Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 5 страница



Осыдан кейін 1932-33 жылдары Ұлы Жұт басталды, бұдан тікелей 1 млн 321 мың адам, анық емес 798 мың адам немесе жалпы қырғындар саны 2 млн 119 мың адамды құрады. Осының салдарынана республикадан тыс жерлерге 1 лмн 30 мың адам қоныс аудрса, оның 414 мыңы қайтып оралды. Бұл қазақтар үшін үлкен шығын болды. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар 3 млн628 мың адамды құрады. Большевиктер аштықты; Украина, Ресей, Закавказье, Орта Азияда т б ұйымдастырды, бірақ осындай көпшілікті геноцитті әле де ешбір халық бастан кешпеген. Этностың құрамын толықтыру үшін 40 жыл қажет болады.

30- жылдары КСРО-да колхоздық құрылыс орнады. Шаруа қожалықтары кооперативтерге бірікті, бірақ еңбек кооперациясы өндіріс технологиясына әсер етеді. Таб № 3

20-40 жылдары мемлекеттік тұрғындар саны 20-25 %, ал ауыл өндірістері 85-90% өсті. Ал мал шаруашылығы қысқарды. 1928 жылы Одақ бойынша 60,1 млн мал басынан 1934 жылы 335,5 млн жылқы, 32,1 млн-нан 14,9 млн-ға кеміді.

Жағымды жақтары? Біріншіден ішкі нарық құрылып, қорлану мәселесі шешілді. Екіншіден ауыл өндірісндегі адамдардың саны азайтылды. 1928 жылы ауылда 80% жұмыс істесе, 1940 жылы 5493 қосылды. Бұл режим 15-20 млн адамды босатты., олар советтік жұмысшылар тапты құрады. Колхоздан номиналдық баға бойынша үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерін өткізді. Бұл өндірістің – шикізат, шетел экспорты – құрал-жабдықтар асудағы валютаға ие болғанын дәлелдейді. Колхоздық жүйе 40% өндірісін дамытты, ал күштеу кезінде 15% болды. Сонымен нан алу үшін колхоз председателінен басқа ешкім керек емес болды.

Большевиктердің білім мәселесіне аударған көңілі осыдан басталды. Бұл каркасқа идеологиялық құрулар ықпал етеді: әскери атеизм, бүкіл жерде маркстік-лениндік методология, партиялық т б.

Білім жүйесінің дамуы (бұқаралық сауатсыздық ликвидациясынан жоғары білімге дейін) сөзсіз, Кеңес билігінің ірі жетістіктерінің бірі. Барлық жерде ақысыз мектептер құрылады, медресе, мектеп, орыс-қазақ мектептерінің кеңестік мектептерге түрлену жұмысы белсендіжүргізіледі. 30 жылдардың басына қарай Қазақстанда міндетті бастауыш білім (1930 ж), кейін – міндетті жеті жылдық білім (1931 ж) енгізіледі. 20 жылдары Қазақтсанда ғылым дами бастайды, бірінші ғылыми мекемелер: хим-биологиялық лабораториялар (1922 ж), өсімдікті қорғайтын өлкелік станция (1924 ж), санитарлы-бактерологиялық институт (1925 ж) және т б пайда бола бастайды. 30 жылдардың басында ғылымның академиялық құрылымы қалыптасады – АН СССР- ң Қазақстандық базасы (1932 ж), ал 1938 жылдан АН КССР Қазақ филиалы қалыптасады. Тұңғыш жоғары оқу орындарықалыптасады: ҚазПИ (1928 ж), Алматы мал-дәргерлік институты (1929 ж), ҚазСХИ (1930 ж), медициналық (1931 ж), ҚазМУ (1934 ж) және т б. Әдебиет маңызды дамуда болды. А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймаутовтың шығармалары үлкен атаққа ие болды. “Пролетарлы” әдебиеттің жас, дарынды өкілдарінің плеядасы пайда болады – С. Сейфулиннің, Б. Майлиннің, И. Жансүгіровтың, С. Мұқановтың, М. Әуезовтың және т б. Музыкалық және театрлық өнер қалыптасады. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік музыкалық театры ашылады, бірінші қойылымдары М. Әуезовтың “Айман-Шолпаны”, Б. Майлиннің “Шұғасы” болды. Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, К. Байсейітова, Ж. Шанин және т б кең атаққа ие болды.

