, амплитудалы модуляция қолданылады (Quadrature Amplitude Modulation – QAM). QAM модуляцияны екі параметрде қолданады – амплитуданың және фазаның. Берілген жағдайда үш үлкен битті кодалау үшін салыстырмалы фазалық модуляция қолданылады, ал соңғы бит әрбір фазалық сигнал үшін амплитуданың екі мәнінің біреуін таңдаумен кодаланады.

Тасушылармен басатын амплитудалық-фазалық модуляция. САР QAM сияқты екі параметрдің модуляциясын қолданады. Берілген модуляцияның бір әдісінің спектр формасы да QAM-мен үйлесімді.

Дискретті көптүрлі модуляция (DMT). DMT модуляцияны көптеген тасымалдауыштарымен қолданады. Уақыт стандартты «символ периодтарына» (symbol period) бөлінеді, олардың әрқайсысына бит санымен фиксирленген бір DMT – символ беріледі. Биттер топтарға бірігеді және әртүрлі жиіліктегі сигналдық тасымалдауыштарға меншіктелінеді. Сондықтан, жиіліктік көзқараспен, DMT арнаны көптеген ішарналарға бөледі. Өткізу қабілеті жиілік жолағына тәуелді, яғни үлкен өткізу қабілеті бар ішарналар көп мөлшердегі биттерді тасымалдайды. Әрбір ішарнаға арналған биттер, мәні сигналдық «төмендейтін» жиілікке сәйкес амплитуда мен фазадан тәуелді күрделі сан пайда болады. Осы әдіспен, әрбірі DMT ішарнасының жиілігіне сәйкес тасымалдаушы жиілікте параллельді функциялайтын DMT ны QAM жүйесінің жиынтығы ретінде ұсынуға болады.

Сурет – 12 ATM over ADSL сигналын тарату үшін жиіліктің бөлінуі

DMT-ны қолдану кезінде әрбір ішарналармен берілетін деректер битінің саны, берілген ішарнада сигнал мен шу деңгейінен тәуелді түрлендірілуі мүмкін. Бұл әрбір нақтылы абоненттік желі өнімділігін тек максималдандыруға ғана емес, сондай-ақ RFI немесе өтпелі бөгеуілдер сияқты эффектілер әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Әрбір ішарнамен таралатын деректер битінің саны инициализация фазасында анықталады. Жалпы жағдайда, неғұрлым жоғары жиіліктерді қолдану, неғұрлым күшті сөнулерді тудырады, ол QAM-ды неғұрлым төмен разрядтылықта қолдану қажеттілігіне әкеледі. Сонымен қатар, төмен жиілікте сөну төмен болады, ол QAM-ды неғұрлым жоғары разрядтылықта қолдануға мүмкіндік береді. Бұған қосымша, ішарна бойынша биттердің таралуы, арна сапасына байланысты деректерді тарату фазасына бейімделуі мүмкін.





Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 459 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...