Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шаманизм және құдайшылдық



Шаман: Бұл сөздің шығу тегі жайында әр түрлі көзқарастар бар. Бір зерттеушілер бұл сөз тунгусша «шаман» сөзінен шыққан деп айтса, келесі бір зерттеуші ғалымдар мұның «рухтар қолдаған адам» мағынасына келетін санскритшедегі «срамана»-сөзінен немесе «есі ауысқан адам» деген ұғымды білдіретін Орал-Алтай тіл тобына жататын сөзден шыққанын алға тартады.

Алғашқы қауым тайпаларында діни рәсім-жоралғылармен айналысатын пірәдарлар мен сиқыршы емшілерден басқа, ұзақ уақыт өзін есінен тандыруға қабілетті адамдарды «шаман» деп атаған.

Алғашқы қауым адамдарынның түсінігі бойынша шаман манаға ие, рухтарды басқаруы мүмкін. Шаманның сиқырлы дабылы бар. Дабылдың бетінде көк пен жердің суреті салынған. Шаман сиқырлау арқылы рухтарды дабылдың ішіне кіруге зорлайды. Осы кезде есінен танғанша есіріп билейді. Ол есінен танғаннан кейін пейіш пен тозақты аралап жүр деп есептелінеді. Шаман сол аралықта аталарының рухтарынан кейбір мәліметтер алып отырады. Азиялықтардың арасында шаманның құрметін асыра түсетін жағдай – олардың адам үйрене алмас, жұмбақ мәліметтері. Бұл дәрежені бағындыру үшін шаман тәнін жаттықтырып, ішіп-жеуді азайта түседі.

Шаманизм шаман сөзінен өрбіген. Түркілердің ежелгі діни сенімдерін шаманизм деп қателескен. Негізінде түркілердің шаманизм деген діні болмаған. Түріктерде «шаман» деген сөз жоқ. Тек «кам» деген сөз бар. Шаманизм өзінше бір дін емес, не сиқыршылықтың бір түрі де емес. Ол діни және дүнияуи көзқарастардан құралған сенім болып табылады. Жалпы шаманизм түрлі өзгешеліктерде солтүстік және Орта Азияда, эскимостардың өмір сүрген жерлерінде, Орта Африка мен Солтүстік Америкадағы алғашқы тайпаларда кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Сібірде кездесетін шаманизмді психопотологиялық белгілер ретінде түсіндіреді.

Шаманизм - алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі, шаманизм (бақсылық). Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған. Бақсылар - жер бетіндегі “жандармен” сөйлесе алатын болғандықтан, қарапайым адамдар бақсыларға сенетін де, олардан қорқатын. Қазақ бақсылары өздерінің тәжірибесінде арнайы бақсылық өлең-сарынды пайдаланды. Қазақ бақсылары қобыз, қамшы пайдаланды. Бақсылар өздерінің “жынын” қызыл шұбар айдаһар, “қара шұбар жолбарыс”, “зу тісі балғадай қара бура”, “бір мүйізі жер тіреген көк бұқа” т.б. қаралы дауыл бейнесінде алады. Бақсылықтың негізгі мазмұны – шын шайтанға сену, олармен “тілдесе” алатын қабілеті барлығына көпшілікті сендіруБақсылықтың өзіндік мифологиясы да бар. Әртүрлі аңыз-ертегілерде бақсылардың жалаң аяқ қызған темірді басқаны, оны тілмен жалағаны, өткір пышақтың үстімен жүргені т.б. аңыздары бар.

60. Қазақтың алғашқы абызы /шаман/ Қорқыт.

Халық ақын-жыраулары өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған күнін осылай жырлаған. Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық музыкалық аспабы — қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады Қобызды жасаушы да, тартушы да — Қорқыт. Жырда халықтың бұл тамаша аспабы — қыл қобыздың қандай заттардан, қалай жасалғаны да сипатталады. Мысалы:

Қарағайдын түбінен қайырып алған қобызым. Үйенкінін түбінен үйіріп алған, қобызым. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған, қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған, қобызым. Ортекенің терісін сауыт қылған, қобызым. Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырынды ашып, үніңді сынап алған қобызым.

Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бугінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт Атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шыгып, шагып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте куйге елтіп, арбаған әбжылан Қорқыт қалгып кеткен кезде шағып алады да, Қорқыт Ата содан өледі.

«Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.

Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті.

Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды.

Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта.

61. Ертедегі Қазақстандағы әртүрлі діни ағымдар.

Мені соңғы кезде толғандыратын жайттардың бірі — еліміздегі діни ағымдар туралы. Жастардың көбі дінге бет бұрып барады. Бәрі жақсы ау, тек сол діни ағымдардың түрі өте көп. Бәрін бірдей зиянсыз деп айта алмайсың. Көшеге шыға қалсаң, хиджаб, паранджа киген бойжеткендерді міндетті түрде көресің. Мысалға осыдан 4-5 жыл бұрын мұндай құбылыс тіптен жоқ еді. Түгелдей қара киім киген, беті түгелдей жабылған, қолына кара колғап кигендер де аз емес. Ерлер жағы болса, балағы қысқа, сақалы өскен. Сол жастардың кейбіреулерімен таныспын. Олардың ойынша хиджаб кимеген қыз: жезөкше, алқаш, шылым шегетін қыздар екен. Сонда олар хиджаб кимейтін қарындастарымызды, әпкелерімізді, аналарымызды соған теңегені ме?! Және де қазатың салт-дәстүрлеріне «ширк»деп қарайды екен. Сұмдығы «кафирлерді» қырып-жоямыз деп ұрандатып жүргендерде кездеседі. Неге соншалықты өзінің діни көзқарасын бөліспеген қандастарын, отанын, ата-бабаларының салт-дәстүрін жек көреді екен?! Қазіргі жастар елдің болашағы емес пе?! Араб елдерінде діни білім ордаларында оқып келген соң, Қазақстанға келіп сол жақта оқығанын еліміздің жастарына уағыздайды. «Асыл арна» діни телеканалы ашылды, нешетүрлі тематикалық сайттар ашылды, газет-журналдар шығарыла бастады. Бағыты діни емес «Жұлдыздар отбасы» сияқты журналдарда Әйгерім Қалаубаеваның, Алтынай Жорабаевалардың хиджаб кигісі келетіні туралы мақалалары шығып тұрады. Айтпақшы жұлдыздар демекші, саны көп, сапасы жоқ Қазақстан әншілерінің арасында да ислам сәнге айналды. Жер-жерде халал өнімдер өндіріле бастады. Антисанитарлық күйдегі кейбір самса сататын жерлерде де «Халал самса» деп жазып қоятын болды. Тағы бір жаңалық (бір «ахи» айтқан) Суфизм секта екен!!! Сонда Түркістанда кесенесі бар, Қазақ елі ғұламаларының бірі Ахмет Яссауй сектант болғаны ма??? Ислам ағымдарының түрі көп, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айыра алмай қалдық!!! Мектеп оқушылары да хиджаб киеміз деп, газет беттерінде талай пікір-таластар да болды. Бірақ мемлекеттік орта білім орындары зиялы оқу орны емес пе! Жалпы Қазақстан зайырлы мемлекет! Әр нәрсенің өз шегі болуы керек қой!!! Өзіміздің ҚАЗАҚ екенімізді ұмытпайық ағайын! Әртүрлі жат діни ағымдар жетегіне еріп





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1739 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...