Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 6 страница



Дағдарыстан шығудың алғашқы қадамдары 1982-83 жж. Ю.В.Андроповпен жасалды. Ол қатты әкімшілік шараларға негізделіп идеологиялық қағидаларды әлсіретуге тырысты. Оның тәртіпті орнатудағы тырысқандығы жаппай халық бұқарасында үміт туғызды. Болашақ өзгерістер үшін сылтау болған. Бас хатшының өкілі белгіленген курсты соңына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. 1983-85 жж. К.У.Черненко кезінде қайта өзгертулерден толы курсы, елді реформалар жолына түсіре алмады.

1985 ж.наурызында билікке М.С. Горбачев келді. Әлеуметтік – экономикалық дамудыжеделдетубағытталған курс үлкен үміт әкелді. Оның құрастырмалары: техникалық қайта қалыптастыру және адам факторды белсендіру. Бұндай бетбұрыс өте қажет еді, өйткені XX ғ. Соңғы ширегінде ел басталған технологиялық революцияны «ұйықтап қалуы», қазіргі өркениеттің даму жолының тысқарысында қалды.

Жеделдету идеясы өте қарапайым болды. Шет елде жаңа оборудование мен техналогияларды сатып алу, және социолизмнің артықшылықтарын пайдаланып алға кеткен Батысты қуып жетті.

Сондықтан бастапқыда реформа тек ұйымдастыру саласын қамтыды: жауапкершілікті көтеру, нығайтуарқылы қоғамды жаңарту көзделді.Тіпті мұндай жартылай шаралар нәтижелер бермеді: 1985-86 жж. өзінде өнеркәсіп пен құрылыста еңбек өнімділігі 1,3 есе өсті, темір жолдық көлікті 3 есе. Бұл жетістіктер елбасыларында декреттеудің күшіне сендірді.

Бірақ өмір ескіше дами беруге болмайтынын дәлелдеді, ескі ресурс соңына дейін бітті. Түбегейлі өзгерістер қажет болды, олар сол жылдары «қайта құру» деген атаумен белгілі. Бұған бастама болғандар 1987 ж.қантар және маусым пленумдерінің XIX партконференцияның шешімдері. Бұлар экономикалық жүйенің қайта құру бағдарламасын айқындады. Оның негізіне салынған кәсіпорындар дербестігінің кеңейюі, олардың толық щаруашылық есепке және өз-өзін қаржыландыруға көшу, кооперацияның дамуы. Саяси жүйенің реформасы да жарияланды – билік толығымен Кеңестерге берілді, азамат қоғамының, хұқылық мемлекеттің мехонизмдері қалыптасты.

Жаңа әдістерменқатар ескіәміршіл- әкімшіл әдістер де пайдаланды: өнімнің сапасын көтеру үшін мемлекеттік қабылдауды жақсарту, азық- түлік мәселесін шешу үшін Госагропромды құру. Ескі әдістердің классикалық үлгісіне алкогольға қарсы компания болды. Жаппай жасанды шарап жасау орын алды. Дүкендерде қант, кейін барлық азық- түліктер жоғалды. Токсикомания, норкомания сияқты жаңа деректер пайда болды. Мемлекеттік қазынаға кірістер күрт төмендеп кетті. Жалақы төлеумен қиындықтар туды.

Экономиканың жалпы дағдарлануы шаруашылық байланыстардың әлсіреуі- бұның барлығы елді апат жағдайына ұшыратты. Жалпы ұлттық өнім өсуінің темптері 1986 ж. 3,3 %-тен 1990 ж. 2%- ке дейін төмендеп кетті. Елді жалпы дефицит, көпмыңдық кезектер дүрс-дүрс сілкіндірді. Демократиялық және консервативті күштердің қайшылығы шиеленісті. Жаңа одақтық келісімнің жасалумен байланысты қақтығыстар туады. Демакратиялану және жариялылық елді батырған саяси, ұлттық, діни және басқа проблемаларды тудырды. Биліктегілер толық еріксіздігін, апатиясын көрсетті. Ел ыдырауына келе жатты.

