Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӘріс сабаҚтарыныҢ кешені 1 страница



Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров а тындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Тарих, археология және этнология» кафедрасы

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша

бакалавр студенттеріне арналған

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ КЕШЕНІ

Құрастырушы:

ТАжЭ кафедрасының аға оқытушысы

Каскабасова А.А.

Павлодар

Дәріс 1 Ежелгі Қазақстан

1. Тарихқа дейінгі кезең, оны ѓылыми дєуірлеу жєне хронологиясы.

2. Тайпалық одақтар мен Қазақстан территориясындаѓы алѓашқы мемлекеттер.

1. Адамзат тарихы адам мен адамзат қоѓамының пайда болуынан басталады.

Қазіргі уақытта ѓалымдардың бір бµлігі ежелгі адам 1-1,5 млн жыл б±рын пайда болды десе, енді біреулері 2,5 млн жыл б±рын деп пайымдайды. Тарихқа дейінгі кезеңді дєуірлеу к‰рделі жєне бірнеше арнайы жєне жалпы кезеңдері белгілі. Арнайы кезеңдеудің ішіндегі маңыздысы- еңбек қ±ралдарын жасау материалдары мен техникасының єрт‰рлігіне негізделген археологиялық кезең. Б±ндай кезеңдеудің авторы дат ѓалымы Х.Ю.Томсен болып табылады.

Осы кезеңдеуге сєйкес адамзат қоѓамының тарихын 3 ‰лкен дєуірге бµледі: Тас ѓасыры-2,5 млн жыл б±рын б.э.д.3 мыңжылдық; қола ѓасыры- б.э.д.2 мыңжылдықтың басы; темір ѓасыры-- б.э.д.1 мыңжылдық. Кейін осы ѓасырлардың µздері жеке дєуірлерге бµлінеді. Сонымен тас ѓасыры 3 дєуірге: палеолит,мезолит, неолит болып бµлінеді жєне б±лар бір-бірінен тасты µңдеу техникасы, тас қ±ралдардың пішіні мен қолданылуына байланысты ерекшеленеді. Ал осы дєуірлер кезеңдерге бµлінеді: ерте палеолит (2,5млн-140 мың жыл б±рын), орта палеолит (140-40 мың жыл б±рын), соңѓы палеолит (40-10 мың жыл б±рын). Сонымен қатар белгілі бір заттай ескерткіштер жиытыѓын сипаттайтын мєдениеттерге бµлінеді. Мєдениет негізінен µз атауы табылѓан жердің атауымен аталады.(шельге дейінгі, олдувейлік мєдениет, шелль, ашель, мустье, ориньяк, солютре, мадлен). Таѓы бір кезеңдеуді Л.Г.Морган «Ежелгі қоѓам» кітабында ±сынды. Б±л кезеңдеудің археологиялықтан айырмашылыѓы ол технологиялық критерилермен шектеліп қана қоймайды, сонымен єр кезеңнің материалдық мєдениетіне жалпылама сипаттамасына негізделеді. 18 ѓасырда қалыптасқан тарихи процесті жабайы, варварство жєне µркениет дєуірлеріне бµлуді пайдалана отырып,ол єр айтылѓан дєуірдің ең тµменгі, орта жєне жоѓары сатыларын бµліп кµрсетті. Тµменгі саты- адам мен сµздің пайда болуынан, ортаңѓы саты- балық аулау жєне отты пайдаланудан, жоѓары саты- садақ пен жебені ойлап табудан басталады. Жабайылықтың тµменгі сатысына керамиканың таралуымен, ортаңѓы сатысына µту- мал шаруашылыѓы мен жер µңдеуді игерумен, жоѓарѓы сатысына µту- темірді игерумен єйгілі болды. Ал жазуды ойлап шыѓарудан µркениет дєуірі басталады.

Қазақстан территориясына халықтың қоныстану барысы мен кезкңі тарихқа кезеңдеудің деректеріне байланысты қаралуы м‰мкін.

