Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұрғылау қондырғылары



Мұнай мен газ ұңғымаларын әр түрлі геологиялық және климаттық жағдайларда бірнеше жүзден бірнеше мың метрге дейінгі тереңдікте бұрғылайды. Бұрғылау қондырғыларының бірнеше типтері бар.

Бұрғылау қондырғысының негізгі параметрі - бұрғылау тереңдігі, ол ұңғыманың құрылымын, бұрғылау және энергетикалық жабдықтарды анықтайды.

Бұрғылау қондырғысының ілгегіндегі номиналды жүктеме бұрғылау және шеген бағаналарды түсіру және көтеру кезінде пайда болатын жүктемені анықтайтын ұңғыма қүрылымына байланысты болады. Бұрғылау бағанасының салмағы, әдетте белгілі бір аралықты бұрғылап бітіргеннен кейін түсірілетіп шеген бағанасының салмағынан артық болатындықтан, бұрғылау қондырғысының ілгегіндегі номиналды жүктеме бұрғылау бағанасының салмағына сәйкес болуы керек. Алайда, шеген бағананың салмағы бұрғылау бағананың салмағынан артық болатын жағдай да болуы мүмкін, ондағы соңғының созылуы және ұсталып қалуына байланысты бұрғылау қондырғысының ілгегіне рұқсат етілетін жүктеме бұрғылау бағанасының салмағынан артық болуы керек.

Сондықтан ұңғыманың және бұрғылау құбырларының белгілі бір диаметрлерінде және соңғысының белгілі бір массасында бұрғылау қондырғылары ілгекке рұқсат етілетін максималдыжүктемемен сипатталады. Бұрғылау қондырғысының көрсетілген параметрлері шығыр жетегінің және бұрғылау сорғысының қажетті қуаттылығымен анықтайды.

Барлау және пайдалану терең бұрғылау үшін 1 м бұрғылау бағанасының салмағы 30 кг болғанда, тереңдігі 2000, 2500, 3000, 4000, 5000, 6500, 8000 және 10 000 м-ге дейін болатын ұңғыманы бұрғылай алатын бұрғылау қондырғыларын шығару қарастырылған. Бұл көрсетілген бұрғылау қондырғыларының ілгекке рұқсат етілетін максималды жүктемесі оларға сөйкес 1,2; 1,4; 1,7; 2,0; 2,5; 3,2; 4,0; 5,0 МН болады.

Барлық бұрғылау қондырғылары бір типті, бірақ өздерінің сипаттамалары бойынша әр түрлі бұрғылау және энергетикалық құрал-жабдыңтар болып табылады.

28-суретте тереңдігі 2500 м-ге дейінгі барлау және пайдалануұңғымаларын бұрғылағанда кең қолданылатын бұрғылау қондырғысының жалпы көрінісі берілген. Бұл қондырғы мынадай негізгі түйіндерден тұрады: ротор (12), белдік жүйесі бар шығыр (6), сорғыштар (9) және мұнара (1). Шығырды және сорғыштарды іске қосатын іштен жанатын қозғалтқыштар пайдаланылады. Бұрғылау қондырғысының жиынтығына қосарланған дірілдеткіш елеуіштен, науалардың жуғыш сұйықтыққа арналған қабылдау сыйымдылықтардан, қадаушасы бар айдайтын құбырлардан тұратын циркуляциялық жүйе кіреді.

Бұрғылау бағананы түсіру және көтеру, шеген бағананы түсіру, қашауды қосу үшін және бұрғылау мен шеген бағаналарды бұрау және бұрандаларын босату үшін шығыр (6), кронблок (2), белдік блок (3), ілгек (4) және белдік арқаннан тұратын полиспастық жүйе қызмет етеді.

Көтеру механизмін орналастыруды және бұрғылау бағанасының шамдарын қондыруды А тәрізді құрылымы бар мұнарада (1) жүргізеді. Бұрғылау бағанасын айналдыру (роторлық бұрғылау), бұрғылау бағанасын периодты түрде бұрып тұру (турбиндік және әлектробұрғымен бұрғылауда), түсіру-кетеру жұмыстары кезінде бұрғылау бағанасын іліп қою және ұңғымаға оны түсіргенде шеген бағананы іліп қою қызметтерін ротор (12) атқарады. Ұңғыманы жуу екі бұрғылау сорғыштарымен (9) жүзеге асады. ІІІығыр, ротор және сорғыштардың жетектерін қосу екі жұпталған дизельмен (7) жүзеге асады.

Екі қозғалтқыштың қуаттылығы ұңғыманы бұрғылау роторлық тәсілмен жүргізілгенде екі сорғыш, роторды қосуға жеткілікті және түсіру-кетеру жұмыстары жүргізілгенде шығырды қосуға толық жетеді.

Бұрғылау қондырғысы механизмдердің жиынтығы болып табылады, олардың негізгі бөлігі металдық негіздемеге бекітілген, ол қондырғыны бір нүктеден басқа нүктеге дейін жиналған түрінде көтерілген мұнара және оған бекітілген бұрғылау және энергетикалық құрал-жабдықтармен бірге жеткізілуге мүмкіндік береді. Қондырғы механизмдері және бұрғылау бригадасын жел мен атмосфералық жауын-шашыннан қорғау мақсатында тақтайлармен немесе басқа материалдармен қалқандалып тігілдіру немесе резеңкеленген матамен жабылу үшін металдық қаңқамен (каркас) жабдықталады.

27-сурет. Бұрғылау қондырғысы:

1 - мұнара; 2 - кронблок; 3 - белдік блок; 4 - ілгек; 5 - вертлюг; 6 – шығыр; 7 - дизельдер; 8 - редуктор; 9 - бұрғылау сорғысы; 10 - сорғылардың қабылдағыш сыйымдылықтары; 11 - пневматикалық басқару; 12 - ротор

Бақылау сұрақтары:.

1.Ұңғымаларды бұрғылаудың қандай тәсілдері болады? Бұрғылау қашаулары мен бұрғылау бағанасы не үшін қолданылады және олар қандай элементтерден құралады?

2.Ұңғымаларды жуу және үрлеу не үшін қолданылады?

3.Бұрғылау режимі дегеніміз не?

4.ІІІеген бағананың элементтері және оның жұмыс іетеу жағдайлары.

5.Бұрғылау қоңдырғыларының әлементтері және олардың жұмыс істеу жағдайлары.

ТАРАУ





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 4599 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...