1. 80- ші жж. 2- ші жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік- саяси жағдай шамалы тұрақтылықпен ерекшеленді, өйткені республикадағы жағдай жалпы одақтық жағдайдан тәуірлеу болды. Орталыққа тікелей бағынған кәсіпорындардың көп болуы азық- түлік пен тауарлармен қамтамасыз етуін жақсартқан еді. Сондықтан 1986 ж. желтоқсандағы жарылыс Мәскеуге толық күтпеушілік болды.

1986 ж. 16 желтоқсанында Қазақстан ОК- нің Пленумында ұйымдастырушы мәселе шешілді: Бірінші хатшы орында Д.А.Қонаевты Г.В.Колбинмен ауыстырды. Қазақстан басшылығы туралы мәселені орталық ескі дәстүрмен шешті. Г.Колбин Қазақстанды білмейтін, шеттен келген адам еді. Бұл жағдайда ұлттық дәстүрді аяққа басу ашық және тебіріңге

қарсылыққа тап болды. 1986 ж. 17-18 желтоқсанда Алматыда жастар қатысқан мыңдаған деманстрациялар өтті.Москва бейбіт митингті бүлік деп таныды. Мәселені шешудің зорлық –зомбылық вариянты тандалды.

Жастарға орыс жұмысшылары қарсы қойылды. Қанды басудан кейін репрессиялар басталды.99 адам сотталып біреуі атылды.(Қ.Рысқұлбеков) Астананың ЖОО- нан 264 студент қуылды, 758 адам комсомолдан қуылды, 52 адам партиядан шығарылды, УУМ- нен 1200 адам шығарылды, медициналық және көлік мекемелерінен 300 адам қуылды.12 ЖОО ректорлары орындарынан тайдырылды. 1987 жылы жазында КОКП-ның ОК- нің қаулысы шықты.Сол қаулыда Алматыдағы 1986 жылы желтоқсан оқиғалары «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп сипатталды.Бұл тоталитаризм күшеюіне, мемлекеттің репрессивтік шараларының өсуіне қарай бетбұрыс болды. Демократияны ойнау аяқталуы мүмкін еді, бірақ саяси жағдай басқа болды.

1986 жылы желтоқсан оқиғалары республикадағы саяси өмірді демократиялаудағы маңызды роль атқарды. 1987 жылы тамызда 1- ші тәуелсіз ұйым «Инициатива» атты әлеуметтік- экономикалық бірлестік құрды. Өзінің мақсаты етіп әлеуметтік тендік және әділеттік, демократияландыру, жариялылық принциптері, гуманистік, бітімшіл, соғысқа қарсы, экологиялық идеалдар негізінде тұрғындардың әлеуметтік белсендігін көтеру үшін күресті жариялады. «Инициотива» бірлестігі рухани және ұйымдастыруын көмек көрсетеді, хұқылық кеңестер береді, бастапқы кезде азаматтар мен еңбек ұғымдарына ақпараттық экспертиза жасайды. Кейін бұл бірлестіктен басқа саяси партиялар бөліп шықты. Мысалы: «Жасыл майдан», Қазақстанның әлеуметтік- демократиялық партиясы.

Жұмысшы қозғалысы өте байсалды саясми күшіне айналды. Бұл қозғалыста ерекше орын алған Қарағанды шахтерлері. Олардың бас көтерулері КСРО-ның басқа аймақтардағы ереуілге тұспа – тұс келді. Таза экономикалық талаптардан басталған бұлар жедел түрде саясаттандырылды. 1989 жылы облыстық жұмысшы ереуілдік комитет құрылды. Ол Қарағанды облысының тұрғындарының одағына кірді. 1989 жылы Жаңа өзендегі оқиғалар әлеуметтік – экономикалық саладағы маңызды проблемалардың шиеленісуін көрсетті: Инфраструктураның осал дамуы өндірістік күштері орналастырудағы олқылықтар, жергілікті тұрғындардың жұмыссыздығы жағдайындағы вахтілік әдісті қолданудың қалыптасқан дәстүрі.

Төменнен құрылған, әйелдер екңестеріне балама ұйымдар пайда болды: салдаттық аналардың республикалық комитеті, Қазақстан мусылман- әйелдердің Лигасы, көп әйелді аналардың одақтары, «Айша» атты бекер әйелдердің ассоциациясы. 1989 жылы О.Сүлейменовтың инициативасымен «Невада - Семей» антиядролық қозғалысы құрылады. Бұдан соң басқа қоғамдық- саяси қозғалыстар мен ұйымдар көбейеді: «Әділет», «Мемориал», «Некст- Стоп». М.Шахановтың жетекшелігімен Балқаш және Аралдың экологиялық проблемалары бойынша қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылды.