Шетелдік тарих ѓылымында таралѓан кезеңделу ‰лгісіне байланысты адамзат қоѓамының дамуы 3 негізгі баѓыт бойынша ж‰рді: антропогенез (адамның маймыл тєріздес кейпінен қазіргі т‰ріне дейінгі морфологиялық дамуы), техногенез (еңбек қ±ралдарын қолдану мен техниканы µңдеудің дамуы), социогенез (адамзат қоѓамының қарапайым табын т‰рінен к‰рделі қауымдық ±жымѓа дейін дамуы). Осы 3 баѓыт тµртінші баѓытты қ±райды-адамның рухани мєдениетінің дамуы.

Қазақстан археологтарының зерттеулері арқасында республика территориясындаѓы адамзат қоѓамының дамуының негізгі кезеңдерінің жалпы кµрінісі қайта қ±рылды. Ал б±л археологиялық кезкңдеу шеңберінде тарихқа дейінгі адамзаттың материалдық мєдениетін жаңа ашылулар бере отырып сипаттауѓа м‰мкіндік береді.

Қазақстан территориясында ежелгі адам µмір с‰рді ме? ¤кінішке орай Қазақстан территориясында єлі к‰нге дейін тарихқа дейінгі адамның с‰йек қалдықтары табылѓан жоқ. Тек жанама мєліметтерге с‰йеніп қана ѓылымда питекантроп, синантроп жєне неандерталь деген атпен белгілі арѓы тек µкілдерінің болѓандыѓына болжам жасай аламыз.

2.Біздің Республика территориясында адамның ең алѓашқы іздері ерте палеолитке жатады. Неѓ±рлым ежелгі т±рақтарѓа Оңт‰стік Қазақстандаѓы Кіші Қаратау жотасында орналасқан Бµріқазѓан жєне Тєңірқазѓан т±рақтары жатады. М±нда ең ежелгі тас қ±ралдары (кремневые отщепы, кескіш қ±ралдар, ара, нуклеустер) табылѓан.

Орта палеолитте (кейінгі ашель жєне мустье уақыттары, шамамен 140-40 мың жыл б±рын) тас қ±ралдардың жаңа т‰рлері садақтың ±шы мен қырѓыш пайда болды. Б±л дєуірге тєн т±рақтар оңт‰стік жєне Орталық Қазақстанда (Ащысай т±раѓы жєне Батпақ-8, Қарабас-3, Агренсор-2) ашылды.

Мезолит (б.э.д. 12-10-5 мың жыл б±рын) Қазақстан тарихындаѓы неѓ±рлым зерттелінген кезең болып табылады. Б±л кезең µндірістік шаруашылық,яѓни мал шаруашылыѓы мен егіншіліктің пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар негізгі жетістіктерінің бірі садақ пен жебенің, бумерангтың пайда болуы еді. Тас жєне басқа материалдарды µңдеуде маңызды µзгерістер болды. Адамдар тесу, кесуді, тегістеуді ‰йренді. Мезолиттік т±рақтарда ±сақ кремнийлік қ±ралдар (микролиттер) мµлшері кµп сақталѓан.

Неолит дєуірінде (б.э.д.5-3 мың жыл) табиѓи орта қазіргі келбетіне ие болды. Неолит – б±л тасты пайдаланудың г‰лденген уақыты. Мал шаруашылыѓы мен егіншілік дамуы неолиттің негізгі сипаты еді. Шаруашылықтың б±л т‰рлері адамның еңбек єрекетін кеңейте отырып, адамзат қоѓамының дамуында ‰лкен маңызѓа ие болды. Тау кен ж±мысы мен керамика жасау прайда болды. Єлеуметтік қатынастарѓа келетін болсақ рулық қауым сақталды. Қауымда ±йымдасып еңбек етті жєне µндіріс қ±ралдарына жалпы меншік болѓан еді. Сонымен қатар тайпалар немесе тайпалық ±йымдар қ±рыла бастады. Шаруашылықта єйелдердің еңбек к‰ші басты роль атқарды. Туысқандық аналық жаѓынан саналды.