30 жылдардағы ірі әлеуметтік жеңістер: тегін оқу, медициналық жәрдем көрсету, тегін үй т б. 1934 жылы материалдық жағдай жақсарды. Қарапайып адамдар қоғамға шыға бастады. Қарапайым жұмысшылар, стахандықтар жоғары бағаланды. Сондықтан халықтың көбі партиялық мемлекеттік билікті қолдады.

9 Дәріс. 40-60 жылдардағы Қазақстан.

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан.

2. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан.

1. 1941 жылы 22- маусымда Германия КСРО-ға шабуыл жасады, сөйтіп, осылайша Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыс алғашқы күннен-ақ мемлекетті дағдарыс жағдайына ұшыратты. Алтыншы күні немістер Белорусия астанасы – Минск қаласы мен оның батыстағы әскери округіне баса көктеп кіреді. Сонымен бірінші айдағы соғыстың нәтижесі одан әрі қорқынышты болды. 1941 жылы мусым айында құрылған 5,4 млн Қызыл армия солдаттары мен офицерлерінің ішінене 3,9 млн тұтқынға алынды. Бұл жағдай, яғни мемлекеттің өз әскерінен айырылып қалуына таяу қалғандығын көрсетеді. Бірақта бұған халық қарсы тұра лаып, көптеген шақырулармен өз әскерлерінің санын толықтырып алды. КСРО-да бір жыл ішінде қолға қару алған 30,6 млн адам болды, осының ішінен советтік-германдық майданда 29 млн адам болды. Өз кезегінде Германия 16 млн адам жинады, оынң ішінен шығыс майданда 10,7 млн адам болды. Немістерде есік және жаңа техникалардың барлығын санады, ал КСРО-да тек қана жаңа техникаларды санады. Осындай санақта немістерде 3582 танк (жаңа Т-ІІІ, ІҮ 1634 единицы, ескі Т-І,ІІ 1700 және248 шт. ескі трофейные чешские), ал Кеңес Одағында барлығы 1475 танк болды, немесе үш есе аз болды, немістерге қарағанда. Бірақ мына санаққа жаңа үлгідегі танкілер ғана кірді (КВ,Т-34) және ескі 7000 танклер есептелген жоқ. Сөйтіп Қызыл әскердебарлығы 8475 танк, несесе немістердікінен 2,5 есе көп. 1941 жылы қыркүйекке қарай КСРО 8166 ұшағынан айырылды, немесе соғысқа дейін болған ұшақтардың 96,4 % айырылды. Осы жылы Киевтің қасында несістер 452720 адам, яғни 60 мың командалық құрамды қоршап алды. Осы қоршауда бүкіл командалық құрам қазақ тапты. Осы бірінші және соғыстың ең үлкен қасреті болды. Содан кейін 1941 жылы желтоқсанда Қырымда, 1942 жылы мамыр айында Ъарьковта, Сталинградта осындай жағдайлар болды. Бұл жерде кеңестік әскери қолбасшылардың таланты мен әділеттіктері жөнінде үлкн сөзбен айтуға болады. Халық жеңіс үшін барлығына шыдап, өте үлкен шығынға ұшырады. КСРО-да майдан мен тылда қаза тапқандардың саны 28,6 млн болды. Ал Германияда – 6,8 млн адам болды. Басқаша айтқанда 1 өлген неміске 4 кеңестік солдаттан келіп отырды. Солдаттардың қанын ешкім де аяған жоқ. Ұлы Отан соғасына Қазақстан бір бөлек мемлекет ретінде қатысты, ал оның халқы соғысты ортақ қайғы ретінде қабылдады. Сонымен қатар мұнда патриотизм жоғары болды, оынң ұлдары мен қыздары майданда ерлікпен соғысты. Қазақстанда әскерге 1млн 196 мың адам, ал тылдық жұмысқа 700 мың адам қатысты, барлығы 