Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Леви Стросс. Алғашқы кезеңдегі ойлаудың ерекшелігі



К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды? некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.
Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл – болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы. Неміс философы Х.Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жа-риялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герме-невтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ой-ларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім «Хакім Абай» атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.
Қорыта айтсақ, ХХгасыр философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер – жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 892 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...