Адамзат қоѓамының келесі даму сатысы адамдардың еңбек қ±ралдарын металдан жасай бастауымен сипатталады. Б±л уақыт тарихта қола ѓасыры (б.э.д 2-1 мың жылдық) деген атауѓа ие болды. Қазақстандаѓы қола ѓасыры тайпаларының мєдениеті андроновтық жєне беѓазы-дєндібай мєдениеті деп аталады.

Андронов мәдениеті Ашынасқа жақын Андроново селосында табылған ескерткіштерге сәйкес аталған. Ол ежелгі (б.э.д.18-16ғғ.) және орта (б.э.д.16-12ғғ.) қола ғасырына сәйкес келеді. Археологиялық мәләметтерге қарағанда андронов мәдениетінің тайпалары өзен жағалаларындағы мекендерде отырықшылық өмір салтын жүргізген. Оларға кешенді егін және мал шаруашылығы тән. Бұл мәдениеттің басты этнографиялық белгісі өзіндік ерекше жерлеу салты (өлген адамды қырынан бүктеп жатқызған) мен геометриялық оюлармен әшекейленген керамика болып табылады. Аналық ру аталық румен ауысқан. Туысқандық әкелік жағынан қарастырылды.

Б.э.д. 2 мыңжылдықтың аяғы мен 1 мыңжылдықтың басында Орталық Қазақстанда ерекше архитектуралық жерлеу кешендері табылған. Мұны академик А.Х.Марғұлан беғазы-дәндібай мәдениетіне жатқызады. Солтүстік Балхаш маңындағы Беғазы және Қарағанды облысындағы Дәндібай молаларына байланысты беғазы-дәндібай мәдениеті деп аталған. Бұл ескерткіштерге бір жағынан андрронов дәстүрі сақталса, екінші жағынан мәдениеттің жаңа элементтері: жаңа жерлеу салты (арқасынан созып жатқызу), және шар пішінді керамика пайда болды.

Ал кейінгі қола дәуіріне жайлауға, кейін көшпелі мал шаруашылығына көшуіне байланысты мал санының өсуі тән. Дәл осы кейінгі қола дәуірінде көшпелі мал шаруашылығына өтуіне алғышарттар қалыптасып, Қазақстан территориясында көшпелі қоғам қалыптаса бастады.

Сөйтіп тарихқа дейінгі кезең антропосоциогенезден басталды. Кезеңнің негізгі мазмұны – еңбек ету процесі нәтижесінде адамтәріздес маймылдардан тараған жануарлық кейіп қалдықтарынан арылуы, әлеуметтік байланыстардың өзгеруі, сонымен бірге адамның өзінің биологиялық дамуының аяқталуы болып табылады.

Біртіндеп техниканың жетілуі, яғни қарапайым тас және ағаштан жасалған еңбек құралдарының металмен ауысуы өндірісте үлкен өзгеріс әкелді. Ең басты нәтижесі терімшіліктен өндірістік шаруашылыққа көшу болды.

2. Қазақстан территориясында қоныстанған тайпалар өмірі туралы нақты мәліметтер өте аз. Неғұрлым дәлірек, бірақ әлі де жеткіліксіз материалдарды археологиялық қазбалардан аламыз. Ежелгі грек және рим тарихшылары мен географтарының, Қытай, кейбір араб,үнді т.б. авторладың мәліметтері үзілді- кесілді және әрқашанда нақты бола бермейді.

Б.э.д.8-7ғғ. Қазақстан территориясында алғаш тайпалық одақтар пайда болған. Антикалық авторлар оларды бір сөзбен- сақтар деп атаған.