1 млн 896 мың болды, олардың ішінен 430 мың, немесе әрбір төртінші қайтыс болды. Сондай жағдайда Қазақстанда майданға жинау пайызы орташа мемлекеттік пайыздан 25% жоғары болды. Республикада 12 атыс бригадасы, 4 кавалеристік дивизия және шамамен 50 жеке полктер мен ботальондар болды. Жүз мыңдаған қазақстандақтар өздерінің батыл ерлігімен, батырлықтарымен орден,медальдармен марапатталды және шамамен 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды, ал төртеуі екінші дәрежелі батыр атанды: Т. Бегелдинов, С. Луганский, Л. Беда, И. Павлов, екі қыз: Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова. Республикада экономиканы әскери рельстергекөшіру жөнінде үлкен жұмыс істелінді. Бейбітшілік басқарудың шығысы тез қысқарып қалды. Өндірісі аз көпеген кәсіпорындар өздерінің жұмыс күшін, өндірісін яғни өнімін, станок техникаларын арттыра түсті. Қазақстан өз террториясына майданнан эвакуацияланған көптеген халықтардың барлығын өз мәдениеттерімен, салт-дәстүрлерімен сыйғызды. Республикада 220 фабрика, зауыттар, шеберханалар, комбинаттар жұмысқа кірісті. Республикада кәсіпорындар үлкен кәсіби құрылыстарға айналды. Олар миналар, снарядтар, бомбалар, от атқыштар, радио станциялар және т.б. қару мен әскери техниканың түрлерін шығарды. 1941-1945 жылдар аралығында барлығы 460 зауыттар, фабрикалар, рудниктер, шахталар және жеке өндірістер құрылды. Соғыс жылдары Қазақстанда кәсіби өндірістер 37 % өсті. Бұл қызу еңбектің нәтижесінде жүзеге асты. Бірақта соғыс өзінің қатал әрекеттерімен пайда болған мәселелерді шешу әдістерінің мүмкіндігіне кедергі жасап отырды. Сол себепті кеңестік тыл еңбекшілері майданға қажеттіі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге өздерінің күштерін аяған жоқ. Қазақстан тұрақты арсенал мемлекеті болды. Республикада 35% жалпы одақтық мыс, 83% қорғасын, 60 % молибден, 65% металдық висмут, 79% полиметаллдық руда өндірілді. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлары 34 млн тонна көмір, 39% мұнай өнімі жоғарлап шығарылды. Ауыл шаруашылығының еңбекшілері бар күштерін салып еңбек етті. Мұнда негізгі жұмыс күші әйелдерге түсті, көптеген колхоздардың 80%-і жұмыскер әйелдер болды. Егіншіліктен бүкіл елге әйгілі болып, рекорд жасағандар Берсиев (тары 202 ц\га), Жақаев (күріш 172 ц/га), Мұхамедиев (қызылша), шопан көрсеткіші Ж. Мұқашев, бақташы Ш.Шұғайыптар. Республиканың ауылшаруашылық еңбекшілері соғыс жылдарында кәсіпорындарда ел үшін 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет және т.б. көптеген тамақтар мен өнімер жіберді. Қазақстандықтар қорға барлығы 4 млрд 700 млн ақша жинады. Сонымен қатар, соғыс ардагерлеріне сыйлықтар, жылы киімдер, посылкалар жіберді. Тұрғындардан шамамен 25 млн жылы киім түсті, майданға 1600 вагон сыйлықтар жіберілді. Үлкен күшпен әрең дегенде Қазақстан халқы, сонымен қатар кеңестік халық мемлекеттің Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге аянбай күресті.

