Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Tiк және көлбеу ұңғымалар



Ұңғымаларды тік және көлбеу (қисайтып) бұрғылайды. Бірінші жағдайда ұңғымалардың қисаюын ескертуге бағытталған шараларды қолданады, ал екінші жағдайда алдын ала таңдалған кескін бойынша ұңғыманы әдейілеп қисайтады.

Көлбеу ұңғымаларды бұрғылау тиімді болатын жағдайларға тән мысалдар: теңіздің, көлдің, өзеннің, арнаның түбіне қарай; шайылған бөгеттерде, эстакадаларда, қалкыма кемелерде; батпақты және орманды аудандарда; жыралар, сайлар мен таулар астына қарай; қорықтар бар аудандарда; өнеркәсіп нысандары мен тұрғын кешендері астына қарай; ұңғымадағы апат жойылмағанда жаңа оқпанды бұрғылау кезінде; жанғыш бұрқақтарды өшіру мен мұнай мен газдың ашық бөлінуін жою кезінде бұрғылау. 17 – суретте көлбеу ұңғымалардың түрлі кескіндері берілген.

17-сурет. Көлбеу ұңғымалар кескіндері (а-ғ):

1 - тік бөлікше; 2 - зенитті бұрышты үлкейту бөлікшесі; 3 - зенитті бұрышты тұрақтандыру немесе оны азайту бөлікшесі; 4 - өнімді қалыңдықтағы тік бөлікше; 5 - өнімді қаттағы жазық немесе жазық-тармақталған бөлікше.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1246 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...