Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 2 страница



9-10ғғ. басында Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы мен оған еніп жатқан Батыс Қазақстан далаларында Оғыз мемлекеті құрылады. Астанасы маңызды керуен жолдарының қиылысында жатқан Янгикент қаласы болды. «Джабғу» деп аталатын жоғарғы билеуші мемлекет басында отырды. Джабғу державасында маңызды роль атқаратын «сюбашы» деп аталатын оғыз әскер басшысы болды. Мемлекет құрамына шарсұқ, қарлұқ, имур, халаджи, джигара т.б. тайпалары кірді. Оғыздардың алғашқы топтасу ұяшығы Жетісуда құрылды, ал батысқа қарай жылжу барысында Оңтүстік және Батыс Қазақстан территориясының көшпелі және жартылай отырықшы халықтарының арқасында толыға түсті. Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 956ж. Киев Русімен одақтаса отырып, олар Хазар қағанатын қиратты. 985ж. орыс князьдарымен біріге отырып, Еділ Бұлғариясына соққы береді. Бірақ 11ғ. оғыздар мемлекеті құлдырай бастайды, яғни ішкі тартыс, толқулар басталады.Сырттан селжүктердің қысымы күшейе түседі. 11ғ. ортасында жабғу державасы қыпшақ тайпа көсемдерінің соққысына түсіп, толығымен жойылды.

Қыпшақтар мемлекеті 11ғ. басында Ертістен Еділге дейінгі территорияда құрылды. Олар қимақтардың приемниктері болды. Ал қимақтар туралы мәліметтер 8ғасырдан басталады. 9ғ. Қимақ мемлекеті құрылады. Оның құрамына көптеген түркі тайпалары енді. Олардың бір бөлігі Орталық Азиядан көшіп келген еді. 10-12ғғ. қимақтар Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан аудандарын мекендеген. Деректерде қимақтардың 16 қаласының аттары аталған, оның ішінде: Астур, Наджа, Бурах, Сисан, Хаканам, Ханауш т.б. Мемлекетті жабғу басқарған, кейін 9ғ. аяғында қаған атын алған. Қимақтарда мал шаруашылығы мен егіншілік араласып келген, көшпелі мал шаруашылығы, сонымен бірге дәнді-дақыл өсіретін отырықшы шаруашылық дамыған. Қолөнер де жақсы өркендеген. Қимақтар қауырсынмен жазуды білген және ежелгі түрік алфавитін пайдаланған. 11ғ. ішкі күштердің ықпалымен қимақ қоғамы дағдарысқа ұшырай бастайды. Нәтижесінде қимақтар өз жерлерінен айырылып, қыпшақтарға тәуелді болып қалады. 11.ғ бірінші жартысында мемлекет Дешті- Қыпшақ деп атала бастайды. Орталығы –Сығанақ қаласы болады.

12ғ.екінші жартысынан бастап қыпшақ хандығы ыдырай бастайды. Оның себептері: қыпшақ тайпаларының ақсүйектері арасында Хорезмдік бағдардың қалыптасуы, ішкі- тартыс күрестер т.б.

10ғ. 40жылдарына қарай қарахандар мемлекеті (942-1210) пайда болады. Әулеттің ру басшысы Сатұқ Боғра хан болды. Кейін 942ж. ол өзін қаған деп жариялайды. Бұл мемлекет Жетісу территориясын алып жатты. Орталығы Шу аңғарында, ал билеушінің орны- Баласағұнда орналасты. Қарахандар кезінде болған ірі оқиға- ол ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады (960ж). Қарахандықтардың біртұтас мемлекеті негізінде Шығыс және Батыс (Орта Азия) қағанаттар құрылды. Ішкі өзара күрес нәтижесінде 11ғ. бірінші жартысында Қарахандар мемлекеті тарих сахнасынан кетті.

13ғ. басында Азияның ішкі аудандарында Монғол мемлекеті құрылды.Оның негізін салушы Шыңғысхан Монғолияның барлық дерлік тайпаларын өз билігінің қоластына алды. Монғол әскерлерінің Жетісуға алғаш енуі 1211ж. болды және мұндағы біраз жергілікті билеушілер монғолдардың билігін мойындайды.