Қазақ далаларында екі тайпалық одақ өмір сүрген: парадарай-сақтары және тиграхауда –сақтары. Парадарай-сақтары Арал маңында (Сырдария мен Әмудария төменгі ағысында), тиграхауда –сақтары шошақ бөрік кигендер – Сырдария мен Әмударияның орталық аймақтарында, Жетісуда, Тянь-Шаньда өмір сүрген. Ал хаомоварга –сақтары, яғни хаома шырынын дайындаушылар Мұрғаб аңғарын жайлаған.

Сақтар Орталық, Солтүстік Қазақстан жәнеоңтүстік Орал маңын мекендеген.

Сақ қоғамында сол кезде-ақ мүлік теңсіздігі байқалған. Сақ тайпалық ұйымдарының басшысы жоғары көсем—патша тұрған. Оны ұйымға кіретін тайпалар көсемдерінің кеңесі сайлады. Сақтарда халық үш әлеуметтік топқа бөлінген: жауынгерлер,абыздар,қауым мүшелері.

Ирандықтар мен гректер сақтардың әскерлеріне жоғары баға берген. Сақтар әскерлері б.э.д.5 ғасырда болған грек-иран шайқасында шешуші күрестерге қатысып, өздерінің батылдықтарын көрсете білді.

Сақтар дәуірі- халық аралық байланыстардың кеңейе түскен немесе сыртқы байланыстардың жеңілденген дәуірі. Сақтар қаратеңіздік скифтермен, Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия елдерімен сауда байланыстарын жасаған.

Сақтардың көбі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Көп жақты мал шаруашылығы болды: көшпеліден бақташылыққа дейін. Сақ тайпаларының көпшілігінде мал шаруашылығы мен егіншілік араласып отырды.

Металды өңдеу мен өндіруге байланысты қолөнершілер үлкен жетістіктерге жетті.

Сақ қоғамында діни нанымның басым түрі аруаққа сену, табыну болған. Археологиялық материалдар сонымен қатар күн мен отқа табынудың болғанын дәлелдейді. Сақ өнері қазіргі адамды да таң қалдырады. Оның негізгі компоненті ғылымда «аң стилі» деген атқа ие болған өзіндік өнердің бір түрі боолып табылады. Ежелгі әшекейлерде қозғалыста ұшу, күресу кездеріндегі жануарлардың суреттері салынған. Бұл стиль б.э.д.7-6 ғғ.Орта Азия, Қазақстан, Сібір, оңтүстік-шығыс Еуропа тайпаларында дамыған. Есік-Қорғанда табылған «Алтын адам» қанжар-ақынағы осындай классикалық аң стилімен жасалған. «Алтын адам» киімі де сақтардың жоғары көркемдік мәдениетін көрсетеді. Сақтардың жоғары дәрежедегі мәдениетін сонымен қатар олардың арасындағы жазудың кең тарағанынан көре аламыз.

Сақтар қоғамы әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамудың неғұрлым биік сатысына жетті. Нәтижесінде сақтар сол уақыттағы әлемдегі маңызды оқиғаларға қатысып, әлемдік мәдениет тарихында үлкен із қалдырды.

Шамамен б.э.д.3ғ. Қазақстан территориясында үйсіндер мен қаңлы тайпалары өмір сүрді.

Үйсіндер Жетісудың құнарлы жазықтарын мекендеді. Қаңлылар үйсіндердің солтүстік-батыс территорияларын мекен етті. Қаңлы тайпаларының көп бөлігі Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау аудандарын иеленді.

Үйсін және қаңлылардың қоғамдық құрылысы мен мәдениеті туралы қазылған қорғандар туралы мәліметтерді Қытай деректерінен аламыз.

Үйсіндер мен қаңлылар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан және әр түрлі қолөнер түрлерімен айналысқан: қыш ыдыс дасау, тігу, былғары өңдеу, қару-жарақ жасау, алтыннан, перстан айна, моншақ т.б. әшекейлер жасау. Үйсіндерде қаңлыларға қарағанда қолөнер жақсы дамыды.

