Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тотемизм дін және әлеуметтік жүйе ретінде



Тотемизм - рулық қоғамдағы адамдар тобынын шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімдер мен әдет-ғұрып, салт-сананың күрделі жүйесі

Тотем. « Тотем» сөзі белгі, ишарат деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы тұрғысынан алғанда тотем – алғашқы қауым адамдарының өздеріне туыс деп есептеген жануарларға, өсімдіктерге және жансыз заттарға берген атауы. Тотем тайпаның түп атасы ретінде саналады. Бір тотемге жататын адамдарға өздерінің арасында үйленуге рұқсат етілмейді. Тотем жеңілмейді. Ол табу ретінде қабыл етіледі. Оған қарсы шығуға болмайды. Қауымдардың ең алғашқысы болған рулық сенім мен қауымының осы тотемдік түсінігіне байланысты «тотемизм» деп атаған. Діндердің барлығы тотемизмнен бастау алған делініп жүр. Кейбіреулердің пайымдауынша, тотемнің орнына тәңір сөзі қолданылғаннан кейін жаңадан пайда болған діндерді осылайша түсіндірген

64. (1) Мифтің кұрлымы мен ерекшелігі

Мифология (грек. мythos – аңыз және logos – ілім) – 1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін ғылым;

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі.

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі. Ежелгі Мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдыңдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.[1] Ағылшын мәдениеттанушысы Э.Б. Тайлор (1832 – 1917) “Алғашқы қауымдық мәдениет” атты еңбегінде Мифтер мен діни нанымдар негізінде анимизм жатады деп жазады. Г.Спенсер (1820 – 1903) Миф – таным құралдары мен мүмкіндігінің шектеулілігінен туындаған құбылыстардың сырын қате түсіну (түсіндіру) деп санады. Дж.Фрезер үшін Миф – магиялық әрекетті ақылға салып, әдеби тіл арқылы пайымдау.[2] Психологиялық мектеп пен оның өкілдері (В.Вунд, Л.Леви-Брюль, З.Фрейд, К.Юнг) Мифтік шығармалар негізінде алғашқы қауым адамының дүниені қабылдау ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындаған сезімдерді, эмоцияларды сол құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиеті ретінде қабылдады деп санайды. 20 ғасырдағы әлеуметтік антропологияда Б.Малиновский (1884 – 1942) мен К.Леви-Строс (1908) теорияларының ықпалы жоғары болды.[3] Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.[4] Әдетте, мифте жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болып, үлгі ретінде құрметтеледі. Мифте әрбір объект, әрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. Мифтік бейнелер субстанциялық сипатта, нақты, шынайы нәрселер ретінде қабылданады. Мифке метафоралық тән емес, өйткені миф бәрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен мифтің тілдік құрылымында метафоралық ерекшелік қабылданды. Миф архаикалық сана үстемдік еткен дәуірде пайда болғанымен, кейінгі мәдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік уақыт туралы сөз еткенде оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру қажет. Ұжымдық тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, соған сәйкес теориялық танымның өркендеуіне әкелді. Кейін мифтік дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол уақыт ағынында жоғалып кетпей, көмескі сана мен архетиптік жадынан орын алды. Қазақтың арғы ата-тектерінің дүниені мифтік тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілермен сабақтас. Көк Тәңірі, Жер-Су мен Ұмай ананы айтпағанның өзінде, түркі халықтарының арғы ата-тек туралы түсініктері тарихтың алыс қойнауларында қалыптаса бастаған. Көк бөрі туралы аңыздар, сондай-ақ көркем шығармаларда бейнеленген тотемдер мифтің әсерлі белгілері саналады. Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тотемдік ұғымдар сақталғанымен, олардың нақтылы көріністері өзгерді. Мифтік уақытты басқа типтер ауыстырған соң да тотемдік түсініктер халық жадында архетиптік қызметін атқарып, басқа рәміздер мен таңбаларға айналды. Мысалы, жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында Көкбөрі қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған.[5]





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1142 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...