1218ж. монғолдар Күшлік бастаған найман иелігіне еніп, Баласағұнды шайқассыз алды. Қазақстандағы шайқастың түрткісі болған себебі ол Монғолиядан келетін сауда керуенінің тоналуы мен Отырардағы көпестердің өлтірілуі, яғни «Отырарлық апат» еді. Жорық 1219ж. қыркүйек айында Ертіс жағалауында басталды. Отырарға жорық кезінде Шыңғыс ханның Шағатай мен Үгедейді қоршауға қояды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы өз әскерімен Сырдарияның төменгі ағысына қарай Женд, Янгикент қалаларына аттанады, ал Шыңғысхан кіші ұлы Төлемен бірге күш жинап Бұқарға беттеді. 1219-1222жж. шайқастар нәтижесінде Қазақстан және Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына енді. 1227ж. оның өлімінен кейңн біртұтас держава бірнеше ұлыстарға ыдырады. Шығыс Түркістан территориясы, Жетісудың үлкен бөлігі Шағатай ұлысына, солтүстік Жетісу мен Дешті-Қыпшақ, Еділ маңы толығымен Жошы ұлысына, ал Жетісудың солтүстік-шығысбөлігі Үгедей ұлысы құрамына енді. 1236-1242жж. арасындағы әскери жорықтар нәтижесінде Жошының ұлы Батудың қоластына Қырымды қоса алғандағы Дунайдың төменгі ағысындағы жерлер алынды.

Обь пен Ертістің жоғарғы ағысының территориясынан Әмудария мен Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерлерде Бату Алтын Орда мемлекетінің негізін салды. Астанасы Сарай қаласы болды. Алтын Орда 14ғ. бірінші жартысында әсәресе Өзбек ханның тұсында өзінің даму шегіне жетті. 1312ж. ол ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. 14ғ. екінші жартысында ұлыстарға ыдырай бастады. Осының нәтижесінде Ақ Орда, Көк Орда,Ноғай Ордалары құрылды. 15ғ. 20-60жж. Сібір, Қазан, Қырым және Астрахань пайда болады.

Ортағасырлық кезеңде Қазақстан территориясында қарқынды жолмен өсті, құрылыс ісі мен архитектура дамыды. Сол кезеңнің архитектуралық ескерткіштеріне Тараз маңында 10-11ғғ. Салынған Бабаджа – хатун кесенесі, тағы да осы жерде 11-12ғғ. Қарахандықтар тұсында тұрғызылған Айша-Бибі кесенесі және Тараз қаласының өзінде салынған Қарахан кесенесі жатады. Сонымен қатар осы дәуірдің бір жетістігі жазудың пайда болуы, соның нәтижесінде мәліметтердің жазбаша түрде бізге жетуі еді. Ежелгі түрік жазуы кириллицадан 15 ғасырға бұрын ерте пайда болған, ал грузин және армян жазуларынан 10 ғасыр бұрын пайда болды. Мұны Орхон, Күлтегін т.б. жазба ескерткіштері дәлелдейді. 1069ж. Жүсіп Баласағұн «Құдатғұ білік», 11ғ. аяғында Махмұд Қашғари «Диуани лұғат-ат түрік» шығармалары да көп нәрсенің бетін ашады. 1166ж. қайтыс болған (туған жылы белгісіз) ұлы ойшыл,ақын Қожа Ахмет Яссауи түрік сопыларының негізін қалаушы болып табылады. Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасарлары түрік халықтарын ислам дінінің идеологиясымен таныстыра алды.

Ортағасырлық Қазақстанда ғылым да дамыды. Сол кездің әйгілі ғалым- ойшылы Отырарда туған Әл- Фараби(870-950) еді. Ол ірі математик, физик, астроном, жүйеленген тригонометрия, музыканың физикалық- математикалық теориясының, архитектура мен геодезияның математикалық негізін салушылардың бірі еді. Ол өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениеттерінің жетістіктерін көп жинап, талдаған. Әл-Фараби ойлау (логика) ғылымына өзіндік үлес қосты. Келесі бір әйгілі ғалым- Әл-Бируни (973-1048) болды. Ол Хорезмнің ежелгі астанасы Кят қаласында дүниеге келді. Ол 150-ден астам еңбек жазған. Ол астроном,математик, географ, физик, минеорологиялық, тарихи, филологиялық еңбектердің авторы. Шығыста ең алғаш Жердің Күнді айналатын, Жердің жалпы ұзындығын анықтап, глобустың жобасын жасап, дүние жүзінің географиялық картасын құрастырған адамның бірі болып табылады.