2. Ұлы Отан соғысын әзер дегенде аяқтап, кеңестік халық қираған ауылшаруашылығын қалпына келтіруге көшті. Мыңдаған қалалар, он мыңдаған ауылдар мен селолар қиратылды. Енді міне, осындай жағдайда қазақстандықтар мемлекеттің батыс аудандарын қалпына келтіруге аямай күш салысты. Тек қана Украинаға 500 трактор, 140 паравоз бен 400 ауылшаруашылығының мамандары жіберілді. Қазақстан солтүстік Кавказ, Белоруссия, Ленинград, Сталинград облыстарымен және т.б. қалалар мен аудандарды басқарды. Осында 17,5 мың бас ірі қара мал, 22 мың жылқы, 350 мың қой жіберілді. Сонымен қатар Республикада экономиканы бейбітшілік рельстерге көшіру жұмыстары жүріп жатты. Қара және түсті металлургияның дамуына көп көңіл бөлінді. Оғна қоса таулы және көмірлі өндірісек де көңіл бөліне бастады. Теміртау қаласында металлургиялық зауыттың құрылысы аяқталып жатты және Өскеменде қорғасын-мырыш комбинаты, Бақашта мыс балқыту зауыты, Эльбада мұнай шығарудың жаңа салалары дамып, алдыңғы қатарға шығы бастады. 1954-1958 жылдар аралығында 730 өндірістік кәсіпорындар мен цехтар салынып, өз жұмыстарын бастады. Жеңіл өндірісте 65 кәсіпорын өздерінің өнімдерін берді. Сонымен қатар Мойынты – Шу, Жамбыл – Шолақтау темір жолдары салынды. 1958 жылы республиканың бүкіл темір жолдарын бір жүйеге біріктіретін “Қазақ темір жолы” құрылды. Энергетика да дамудың жоғарғы сатысында тұрды. 1960 жылы Қазақстан электроэнергияны 1945 жылға қарағанда 10,5 есе көп өндірді. Ауыл шаруашылығында совхоздар мен колхоздарды ірілендіру басталды, оның нәтижесінде 1945-1952 жылдары олардың саны 3 есеге қысқарды және олар 2047 болды. 1949-1953 жылдары ауылшаруашылығының өндірісі төмендеп қалды. 1,4-1,5 млн тонна нан өндірілді, яғни жыл сайын, 1928 жылға қарағанда бидай аз жиналды, орташа өнім 7,7 центнер гектар 5,6 ц/гектарға дейін төмендеп қалды. Ірі қара малдың саны өте тез азайып қалды.

Таблица 1.

жылдары 1951 жылы 1928 жылы
Ірі қара мал 4,5 млн. 6,5 млн.
Жылқы 1,5 млн. 3,5 млн.
Түйе 127 мың 1 млн.
қой 18 млн. 31 мың 18 млн. 566 мың

1954 жылы тың игеру туралы шашім қабылданды. Барлығы шаруашылық әркетке Сібір, Орал, Поволжье, Қазақстан 13 млн. га. жерді тың игеруге әрекеттенеді. Қазақстанда 6,5 млн. га. жерді игереді. Еік жыл ішінде шамамен 30 млн. га. жер, соның ішінде 18 млн.га. Қазақстанда игеріледі.Тың игеру Қазақстанды белгілі бір дәрежеге көтерді, мұнда 2 тонна бидай шығарылды. Бірақ та тың игерудің жаман жақтары да болды, яғни шаң-борандар топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкетіп отырды. Сонымен қатар экологиялық жоғалулар: бұлақтардың бастауы жоғалып кетті, жайылым өзендер тартылды және т.б. Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Молдовадан Қазақстанға қоныс аудару топтары көбейе түсті. 1954-1962 жылдары Қазақстанға шамамен 2 млн адам көшіп келді. Республикада тұрғындар құрамынан қазақтардың үлесі 30% дейін төмендеді, ол ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті жоғалтып алуға және тіліміздің ассиимиляцияға ұшырауына алып келді.

