Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 5 Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау



Қәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиді.

Пайдаланушылардың кәсіпорынның қаржы есептілігін қандай да бір уақыт аралғында оның қаржы жағдайының үрдістерін, қызметінің нәтижелері мен ақша қаражаттарының қозғалысын анықтау үшін мүмкіндігі болуға тиіс. Сөйтіп, әрбір кезеңде әдетте сол бір есеп саясаты қабылданады. Есеп саясаты, егер бұл заңға сәйкес немесе есеп стандарттарын белгілейтін органдарда талап етілетін жағдайда, немесе осы өзгеріс кәсіпорынның қаржы есептілігінде оқиғаларды немесе операцияларды неғұрлым дұрыс көрсетуге әкеп соқтырған кезде өзгеруге тиіс. Қаржы есептілігінде оқиғаларды немесе операцияларды неғұрлым дұрыс беру жаңа есеп саясатын қолдану кәсіпорынның қаржы жағдайы, қызметтің немесе ақша қозғалысының нәтижелері туралы неғұрлым орынды немесе неғұрлым сенімді хабарлама беруге жеткізген кезде болады.

Мына әрекеттер есеп саясатындағы өзгерістер болып табылмайды: өзінің мәні жағынан бұрын болған оқиғалардан немесе операциялардан өзгеше оқиғалар немесе операциялар үшін есеп саясатын қабылдау; бұрын болмаған немесе елеулі емес оқиғалар немесе операциялар үшін жаңа есеп саясатын қабылдау.

Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі (шаруашылық операцияларын тіркеу журналы). Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы (соңғы қалдықты анықтау). Сынамалы баланс (айналым ведомосі) – бухгалтерлік іс-әрекеттердің бақылаушы құралы. Уақытша шоттардың жабылуы.

Әрбір жаңа есептік кезеңді шаруашылық етуші субъект кіру балансынан, яғни есептік кезеңнің алғашқы мерзіміне құрылған баланстан басталады. Шаруашылық операцияларды тіркеу және олардың бухгалтерлік шоттарда көрінісі «Шаруашылық операцияларды тіркеу журналында» жүргізіледі. Бухгалтерлік процедуралардың бақылау құралы болып айналым ведомості немесе сынама баланс табылады. Оны айналымды және барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдықтарды бақылау үшін қолданады.

Әдістемелік ұсыныстар.

Бұл тақырып бойынша студентерге келесі сұрақтарға назар салу керек:

1. Есептік цикл.

2. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.

3. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі (шаруашылық операцияларын тіркеу журналы).

4. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы(соңғы қалдықты анықтау).

5. Сынамалы баланс(айналым ведомсі)- бухгалтерлік іс-әректтердің бақылаушы құралы.

6. Уақытша шоттардың жабылуы.

7. Қорытынды баланс.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1732 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...