Дәріс 3. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ (XV- XVIII ғ.ғ басы).

1) Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы.

2) Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы мен мәдениеті.

1) Моңғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасуын тежесе де, оны тоқтата алмады. Шаруашылық өмір біртіндеп қалпына келе бастады, тайпалардың тегі, тілі, материалдық және рухани мәдениеттері жағынан бір- біріне жақындасуы күшейе түсті. Қазіргі Қазақстан територриясы енген XIV- XV ғ.ғ. Алтын Ордадағы және Шағатай ұлысындағы феодалдық қатынастардың нығаюы, ал бұлар құлағаннан кейінгі Моғолстанда, Ақ Ордада, Ноғай Ордасында, Әбілқайыр хандығында, Қазақстан територриясында құрылғпн мемлекеттерде бірігу үрдісі одан әрі күшейе берді. Қазақ халқының қалыптасу процесі біртұтас этникалық територрияның құрылуымен аяқталды. Әр түрлі этносаяси, шаруашылық, географиялық т.б. факторлардың күшімен үш этносаяси бірлестіктер пайда болды: Ұлы, орта және Кіші жүздер. Бұлардың қалыптасуы табиғи- географиялық, саяси және экономикалық факторлардың ықпалымен жүрді.

Қазақ халқының тегі жөнінде мәселелер әлі де толық зерттелмеген, сондықтан көптеген қалыптасқан этногенетикалық процестер бүгінде әлі түсініксіз, жеткіліксіз күйде қалып отыр. «Қазақ» этнонимі туралы көптеген болжамдар бар. «Қазақ» деген түркі термині алғашында адамның әлеуметтік мәртебесі, еркін, ерікті көшіп- қонып жүретін тәуелсіз адам деген анықтама қолданылды. Сондықтан Жәнібек пен Керей Өзбек ханы Әбілқайырдан бөлініп шыққан кезде, олардың жақтастарын алғашында өзбек- қазақтар деп атаған. Кейін Жәнібек пен Керей өз хандықтарын күшейткеннен соң қол астындағы хылықты жай қазақтар немесе үнемі әлеуметтік мәртебе деп анықтады. 1465 ж. Керей жаңа құрылған мемлекеттің ханы болып жарияланан кезде, мемлекет Қазақ хандығы деген атаққа ие болды.

Қазақ хандығы XVғ. Ортасымен XVIIғ. Басына дейін біртұтас саяси құрылым болды. Ол басқа мемлекеттер сияқты құрылу, гүлдену, тұрақтану кезеңдерін басынан кешірді. XVғ. 50-70ж.ж. Жәнібек пен Керей билеуші хандар болды. Бұлардан кейін 70ж.ж. ортасына қарай Керейдің ұлы Бұрындық хан болды. Ол Сырдария бойындағы қалалар үшін, Ұлы Жібек жолының Орталық Азия бөлігінің жолдарына бақылау орнату үшін қанды шайқас бастаған.

Қасым хан (1511-1523жж.) тұсында Қазақ хандығы күшейді. Ол оңтүстік Қазақстанда өз билігін күшейтті. Сайрамды бақылауға, Ташкентті басып алуға, яғни Сырдария маңындағы қалалрды алуға мүмкіндік жасады. Қасым хан жетісуда өз позициясын күшейте отырып Ноғай ордасының көптеген руларын Батыста өз билігіне алды. Осылай Қазақ хандығының територриясы кеңейді, яғни оңтүстік шекарасы Түркістан қаласының бір бөлігін қоса Сырдарияның оң жақ жағалауынан, оңтүстік- шығысы Жетісу жерінен, солтүстік- шығысы Ұлытау және балқаш таулары аудандарынан, солтүстік- батысы Жайық өзені бассейнімен шектеліп жатты.

Қасым хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеу княздығымен дипломатиялық байланысқа түсіп, Еуропада дербес этнос ретінде әйгілі бола бастады. Қазақтардың құқықтары негізінде жасалған «Қасым ханның қасқа жолы» заңы жасалды.