Соғыс жалдарынан кейін ғылым, білім, әдебиет дамудың жаңа жолына түсті. 1946 жылы мамырда АН ҚАЗ ССР құрылды, оның алғашқы президенті Қ. И. Сәтпаев. 1947 жылы М.А. Әуезовөзінің екінші кітабын “Абай жолы” роман-эпопеясын жазып бітірді. Осы жылы С. Мұқановтың “Сырдария”, Ғ. Мұстафиннің “Миллионер” романы, И. Шуханов, Т. Жароков, Ж. Саин және т.б. кітаптары шықты. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда “Ленинградтық іс”, “дәргерлер ісі” деген қуғындаулар басталды. Бұл жылдары “Е. Бекмаханов ісі” де жарияланады, оны “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” деген монографиясы үшін 25 жылға соттап жібереді. Саяси тұрғыдан М. Әуезов, Қ.Сәтпаев, А. Жұбанов, О. Сүлейменов және т.б. қуғындалады. 1951 жылы ұлттық эпостар: “Қобыланды, “Ер Сайын”, “Шора-батыр”, “Ер Едіге” деген эпостар жарық көреді. Тек қана 1953 жылы наурыз айында Сталиннің өлімінен кейін репрессияның жаңа толқыны тоқталады. Сталиннің өлімінен соң тоталитарлық жүйені ауыстырудың 2 жолы айқын көрініп тұрды: 1) барлығын сол күйінде өзгеріссіз қалдыру; 2) тоталитарлық жүйеге қандай да бір өзгеріс енгізу. Көбі екінші жолды алуға ұмтылды. 1953-1954 жылдар аралығында мемлекетте социалдық өмірге қарама-қарсы қайшылықтар бұрылды. 1956 жылы ақпанда Мәскеуде КПСС-тың ХХ съезді құрылды. Сталиннің саясатын жою туралы сұрақтарнегізгі мәселе болып табылды. КПСС ОК-ң бірінші хатшысы Н.С. Хрущев болды, ол жауапкершілікпен алға қарай басып 30-40 жылдардағы репрессияға ұшырағандарды босатып, көптегензаңсыздықтарды жойды. Бұл Сталиннің саясатын жоюдағы алғашқы қадам болды. Бірақ та бұа авторитарлық режим түбімен жойылған жоқ. Тек қана түрме мен лагерьден кейбір беделді адамдардың біразын шығарды. Басталған реформалар аяқсыз қалды. Мыңдаған сотталған адамдар бостандық ала алмады. Қазақстанда бұрынғыдай “халық жауы” болып есептелінгендер: А.Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев және т.б. әлі де жау болып есептелді. Әлі де болса көптеген қайғылы тарихи оқиғалар болып жатты.

10 Дәріс. Қазақстан 70-80жылдары.

1. Мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қиыншылықтары. Кризистік құбылыстардың көбеюі.

2. Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайы.

1. 60 жылдардың ІІ жартысында нәтижелі қоғамдық өндірістің дамуына және экономиканың интенсивті түрде дамуына қатаң түрде қарады. 1965 жылы ақпанда өнеркәсіптің дамуына КПСС ОК пленумы шешуші рол атқарды. Кәсіпорынның өндірісіне экономикалық жағдай жоспарланды, пленумның шешіміне сәйкес, елде реформа жоспарлана бастады. Шаруашылық есеп, экономикалық рычаг кеңінен қолданылды, пайда, баға, сыйлық, несие, материалдық жағдай жасау және т.б. кірді. Елдерде щекиндық химкомбинат инициативасы жайылды. Оның девизі “аз мөлшердегі жұмыскерлермен көп өнім алу” болды. Бұл шаруашылықтың механизация есебінде экстенсивті әдіспен интенсивті әдіске ауысуы маңызды қадам болды. Өндірістік техниканы жетілдіру, жұмыскерлердің материалдық қызығушылығы және т.б.