Үйсіндер отырықшы халық болды, бірақ оларда қолөнер мен сауда орталықтары болмады.

Қытай деректеріне қарағанда үйсіндер саны 120мың жанұя немесе 630мың адам болған және олар 188 мыңға дейін қарулы әскер құра алды. Ал қаңлылар 600 мыңға жуық болған және соғыс кезінде олар 120 мың жауынгер дайындай алған.

Үйсіндердің жоғары көсемі болған және оған үйсін одағына кіретін тайпалардың барлығы бағынған. Жоғары көсемін «гуньмо» деп атаған. Оның ордасы Чигученде болған. Үйсіндер мен қаңлылардан жазба ескерткіштер қалмаған. Сондықтан олардың мәдениетін археологиялық деректерге сүйеніп қана анықтайды.

Үйсіндер дәуірінің қорғандарынан қыш ыдыс жасау, ұсталық және зергерлік өндірістің бай қалдықтары сақталған. Қазба жұмыстары қаңлыларда керамика өндірісінің кең дамығандығын дәлелдейді. Керамикалық заттар, оюланған торсықтар, алтын, қола, нефриттен жасалған әшекейлердің табылуы қаңлылардың Қытайменбайланыста болғанын куәландырады. Қаңлылардың астанасы Битянь болды.

Археологиялық ескерткіштермен қоса Қытай деректерінен де қаңлылар мәдениетінің бір қырларын біле аламыз. Бұл деректерде Кангюй патшасының жазбаша заңы бар екенін және ол өз ставкасында сақтайтындығы туралы айтылған.

Барлық ежелгі түрік тайпалары сияқты үйсіндер мен қаңлылар да өлген ата-тектерінің рухына, аспан, ай,күнге табынып, әр түрлі дәстүрлі мерекелер өткізген. Үйсін және қаңлы қоғамында әйел адамдарды аса құрметтеген.

Ғұндар Қытайдың Ганьсу провинциясынан солтүстікке және оңтүстікке қарай орналасқан қазақ далаларының шығыс шекарасына дейінгі территорияны толығымен иеленген. Олардың басты резиденциясы Орхон өзенінің бассейінінде орналасқан.

Ғұн одағының басында «шаньюй» деп аталатын көсем тұрған. Одақ құрамына 24 тайпа кірген және ол екі қанатқа бөлінген: шығыс және батыс. Тайпалар басында ақсүйектер тұрған.

Ғұндар сол кезде әскерін күшті және жақсы ұйымдастыра алған. Тайпа ақсүйектері бір уақытта әскери қолбасшы да болған және әрқайсысында 10 мың салт әскерлері болған. Жауға бірдей төрт бағыттан шабуыл жасай алды.

Ғұн мемлекетінің гүлденген кезі Мөде шаньюй (б.э.д.209-174) билігі кезінде болды. Б.э.д.1ғ. ортасында ғұн мемлекеті 2 жеке дара бөлікке – оңтүстік және солтүстік ғұндарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар б.э.д.56жылы Қытай императорының билігін мойындады.солтүстік ғұндар болса, Қытаймен күресін жалғастыра берді.Қытай әскерлерінің соңына түскен ғұндар Орталық Қазақстан далаларымен Сырдариядан сотүстікке қарай жатқан аудандарға шоғырланды. Бір бөлігі Арал және Каспий теңіздеріне қарай жылжиды.

Қазақстан территориясына ғұндардың топтап кіруі жергілікті халықтың антропологиялық түрін өзгертіп,түркі тілінің таралуына ықпал жасады.

Шаруашылықта басты рольді мал шаруашылығы атқарды. Малдың барлығын жыл бойы жайылымда ұстаған. Отырықшы егіншілікпен айналысқан тайпалар да кездесті. Ғұндарда малға деген жеке жанұялыұ меншік болған. Қазба материалдары мүліктік теңсіздік болғанын көрсетеді.

