Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот талқылауындағы дауласудың қажеттілігі. Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске



Сот дәлелдеуі – бұл істің мән-жайларын соттық дәлелдемелер арқылы анықтау бойнша процесске қатысушылардың қызметі және өзге де қатусышылардың дәлелдемелерді табыс ету, жинау және оларды зерттеу бойынша әрекет. Яғни, сот дәлелдеуі азаматтық іс бойынша іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша іс-әрекет.

Сот істің мән-жайларын анықтау бойынша өз белсенділігімен дәлелдемелерді жинақтау міндетінен босатылған. Тек тараптардың өтініштері бойынша қажет материалдарды алуға сұрау салу жолымен көмектесе алады.

Сот дәлелдеуі – бұл заңды фактілерді анықтауғабағытталған процесуалдық және ойлау қызметі.

Сот дәлелдеуіазаматтық іс жүргізудің мынасубьектілерімен жүзеге асрылады:

— дәлелдемелерді жинайтын, тапсыратын және зерттейтін тараптар мен өзге іске қатысушы тұлғалар.

— дәлелдемелерді зерттейтін және бағалайтын сот.

Сот дәлелдеуінің мақсаты болып азаматтық істің мән-жайларын анықтау, яғна дәлелдемелердің көмегімен заңды фактілердің бар болуын немесе жоқ болуын анықтау табылады.

Сот дәлелдеуі мынандай әрекеттерден тұрады:

…….

61 Соттық жарыссөздер – соттағы дауласу нысаны ретінде) Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды.
2. Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды.
3. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушы мен қорғаушының сөздерiнен тұрады. Iске қатысушылардың сөздерiнiң реттiлiгiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайларда бiрiншi болып айыптаушы сөз алады.
4. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi өз сөздерiнiң кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысында үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер аталған адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз кезегi туралы қаулы алады.
5. Сот жарыссөзiне қатысушылар өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiш жасай алады.
6. Сот сот жарыссөзiнiң ұзақтығын белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.
7. Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылғандар бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерiн (репликаларын) бiлдiруге құқылы. Соңғы ескертпенi айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi. Әрбiр сот жарыссөзiне қатысушы сотқа осы Кодекстiң 371-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1-6-тармақтарында аталған мәселелер бойынша шешiмнiң өзi ұсынатын тұжырымын жазбаша түрде табыс ете алады. Ұсынылатын тұжырымның сот үшiн мiндеттi күшi жоқ.

Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;
2) бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлiгi, тармағы);
3) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;
4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кiнәлi ме;
5) оның жауаптылығы мен айыбын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;
6) сотталушы жасаған қылмысы үшiн жазаға тартылуға тиiс пе.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 861 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...