Жалпы қазақ тарихында барлығы 34 хан болған. Енді осылардың ішіндегі көрнектілеріне ғана тоқталып кетсек. Бұлардың ішінде Қасым ханның ұлы Ақназар болды (1538-1580ж.ж.) да жатады. XVIғ.II- жартысы және ортаңғы кезі Моғолстан, Ноғай Ордасы, Бұқарамен територриялық соғыстардың онша сәтті емес кезі еді. Осындай қиын шақтарда өз мықтылығын, кзшбасшылығын көрсете алған Ақназар хан еді. Оның есімі тек қазақтар арасында ғана емес, Сонымен бірге башқұр, ноғай халықтарына да таныс болды. Дәл осы Ақназар кезінде үш қазақ жүздерінің құрылуы жүрген еді. Осы хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы батыста Еділ мен Жайық аралығындағы жердерге дейін кеңейді. Хандықтың құрамына Ресейге бодандықтан бас тартқан башқұр халықтарының бір бөлігі кірді. Ақназар хан «Ақ жол» атты заңын қалдырды.

XVIғ.ІІ-жартысы- XVIIғ. басындағы көрнекті саяси қайраткерлердің бірі Есім хан (1598-1628ж.ж.) болды. Ол халықты біріктіріп, сыртқы қауіпттерді бейтараптандыра алды. Оның ерлігі, әскери дарындылығы үшін халық оны «Еңсегей бойлы Ер Есім» деп атаған. Оған ойраттармен, ташкент басшысы Тұрсын ханмен үздіксіз соғыс жүргізуге, мемлекеттік ішкі қарсылықтарды шешуге тура келді. Ол «Есім ханның ескі жолы» атты заңын қалдырды.

Есім ханның ісін әрі қарай жалғастырушы оның ұлы Жәңгір хан (1628-1652ж.ж.) болды. Батыл, ержүрек, шешімпаз Жәңгір хан халықтың көңілінен шығып, халық оны «Салқам Жәңгір» деп атаған. Оның тұсында ойраттардың қазақ жерлерін жаулап алу қаупі туды.

Төнген қаупті қайтару үшін Жәңгір хан Самарқанд билеушісі Жолақтас Бахадурмен (1576-01656ж.ж.) одақ жасаған еді. 1643ж. 600 адам жинап Жәңгір хан 50 мыңдық әскері бар жоңғар батыр- Қонтайшыға қарсы шығып, жеңіске жетті. Әскер 2,5-3 шақырым қашықтыққа созылды.

Орбұлақ шайқасы қазақтардың ержүрек, батылдығы мен әскери рухының күшінің үлгісі бола алды.

Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі- Тәуке хан (1680-1718ж.ж.). Қазақтың мемлекеттілігі, Орталық Азия аумағындағы халықаралық қатынастар жүйесінде Қазақ хандығының сыртқы саяси позициясының күшеюі осы Тәуке ханның есімімен тығыз байланысты. Ол қазақ қоғамының заң жүйесін реттеген «Жеті жарғы» заңын шығарып кетті.

XVIIIғ. Басынан бастап сытрқы қауіп өсе бастады. Оңтүстік- батыстан қалмақтар шабуыл жасады. Орал маңында башқұрлар қарсылық көрсетті. Ал басты қауіп Шығыстағы Жоңғар хандығынан төніп тұрған еді. Қазақстандағы жоңғарлардың шапқыншылығы XVғ. басталған еді, бірақ үлкен қауіп XVIII ғ. болған. Қазақтар үшін ең қайғылы жыл -1723ж. Болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» еді. Қазақ халқының жартысына таманы қырылды. Тек үш жүздің күш қосылуы нәтижесінде ғана жеңіске жетті. Бұл азаттық күресті ұйымдастырушылар мен батырларға: Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Жәнібек, Малайсары, Әбілқайыр хан, Әбілмәмбет, Сәмеке, Абылай хан т.б. жатады.

Жоңғар шапқыншылығы қазақ қауымының әлеуметтік қатынастарына терең із қалдырды. XVIII ғ. жоңғар шапқыншылықтарының нәтижесінде алғашында Кіші жүз, кейін қалғандары өз тәуелсіздіктерінен айырылды және Қазақстан Ресей империясының отарына айналды.

