Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рухқа сену және жерлеу рәсімдері



жасаған тайпалар егін егу, мал өсіру, аң аулау кәсіптеріне қолайлы өзен, көл жағаларында, бұлақтары мол тау аңғарларында тұрған. Алғашқы қоныстары биік дуалдармен, сырты ормен қоршалған, іші бөлек қамал-қала типтес болған. Орта және соңғы кезеңдерінде ауылдар ұлғайып, 20–120 үйлік қоныстар пайда болған. Қорғаныс дуалдары, орлары жоқ. Үйлері шымнан, бөренелерден салынып, кейде іргесіне тас қалаған немесе жалпақ тастарды тігінен көмген. Пішімі төртбұрышты, трапеция, сопақша (аумағы 60–160 м2). Соңғы кезеңдерінде көшіп-қонуға ыңғайлы дөңгелек, құрастырмалы (диам. 6–10 м) үйлерде тұрған. Зираттарын ауылдан өзен, бұлақ, сай немесе жота бөліп тұрады.

Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік-көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа бағыттап жерлеген. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Бас жағына әсем өрнектелген 1–5 көзеге сұйық тамақ құйып, қасына мүше-мүше мал етін, марқұмның күнделікті пайдаланған және қазаға арнайы дайындалған қару-құрал, әшекей бұйымдарын қойған. Жәшік бетін жалпақ тастармен мұқият жапқан. Қоршау мен көр іші отпен тазаланып, аласталған. Халқы кетпенді егіншілікпен, мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған және мыс, қола кендерін қазып алып, оларды қосып балқытып қорытқан қоладан бұйымдар жасаған. Оларды адамзат өркениеті тарихында металды пайдаланған алғашқы зергерлер деп атауға болады.[2

Олар өлген адамдарын белгілі бір рәсімдермен жерледі. Мүрдені "жер-ананың" қойнына анасының құрсағында жатқан қалыпта қоюға тырысқан. Андрондықтардың түсінігінше өлген соң да "о дүниеде" тіршілік жалғасады. Сондықтан олар өлікпен бірге киім-кешегін, қару-жарағын, ыдыс-аяғын, тамағын қоса көмген. Андрондықтар күнге, отқа мінәжат еткен. Сонымен қатар олардың өмірінде бұрыннан келе жатқан тотемизм (шығу тегін жануармен байланыстыру), фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну), анимизм (жанға, рухқа сену) сияқты ғұрыптар да орын алды. Діни наным-сенімдері бойынша күнге, отқа, қасиетті жануарларға табынған. Олардың бейнелері көзенің сыртындағы өрнектерде, тастағы суреттерде, сынтастарда, әшекей бұйымдарда көптеп кездеседі. Бұл мәдениет кезіндегі тайпалардың тұрмыс-салты, кәсібі, қолөнері қазақ халқының тіршілігінде көп сақталған.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 862 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...