Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 6 Кірістер және ақша қаражатының есебі



Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сиппаттамасы. Банктердегі ағымдағы, корреспонденттік шоттар, аккредивтердегі, гектердегі, карт-шоттардағы және басқада шоттардағы ақша қажаттарының есебі.

Шетелдік валюта мен жүргізілетін операциялардың есебі. Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды ақшалық құжаттар және қатаң есеп берілетін бланклердің түгендеуін жүргізудің тәртібі және олардың нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу.

Қазіргі заңнамаға қатысты субъекттер ақша құралдарын оларға қызмет көрсететін банктегі есептік шотта сақтаулары қажет. Есептік шот бойынша операциялар қазіргі заңнамамен реттеледі. Есептік шот және банктің басқа шоттары бойынша операцияларды әзірлеу үшін банкте келесі құжаттар: чек, жарнаға қолма қол түсіндіру, төлемдік нұсқаулар, төлемдік талап-нұсқау.

Дебиторлық борыштар, олардың түрлері және жіктелуі. Алынуға тиісті шоттар. Күдікті дебиторлық борыштардың есебі. Еншілес (туынды) және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының есебі. Басқадай дебиторлық борыштар есебі. Есептелген сыйақылар есебі. Алдағы кезең шығыстарының есебі. Берілген аванстар есебі.

Дебиторлық қарыз есебі 1200 «Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз» және 2400 «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі.

Әдістемелік ұсыныстар.

Бұл тақырып бойынша студентерге келесі сұрақтарға назар салу керек:

1. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерi жайлы түciнік.

2. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебi.

3. Есеп айырысу шотындағы және банктегi арнайы шоттардағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебi.

4. Дебиторлық қарыздарға түсініктеме және олардың түрлерi.

5. Сатып алушылар мен тапсырыс берушiлермен есеп айырысудың есебi. Күмәндi дебиторлық қарыздар есебiнiң тәсiлдерi және оны бағалау әдiстерi.

Әдебиет
1. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. – оқулық - Алматы: Экономика,2006.
2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп – Алматы: Lem, 2001.
3. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Кәсіпорында бухгалтерлік есеп. – Алматы: Центраудит––Казахстан, 2002. – 620 с.




Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1136 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...