2) XV-XVIII қазақ қоғамы сословиелік таптық және сатылық қатаң ұйымдасқан әлеуметтік құрылым иерархиясы көрініс береді. Қоғамның жоғарғы сатысында Шыңғыс хан ұрпақтары- ақсүйектері тұрды және олар жүздер жүйесіне кірмеді. Шыңғыс хан ұрпақтары немесе төре туғаннан, сұлтан атына ие болды және хан тағына отыруға құқығы болды. Олардың мүліктік жағдайына емес әлеуметтік мәртебесіне қарады. Сұлтандарды жазалау немесе билер сотына беру деген болмады. Оларды тек хан немесе сұлтандардың басшысы ғана жазалауға құқығы болды.

Жоғарғы билік ханның қолында болды. Оны сұлтандардың ішінен және ру басшыларынан сайлады. Хан әрі жоғарғы әскер басшысы, әрі жоғарғы сот, келісім жүргізуші, соғыс пен бейбітшілікті жариялаушы және заң шығарушы бола алды. Шыңғыс хан ұрпақтарын оғлан және төре деп атады.

Ақсүйектерге сонымен қатар алғашқы ислам дінін таратушылар- қожалар да жатты. Бірақ олардың құқықтары сұлтандармен салыстырғанда шектеулі болды.

Ең көп тараған саты- қара сүйектер болды. Ал осы қарапайым адамдардың өз ішіндегі деңгейлерін анықтау үшін мынадай терминдер қолданылған: қараша, қаракиши, шаруа, бұқара. Негізінен бұлар жеке шаруашылығы бар шаруа адамдар болған. Қара сүйектер арасында мамандық және әкімшілік қызметтері жағынан бірнеше топтарға бөлінді: билер және батырлар. Билер әкімшілік, сот және әскери қызметтер атқарды. Халық арасында белсенді және қарапайым құқық нормаларын білетін адамдарды би етіп сайлаған. Тәуке ханның тұсында кейбір ерекше аты шыққан билер (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) құрылтайларда халық жағдайын қарастырып, сұлтандармен бірге ірі мемлекеттік мәселелерді шешуге қатысты. Ал батырларды сол кезеңнің өзі жасап шығарды. Батырлар қоғамға жеке бастарымен ықпал жасай лады. Кез келген хан батыр атағын ала алған жоқ.

Келесі бір жеке топ ол- құлдар еді. Оларды бірнеше тылда жұмыс істететіндер құрады және өте ауыр жұмыспен айналысты. Әйелдер- «күңдер» үй шаруасымен айналысқан. Құлдар адамдақ құқықтан айырылған және мал, затпен біедей бағаланды. Олар қылмыстық әрекетке жауап бермеді, олар үшін иелері жауап берген. Құлиеленушілер олардың өмірі мен өліміне басшы болды.

XV-XVIIIғ.ғ. қазақ қоғамында таптық күрестердің болмауы оның тұрақтылығының басты себебі болды. Қоғамдық сословиелік топтар бір бірімен тығыз рулық қатынаста болды.

ғ.ғ. қазақ қоғамында таптық күрестердің болмауы оның тұрақтылығының басты себебі болды. Қоғамдық сословиелік топтар бір бірімен тығыз рулық қатынаста болды.

ғ.ғ. қазақ қоғамында таптық күрестердің болмауы оның тұрақтылығының басты себебі болды. Қоғамдық сословиелік топтар бір бірімен тығыз рулық қатынаста болды.

XV-XVIII ғ.ғ. қазақ халқының мәдениеті көшпелі мал шаруашылығы сипатында болды. Қазақ мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген ислам діні еді. Оның таралу орталықтары Хорезм, Бұқара, Түркістан қалалары болған. Мұнда ислам Тәңірі мен Аруаққа негізделген исламға дейінгі нанымдармен бітісіп кеткен. Қазақтар рухтарға табынған, яғни Жер Анаға, Су Анаға табынған. Қасиетті тау, үңгір, жалғыз ағаш, бұлақ сияқтыларға сенген. Мал иелерінің есімдері сақталған: Шопан ата, Қамбар ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шешек ана. Отқа табыну үлкен рөл атқарған.

Ақын- жыраулардың ауызша халықтық шығармашылығы қарқынды дамыған. Жиембет жырау (XVIIғ.), Ақтамберді (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Қазтуған (XVғ.) сияқты т.б. жыраулар әйгілі болған. Батырларды жырлаған эпикалық шығармалар пайда болды: «Ер тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды батыр» т.б. Поэмалар- «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз», «Мақпал», «Сұлушаш» т.б. XVғ. «Көшпелі философ», қайғылы іздеуші, зерттеуші Асан Қайғы өмір сүрді.