Капиталдық құрылыста да, басты өзгерістер болды. Бұған бригадалық қимылқозғалысы мүмкіндік жасады. Бұл өндірістік еңбектің тарауына 23-25% жағдай жасады, еңбектің шығындалуын 13-15% азайтты. Осының нәтижесінде ең алғаш рет СССР тарихында 8 бесжылдық экономикалық реформаның жоспары орындалды (1966-1970).

1966 жылы Қазақстан шаруашылық есебіне 11 ірі кәсіпорын енгізілді. 1967 жылдың аяғында жаңа принциппен 193 шаруашылық кәсіпорын жұмыс істеді, ал 1970 жылы 80% өнеркәсіптік кәсіпорын болды. Осының нәтижесінде рентабельдік және өндірістік еңбек өсті, жоғары қарқын мен жеңіл өнеркәсіп те дамыды. Жаңа салалар пайда болды: химиялық және көлік жасау.

Еңбек өндірісі республикамызда 1,5 есеге өсті, өнеркәсіптік өндіріс1,6 есеге өсті. Өнеркәсіптің 70% қосыла өсуі нәтижелік өндірудің есебінде болды. 70 жылдардың басында бірікен солтүстік Қазақстан эенргожүйесі шықты. 48 жаңа тамақ өндіру кәсіпорыны жұмыс істеді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да дамыды. Ауыл шаруашылық өнімі 28% өсті, еңбек өндірісі 1,8% өсті. Қазақстан одақтық ауыл шаруашылық өнімнің 11% өндірді. 70 жылдардың басында ауыл шаруашлық жерлерді интенсифицироватетуге әрекет жасады және жерді механизацияландырды.

1977 жылы мемлекет алғаш рет жеке меншік секторын қолданды, үйдегі мал басына шек қойды, үй маңындағы үлес жер көлемі ұлғайды. Бірақ ойлаған нәтижеге жетпеді.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында адамдар жаңа ғалыми-техникалық ревалюцияға аяқ басты. Кеңестік экономика техникалық прогрестің жетістігіне қаблетті болды. Енді жағдай өзгерді. Социализмнің ескі модельге ауысуы, экономикалық заңның орнына, материалдық стимулдың ауысуы елдің экономикасын нашарлатты.

2. Жалпы Қазақстан экономикасына да ауыр жағдай болды. Оның дамуы шикі зат және отын энергетика ресурстары айналымы сипаттайды. Бұнда 1000 жуық өнеркәсіп мекемесі және цехтар енгізілді, сонымен қатар кизаин заводы Шевченко қаласында, Павлодар, Қарағанды, Шымкент қалаларында резенке техникасын және мұнай өндіретін завод, Екібастұз және Ақсу қалаларында ГРЭС және т.б. бар.

Өнеркәсіптің жартысы республикамыздағы одақтық министрлерге бағынышты болды және олар республикамызға түскен түсімді, қорды өздеріне алып отырды, инфроструктураның дамуына ешқандай үлестерін қоспай, соныме жыл сайын түсім 15 млрд руб болса, республика бюджетіне 30 млн руб болған. Қазақстанның инфроструктурасын дамытпай, одақтық министрлер жабылған өз қалаларын қайта салды (Ленинск, Курчатов ж/е т.б.). Қазақстанның қоршаған ортасының мәселелеріне көңіл бөлмеді, яғни, (Арал апаты, Семей), Атырау, Қаратаз, Шымкент, Теміртау ж/е зиянды өнімдер шоғырланды.

Шикізат экономикасы Қазақстанды мынадай жағдайға әкелді, мында мүлде жеңіл өнеркәсіп болмады, 60% сатылмайтын басқа елдерден әкелінген, әкелінген заттың өзі Қазақстан шикізатынан жасалған болды. Өндірістік азықтар өсімі және ұлттық өсім азайды. Егер 1917-75 жылдарыөндіріс продукцияның өсімі 8,4% болса, 1981-85 жылдар аралығында 3,8 % төмендеді, ұлттық қосылым осы жылдар аралығында 4,4%-тен 1,4% қысқартылды.

