Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тестіні оқу үрдісінде қолдану және оған қойылатын талаптар



Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тестіні пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тесттік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тесттің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.

Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.

Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады (3-5 жауап), яғни кез – келген мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді, ұтымды пайдалана білуі керек деген сөз.

Тест тапсырмалары және олардың түрлері. Тесттің нақты, біріңғай қабылданған анықтамасы жоқ. Тест - ерекше формалы, бірте-бірте күрделеніп отыратын тапсырмалар жүйесі. Тест белгілі бір стандартқа сәйкес жасалынатын, үйренуші білімін анықтаудың сенімді құралы болып табылады. Құрастырушы адам тест мазмұнын оқу бағдарламасына сәйкес жасайды. Тесттің басты ерекшелігі оның көпфункционалдығында. Тест бақылаушы, бағалаушы тетік қана емес, ол арқылы материалдың берілуінін дұрыстығын да аңғаруға болады.

Тестілеу - білім деңгейін бағалау әдісі. Бұл әдістің пайда болып, дамуына әсер еткен себептер:

а) оқушының бағасының субъективтілігі;

б) оқушының психикасының емтихан тапсыру кезіндегі кұлдырауы.

Тестілеудің артықшылықтары:

а) студенттің, оқушының жетістіктерінің объективті бағалануы;

б) студенттің, окушының білімінің бағасының дәлдігі, сенімділігі;

в) студенттің, оқушының негізгі білімін тексеруге ыңғайлылығы;

г) студенттің, окушының білімінің бағалануы жедел түрде өткізілуі
(компьютер арқылы).

Тестілеудің жақсы қасиеттерімен қатар кемшіліктерін де атап өтейік:

а) білім дәрежесін, тереңдігін, толықтығын тексеруге мүмкіндігігің жеткілікті болмауы;

б) жақсы тестілік сұрақтарын құрастырудың қиындылығы;

в) тестілеудің ұйымдастыру қиындықтары:

г) дұрыс жауаптың кездейсоқтығы.

Тест сұрақтары төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет.

1) Әрбір тесттің мақсаты болуы керек. Тапсырма түрлері сол мақсатқа сай кұрылады.

2) Тест тапсырмаларында нақты бір қиындық болуы қажет.

3) Тестте біржақты шешілетін тапсырма беріледі. Екіұштылық,
анықсыздық болмауы керек.

4) Тест тапсырмалары үйренушіге таныс, оқу бағдарламасында берілген
мәселелерді қамтуы тиіс.

5) Тест тапсырмалары айқын және қысқа берілгені дұрыс.

6) Тест сұрақтарын бағалауда да айқындылық, бірізділік болуы қажет.

7) Тест тапсырмалары бірте-бірте күрделеніп отырады.

Осыған қосымша тест құрастырушылар мына талаптарды да ескерген жөн:

1) Тексерілген дағды түрінің мазмұнын дәл анықтау керек;

2) Тест сұрақтары оқу бағдарламасы мен оқулықтар мазмұнына сәйкес
келуі тиіс;

3) Тест тапсырмасы бір ғана сұраққа жауап беруді талап етуі тиіс;

4) Жауаптарда бірін-бірі қайталайтын түрлері болмауы керек;

5) Тест жүргізу оқыту үрдісінің жалғасы болуы қажет.

Тест, оның түрлері туралы АҚШ, Англия, Голлландия, Дания, Жапония, Францияда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, диссертациялар жазылды.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 2821 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...