Алматыда «қазақ тілі» қоғамы күш жинады. 1990 жылы көктемде социал- демократиялық партиясына бірігеді. 1990 жылы мамыр айында «Азат» қозғалысының ұлттық - демократиялық орк комитеті құрылды. Қазақстан толық мемлекеттік тәуелсіздігі үшін күрестің 1990 жылы жазы мен күзінде «Азат» қозғалысы ірі саяси ұйымға айналды. Радиалдысаяси ұйымдар да пайда болды: «Желтоқсан», «Алаш», қазақ бірлестіктері. Ұлттық – демократиялық ұйымдарға қарсы Алматыда «Единство» қозғалысы құрылды.1986 жылы жазында Г.Колбинді Мәскеуге шақырады. ОК-ның бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Республикада демократиялық процесстер одан да күшті өрістей түседі. Бірақ КСРО- ның ыдырауы жоғары қарқынды болды.

Көптеген жаңа одақ келісімдері республиканы қанағаттандырылмағанмен, қазақ деклорациясы Одақты жаңарту идеясын қозғады, «жаңа Огарев процессінің» жалғасуы үшін тұрды. Назарбаев пен басқа республикалар басшыларымен қатар КСРО- ның конфидерацияға айналуын қолдады, және орталықтың қатысуынсыз республикалар арасында тура қатынастардың орнауы үшін тұрды. Мәскеу басшыларының жігерсіздігі мен жделсалдығы орталықтың дағдарысына жергілікті басшылар ықыласының көтерілуіне әкеп соқтырды.

Өкінішке орай, олар ұлттық, кейде ұлтшыл сипатты қабылдады. Егемендік туралы бірінші болып сөз қозғаған РКФСР, ал бұл бағытта практикалық қадам жасаған Прибалтика Республикалары. Қазақстан тиісті шараларды қолдануға тиісті болды. 1990 жылы 24 сәуірінде республикада Президент посты құрылады.Жоғарғы Кеңестің сессиясында Президент болып қабылданған Назарбаев. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Дикларация қабылданды, одақтастық заңдар республикалық заңдардан жоғары болмайтыны жарияланды.КСРО құрамындағы дербестілікке ұмтылды. Егемендікке қол жеткізу Қазақстандағы демократия процесстердің жеделдеуіне әкеп соқтырды.

Өкімет жастар қозғалысына неготивті түрде қарады. Қозалыс КГБ- ның байқауында болды, ал басқарушылары «ұлтшылдар» деген атақ тағылды. 1966 жылдың соңында «жас тұлпар» қозғалысы баяулады. Бірақ та оның ықпалы көпке дейін сақталды. Осы толқында «Гүлдер», «Дос-Муқасан», «Айгүль» ансамбольдері құрылды.

70- ші жылдары ортасынан 80-ші жылдардың басында жағдай өзгерді. «Ұлтшылдық» деп аталатын қозғалысқа қарсы күрес жүргізілді. Барлық басқа ойлайтындар қудаланды. Осыған мысал болып ақын О.Сүлейменовтың «Азия» атты кітабқа тыйым салынды. Бұл кітаб Қазақ КСР ғылым академиясының философия институты дайындаған болатын. Идеялық залалы бар деп О.Исмагуловтың «Қазақстанның этникалық географиясы» деген антропологиялық монографиясы есептеледі.

1979 жылы Цилинаград қаласында болған оқиғалар Қазақстан мүдделерінің елемеушілік бар екенін байқатты. Халық Қазақстан жерінде Неміс автономиялық облысын құру туралы КОКП-ның ОК- ның үкіміне қарсы болды. Цилиноградтан соң кішігірім митингтер Атбасарда, Ерементауда, Көкшетауда болып өтті.

Қуғындау таңғарлықтай жұмсақ болды.Бірақ бұл оқиғалар туралы ақпарат таралмау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынды.Жиналған ұлтшыл праблемалардың күрделелігі, оларды шешуге ниетсіздігі және қорқыныштығы жедел уақытта көрінісін тапты.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 311 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...