Осындай ахуалға ауыл шаруашылығы да ұшырады, бірақ шаруашылық өніміне онша әсер еткен жоқ.1971-1985 жылдары ауыл шаруашылық өнімі 23% өсті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының саны да 23% өсті. Егістік жерлер республикамызда бидай мәдениетінде 25 млн.га. жетістікке жетті. Бұл инвестицияның 55% құрылысқа кетті. Республикамызда жыл сайын 30% ауыл шаруашлық өнімі, транспортқа, уборка кезінде жоғалды.

Саяси мемлекеттердің алым бағасы ауыл шаруашлық жұмыскерлерін тонады. 70-80 жылдар арасында ауыл шаруашылық өнімнің бағасы екі есеге өсті, ал өнеркәсіптік өнімнің бағасы 2,5 есеге өсті. Ауылдан түскен пайда техниканы, химикатты төлеумен кетті. Сондықтан ауылдық продукция өнімі өсті. Бұның бәрі “шаруашлықтың жоспарлы шығындалуына” әкелді, оның сандары өсті. 1970 жылы совхоз 26%, колхоз 4%, ал 1985 жылы шамамен 53% және 49% болды.

Мал шаруашылығында жағдай төмен деңгейде болды. Құсқа қарағанда ол өте шығынды болды. 1975 жылы сүт өндіру Қазақстанда 22% төмендеді, 1985 жылы 6% төмендеді. 1975 жылы ет өнімдері 4,2% төмендеді, 1980 жылы 0,5% төмендеді.

Сондықтан бидай өндіру және мал өсіру тез дамыды, жұмысшылар күші ташы болды. 70 жылдардың аяғындахалықты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблема болды. Жыл сайын мемлекетшет елдерден 40 млн тонна нан сатып алуға мәжбүр болды. Халық тұтынатын тауарлар тапшы болды. Әлеуметтік-экономикалық деформация және қателер саяси ұлттық қарым-қатынастарды, мемлекет басшылары баяғыдай барлығы жақсы деп есептеді.

Қазақстанда тіл саясатын ұлтаралық қарым-қатынас қолдады, қазақ тілінің проблемалары айтылмады. Қазақстанда екі тіл кеңінен жарнамаланды, бірақ орыс тілінің үстемдігі арта түспек, өйткені қазақтардың 60% орыс тілін білсе, орыстардың 1% қазақ тілін білген. Қазақ тілі тек тұрмыста ғана қолданылды. Іс қағаздар, мемлекеттік, әскери орындарда, дипломатиялық қатынастарда, жоғары оқу орындарында эәне ғылымда орыс тілі жүрді. Кітаптың 95% орыс тілінде, телебағдарламаның 70% орыс тілінде болды. Бұған қоса қала аттары, ауыл аттары, өзен, көл, тау, көше аттары да орысша болды.

11 Дәріс: Қазақстан 80-ші жж. 2-ші жартысында және 90-ші жж. бас кезінде.

Сұрақтары:

1.Елде түбегейлі түрде реформалаудың әрекеттері: сәтсіздіктері және салдары;

2. Қазақстандағы әлеуметтік- саяси працесстер 1986 жылы Желтоқсан оқиғалары және оның салдары.

1. 80-ші жж. Ортасынан терең экономикалық және саяси дағдарыстың құбылыстары шиеленісе түсті. Халықішінде елбасылардың моральдық деградациясы, істерді жүргізудің ескі әдістері жаппай назарлық туғызды. Шетелде елдегі жағдайды сипаттайтын мақалалар көбейді. Бұл мақалалардың авторлары елден қуылған басқаша ойлайтындар (диссиденттер) болды. Жұмысшы топта шаруашылықта, зиялы қауымда ескіше өмір сүруге болмайтыны айқын бола түсті.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 563 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.018 с)...