Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Банк жүйесі және оның қызметінің даму ерекшелiктерi



Қазіргі кездегі банк ісі- ұзақ мерзімдік дамудың нәтижесі. Банк образының алғашқы нұсқалары ретінде, ақша мен тауарды сақтаудың ең тиімді орны ретінде саналған шіркеулерді алуға болады. Египетте мұндай операциялар б.э.д. ХХVIII- ХХVII ғ.ғ жүргізілген, ал Вавилон және Ассирияның көптеген құжаттары, сол уақыттың өзінде қаражатарды сақтау формалары және ссудалық операциялар заңмен реттелінгендігін, сонымен қоса, қаражаттарды сақтағандары үшін төлем ақы алынғандығын дәлелдейді.

Мұның барлығы толық мағанасындағы банк ісі емес еді. Банк ісінің толығымен дамуы, қаражаттарды сақтау қызметтеріне қосымша несиелік операциялардың жүргізілуі босталған кезден басталады.Банк ісінің алғашқы кәсіпқойлары ретінде орта ғасырдағы менял және раставщик айтуға болады. “Банк” сөзінің өзі италияндық “banko” (ақша столы) сөзінен шыққан. Ендеше банк ісінің дамуы несиелік қатынастардың дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, қазіргі кездегі банктердің қызметтерінің еркшеліктерін анықтау үшін, экономикалық қатынастардың бұл саласының даму процессін қарастырған жөн болады.

Несие қатынастары – ссудалық келісім жөніндегі кредитор мен қарыз алушының арыснда қалыптасатын қатынас, яғни ссудалық төлемақы және қайтарым негізінде ақшаны немесе материалдық құндылықтарды белгілі бір уақытқа беру.

Несиелік қатынастардың туындауының объективтік және заңдық сипатты бар екендігін ұмытпаған жөн. Тауарлай- ақшалық қатынастардың болуы, шаруашылық субъектілерінің бірін бірімен байланысты екендігін білдіреді. Әрбір кәсіпорын қаражаттары өндіріс және айналым процесстерінде тек өзіне ғана тән, бір жағынан мемлекет пен халықтың қаражаттарының айналымымен, екінші жағынан өзгелей кәсіпорындардың жекелеген айналымдарымен негізделегн, жеке айналым жасайды.Өддіріс қорларының айналм заңдылықтары экономика салалары мен кәсіпорындардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін туындаса, ал оның жеке өзінің айналымы аталған қажеттіліктердің әр кезде туындауына әкеледі: бір кезе, өндіріс бөлімдерің ақшалай қаражаттарға деген қажеттіліетері жоғары болса, екіншілерінің уақытша бас қаражатттары қалыптасуы мүмкін.

Мұндай процесстердің нәтижесінде экономикалық қайшылықтар туындайды, яғни, кәсіпорының ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігі мен оның қолда бар болуы арасындағы қайшылық. Мұндай қайшылықтардың көрінуінің екі нысаны болуы мүмкін: ақшалай қаржаттардың қолда болу немесе оның уақытша болмау, сондай-ақ, қосымша қаржаттарға деген қажеттілік пен оның болмау сияқты қайшылық.

Бірінші қайшылықтың мазмұны мынада, егер кәсіпорының қандайда бір ақшалай қаражаттары болып және де ол ешқендай табыс әкелмейтін болса, яғни ешқандай шаруаға қолданылмаса, онда өндірістің тиімділігі төмендейді. Ендеше өндірістен босаған ақшалай қаражаттар өзінің қолданылыу аясын табуы тиіс. Ал, өз кезегінде несие арқала қолданыс табуы мүмкін. Ендеше, бірінші қайшылық өз шешімін тапты деген сөз.

Мұнымен, тек, несиенің қызмет ету мүмкіндігін ғана анықтадық. Өйткені уақытша бос ақша кері қайтару принципімен, өзге кәсіпорынға берілуі мүмкін. Сондықтанда несиелік қатынастар туындау үшін, қоғамда осындай қайтарымды деген қаражаттарға қажеттілік болуы тиіс. Мұндай қажеттіліктердің болуы жоғарыда талған екінші қайшылықты шешеді.

Егер қосымша қаражаттарға деген қажеттілік пен оның болмауы арасындағы қайшылық өз шешімдерін тапаса, онда ұдайыөндіріс прцессі тоқтайды. Ендеше мұндай қажеттіліктер міндетті түрде қанағаттандырылуы тиіс. Теориялық тұрғыдан қажеттілікті үш тұрлі көздерден қанағаттандыруға болады.

Біріншіден, өзіндік қаржаттаржың резервтік қорын құруа болады. Бірақ бұл әдісті толық қанағаттанарлық деп қарауға болмайды. Қосымша қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктерді өзіндік капиталдаң резервтік қорымен жабы кезінде жоғарыда аталған қайшылықтар (қаражаттардың қолда болуы және оның болмауы) күрделене түседі. Ендеше қайшылықтардың бірі екнішісінің асқынуымен шешіледі деген сөз.

Екіншіден, қажеттілікті қайтарымын қажет етпейтін бюджеттік қаржыландыру жолымен жабуға болады. Жеке өндіріс қажеттілігі тұрғысынан қарасақ, онда қажеттілік қанағаттандырылды. Ал қоғамдық өндіріс тұрғысынан қарайтын болса, онда қажеттілік жоғалған жоқ, ол тек бір шаруашылық деңгейінен екінші шаруашылық деңгейіне (кәсіпорыннан мемлекеттек) өтті. Ендеше қайшылықтар өз шешімдерін тапқан жоқ.

Соңғысы, яғни үшінші жолы- уақытша бос қаржаттарды қарызға алу (өзге кәсіпорындардан, мемлекеттен, халықтан). Мұндай жағдайда, шын мәнінде, қажеттілік қанағаттандырылады. Қосымша қаражаттарға деген қажеттілік қанағаттандырылып болғаннан кейін, қарыз қаржат тура солай қайтарылады.

Ендеше, қосымша ақшалай қаржаттарға деген уақытша қажеттілік уақытша бос қаражаттармен жабылады. Мұндай қаржаттар тек несие (зайым) түрінде үсынылады.

Неиселік қатынастардың болуы заңды құблыс болып табылады. Несиелік қатынастар үш кезеңнен өтеді:

ـ Кредитор және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас;

ـ Делдал қатысатын несиелік қатынас;

ـ Реттелінентін несиелік қатынас.

Тарихи және логикалық тұрғыдан, несиелік қатынастардың ең қарапайым түрі кредитор және қарыз алушы арасындағы тікелей қатынас болып табылады. Бұл қатынас өте қарапайым болғанымен, несиелік қатынастардың өдан әрі дамуының көздері болып тадылады.

Несиелік қатынаста делдалдаң қатысуы қатынастың жаңа элементтермн толықтырылуын білдіреді. Мұндай несиелік қатынастардың негізгі формасы, банктік несие, яғни банк делдел ретінде болады. Ал банк жүйесінің өзінің дамуы, несиелік қатынастардың күрделене түсуі, барлығының мүдделерін теңестіріп отыратын органның болуын талап етеді. Ал ондай қызметті тек мемлекеттік банктер ғана орындай алады.

Осылай несиелік қатынас жаңа деңгейге көтеріледі, ол үшінші формасы- реттелінентін несиелік қатынас. Несиелік қатынастың дамуын сурет 1 көруге болады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 354 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...