Діни және тарихи жазба әдебиеті пайда бола бастады. XV-XVIғ.ғ. аса құнды жазба деректердің бірі Жалаири- Қашқаридің «Жамиғат тауарихы» еді. 1587ж. кітап Борис Годуновқа сыйға берілді. XVIғ. тарихшы М.Х. Дулати өмір сүрді. Оның «Тарих-и- Рашиди» еңбегі Моғолстан тарихы туралы және алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керей туралы мәліметтердің бай жинағы.
Қазақтардың өмірінде музыка өнері үлкен орын алады. Кең тараған музыкалық аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы, соқпалы, үрлейтін аспаптар.

Дәріс №4. Қазақ хандығындағы Ресей... және өлкедегі отаршылдықтың аяқталуы.

Сұрақтары:

1 Қазақстан Ресейдің сыртқы саясатында. Қазақстан мен Ресейдің жақындасуының тарихи және экономикалық түп тамыры.

2 Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауы

1. Қазақ тарихнамасының бірден-бір маңызды мәселесі ол Қазақстанның Ресей құрамынына кіруі болып табылады, оның ішінде бұл процестіңұзақ қайшылықтарға толы болуы.

Қазіргі тарихнамада Қазақстанның Ресейге кіру мәселесін анализдей отыра, екі тұрғыда қарастыруға болады: біріншісі жаулап алушылық, екіншісі өз еркімен кіру, одан кейін әскери күшпен қосып алу. Қазақстан Ресейдің шығыстағы сыртқы саясатында маңызды орын алды. Ресейдің шығыстағы саясатының бастысы ол оңтүстік және оңтүстік-шығыс шекараларында өзінің экономикалық және саяси қызығушылықтары мен ықыластарын орнату.

Қазақ даласы географиялық орналасуы жағынан өте қолайлы болды, ол арқылы шығыс елдерімен сауда және саяси қарым-қатынастар орнату оңай болды. Ресей қазақ даласын Орта Азия және Шығыс мемлекеттерімен байланыстыратын берік, әрі сенімді көпірге айналдырғысы келді.Ресейдің Қазақстанға деген қаржы-экономикалық, саяси және әскери қызығушылықтарыбасынан бастап сезілді. Бұл саясатқабасшылықтың барлық іс-қимылдары жұмсалды. Ресей әскери әрі экономикалық дамуы жағынан әлдеқайда күштірек болды. Бұған қарамастан Ресей әлі де болса өз күшіне сенімсіз болды. Сондықтан Ресей Қазақстан мен басқа Ортаазиялық хандықтардағы талас-тартыстарды пайдаланды.

Қазақстан арқылы Ресей өзінің шығыстағы сыртқы саясатының проблемеларын шеше алы. Петр І Қазақстан арқылы Қытай, Парсы, Түркия сияқты елдермен жақсы сауда қатынастарын орнатуға болатындығын түсінді. Ол: “Қырғыз-қайсақ ордасы басқа Азиялық елдердің кілті мен қақпасы” деп айтуы бекер емес.

Қазақ хандықтары мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынастар XVI ғасырға дейін болғаны байқалады. Бұрынғы заманнан бастап ортаазиялық және басқа да шығыс мемлекеттерімен екі жаққа да пайдалы қарым-қатынастарда болды. Қазақтардың ата-бабалары тұрған Дешті-Қыпшақ оның шекаралары мен ортаазияның оазистерін байланыстырып тұрған байланыстырушы дедал болды. Ресей Дешті-Қыпшақтағы болып жатқан жаңалықтарды біліп жатты. Қазақтар мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың қандай екендігі тек Ресейдің Алтын Ордадан босатылуынан кейінкөрінді. Кейін қазақ этносаяси одағының пайда болуынан кейін дипломатиялық саяси және шаруашылық қатынастар орнайды. Ресми түрде қазақ-ресей қатынастары XV ғасырдың 90-жылдарында басталады, ол туралы орыс архивтеріндеатап өтілді. Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар Қазан мен Астрахань хандықтарын жаулап алғанан кейін жөнделді.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 445 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...