Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 7 Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны



Тауарлы-материалдық қорлар жайлы түсінік.Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы сәйкестендіру). Әдістердің салыстырмалы сипаттамасы. Тауарлы-материалдық қорлардың қабылдануы және есептен шығарылуын құжаттық рәсімдеу. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі. Қаржылық есеп беруде ашылуы.

Тауарлы-материалдық қорлар активтерді ұсынады:

­ жетілдіруге арналған дайын өнім және тауарлар;

­ аяқталмаған өндіріс;

­ өндіріс процесінде қолдану үшін немесе қызметтерді көрсету үшін материалдар мен шикізаттар.

Бухгалтерлік есеп стандарттарына қатысты тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың негізгі әдістері болып табылады:

­ ТМҚ нақты, өзара ауыстырылмайтын бірліктерінің өзіндік құнын өлшеу үшін қолданылатын дәлелдік шығындарға негізденген жалпы идентификация;

­ орта өлшенген құны – ТМҚ әр бірлігінің құны есептік кезеңнің басында ТМҚ бір типтік бірлігінің орта өлшенген құнымен және есептік кезең ағымында өндірілген немесе алынған бір типтік бірлік құнымен анықталады;

­ алғашқы сатып алулардың бағалары бойынша бағалау (ФИФО), ең бірінші алынған тауардың өзіндік құны ең алғаш сатылған тауарларға қатысты болуына негізденген.

Әдістемелік ұсыныстар.

Бұл тақырып бойынша студентерге келесі сұрақтарға назар салу керек:

1. Қорлардың түрлерi мен жiктелуi.

2. Қорлардың бағалануы.

3. Қорларды өзiндiк құны бойынша бағалау әдiстерi.

Әдебиет
1. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. – оқулық - Алматы: Экономика,2006.
2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп – Алматы: Lem, 2001.
3. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп. – Алматы: Центраудит––Казахстан, 2002. – 620 с.




Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1612 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...