Осылайша қазіргі Қазақстан территориясында б.э.д.1 мыңжылдықтың аяғындағы тайпалардың қоғамдық- саяси және әлеуметтік –экономикалық

өміріндегі үлкен өзгерістер нәтижесінде ежелгі мемлекеттер пайда болды. Б.э.д.3 мыңжылдықта сақтар тайпалық одағы құлап, оның орнына қазақ тайпаларының этникалық құрамына, шаруашылығына өзгеріс әкелген жаңа үйсін және қаңлы мемлекеттері келді. Үйсін, қаңлы, ғұндар тарихы қазақ халқының қалыптасу процесінде маңызды бір кезеңді құрайды.

Дәріс 2. Ортағасырлардағы Қазақстан (5-15ғғ.)

1. Ортағасыр кезеңіндегі мемлекеттердің пайда болуы.

2. Ежелгі түрік мәдениетінің дамуы.

5-6 ғғ. тоғысында Еуразия кеңістігін біртіндеп түркі тілдес тайпаларының басып алуы ұлғая берді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқындасуы, территориялық- саяси нығаюы, бірігу бірнеше мемлекеттік бірлестіктердің – қағанаттардың құрылуына әкелді. Олар Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказда пайда болды. Бұл уақыт ежелгі түрік дәуірі деп атауға тура келеді.

Түріктер Қытай, Киев Русі, үндістан, Парсы, Византия, Шығыс Еуропа т.б. сияқты мемлекеттерді қоса алғандағы үлкен аймақтың дамуына зор ықпал етті. Пайда болған этносаяси бірлестіктер қазіргі түрік тілдес халықтардың, оның ішінде қазақтардың арғы тектері. Осы кезде Ұлы даланың рухани мәдениеті жаңа сатыға көтерілді: түрік жазуы, түрік әдебиеті пайда болды, түріктер ислам, христиан, буддизм, иудаизм діндерін қабылдай бастады, өркениеттің басқа да жетістіктерін меңгере білді.

Түріктердің жоғары дәрежеге жетуі көптеген тайпаларды өзіне бағындыра білген Бумынның есімімен байланысты. 552ж. ол аварларға қатты соққы беріп,осыдан кейін қоғам атын алды. Ал Бумынның приемниктері кезінде түрік иеліктері шығыста да, батыста да кеңейе түсті. Батысқа жорықта Бумын бауыры-Истемидің аты шықты (кейінірек ол Батыс Түрік қағанатының алғашқы атасы деп саналған).Осы жорықтар нәтижесінде Орта Азияны алудың есігі саналған Жетісу басып алынды.

Кең байтақ территорияны алып жатқан алып түрік державасы мықты болып шықпады, соның әсерінен 603ж. біртұтас мемлекет екі тәуелсіз мемлекеттерге ыдырайды: Шығыс және Батыс Түрік қағанаттары. Батыс Түрік қағанаты Шығыс ТүркістаннанСуяб қаласымен бірге Қаратау тауларына дейінгі, яғни сақтардың, үйсіндердің т.б.ежелгі мәдениеті өткен жерлерді иеленді. Сонымен қатар Шығыс Түркістан мен Орта Азияның отырықшы егіншілік оазистерін де өзіне қосып алады.

Қағанат экономикасының негізін көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілік құрады, сауда байланыстары үлкен маңызға ие болды, соның нәтижесінде ақша айналымы дамыды. Мемлекет басында жоғарғы билеуші қаған тұрды, одан кейінгі иерархиялық сатыда ру ақсүйектері- қаған жанұясының мүшелері, тайпа, ру көсемдері т.б. тұрды. Халықтың негізгі бөлігінеркін малшылар, қауым мүшелері-«қара будундар» құрады. өз кезегінде тайпалар мен рулар аристократтық, бағынушы, вассалдық болып бөлінді. Саяси және экономикалық қатынастары жағынан Батыс Түрік қағанаты қуаттылық көрсете алмады, себебі этникалық құрамы ала-құла, экономикалық интеграцияның болмауы, қағанаттың ішкі жағдайына Қытай т.б. мемлекеттердің араласуы әсер етті. 7ғ. аяғында қағанат билігінің нашарлауы, түркештердің күшеюіне мүмкіндік берді.

Түркештер Шу-Іле өзен аралығын қоныстанған, өз құдіреттілігін көрсете алған тайпа болды. Түркеш қағанаты Сұлу қаған (715-738жж.) билігі кезінде күшейді. Ол түркештер территориясына өз билігін жүргізгісі келген Араб халифатымен үздіксіз соғыс жүргізді. Оның билік орны Талас (Тараз) қаласында болған. 723ж. түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен біріге отырып арабтарға соққы береді. Сұлу өлімі «сары» және «қара» түркештер арасындағы ұзаққа созылған билік үшін күреске әкеліп соқтырады. 756ж. Түркеш мемлекетін түркі тілдес қарлұқ тайпалары басып алады.

Қарлұқтар туралы алғашқы мағлұматтар 5 ғасырға сәйкескеледі. Сол кезде олар Алтай мен Балхаш көлінің шығыс жағалауын мекендеген.

7 ғасыр ортасында қарлұқ бірлестігінің құрамына 3 ірі тайпа – бұлақ, шігіл және ташлық кірді. Қарлұқ тайпаларының көсемдерін «елтебер», ал 840жылдан бастап «қаған» деген. Қарлұқтар билеушісі жабғу деген атқа ие болды. 8ғасырда олар Жетісуға қоныс тепсе, кейін Балқаш және Есіккөл көлдерінің арасындағы Сырдарияның орта ағысына дейін жайғасты. Қарлұқтар билігі 760ж. Тараз бен Суябты алғанда Жетісуда толығымен бекітілді. Астанасы-Қойлық қаласы болды. Сонымен қатар көптеген қалалары Ұлы Жібек жолында орналасқан еді. Бұл Қазақстанның оңтүстігі және Жетісу тұрғындары үшін дипломатиялық сауда байланысы жағынан емес, сонымен бірге рухани және мәдени байланыстары жағынан да маңызды болды.

Қарлұқ билеушілері Тараздан оңтүстікке қарай Атлах, Хамукет, Есіккөлге қарай-Құлан, Мерке, Шу және Іле өзендері бассейінінде- Баласағұн, Қойлық, Екіөгіз сияқты жаңа қалалар пайда болды.

Қарлұқтар кезінде, әсіресе 806ж. Сөгде, 810ж. Құлан, 817ж. Отырарды жаулап алғаннан кейңн арабтардың ықпалы күшейе түсті. Нәтижесінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан арб халифатының құрамына енді. Ал бұл мұнда ислам дінінің кең таралуына әкелді. Ислам дінінің, араб тілі мен жазуының әсер етуі жалпы мұсылмандық менталитеттің, мәдениет пен ғылымның пайда болуына жағдай жасады. Мұннан әйгілі ғалымдар шықты: Әл-Фараби, Аббас Жуһари (астроном және математик), Исхак Әл-Фараби (филолог), Жаһан ибн Хақан әл-Қимақи (географ), Әл-Хорезми-әйгілі математик және оның еңбектері Еуропаға әйгілі болып, математикалық ғылымның бір негізіне айналды. Ол «логарифм», «алгоритм» терминдерін, сандардың жазылуын, «0» санын енгізген. Алгебраның негізін салған. Сондықтан бұл атау оның «Аль-джебер» кітабына байланысты аталған.

Бірақ қарлұқ қағанаты берік экономикалық байланыстар орната алмады. Өйткені жайылым мен билік үшін күрес, ішкі өзара келіспеушіліктер болып жатты. Сонымен қатар Қашғар жағынан қауіп төнді. 940ж. қарлұқтар мемлекеті Шығыс Түркістанның түркі тілдес халықтарының шабуылы нәтижесінде құлады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 481 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...