Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Соттық сөйлеуге әзірлену әдістемесі



Қарым-қатынас құралы ретінде тіл қоғамдық-саяси, ресми іскерлік, ғылыми және мәдени өмірдің барлық салаларына қызмет етеді.

Қазіргі кездегі шешендік сөздерді зерттеуші ғалым Г.З.Апресиан оны мазмұнына қарай жіктейді (Кітапта: Г.Қосымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. А., 2003). Солардың бірі – сотта айтылатын шешендік. Сотта қолданылатын шешендіктің иелері прокурорлар, адвокаттар, қоғамдық айыптаушылар мен қорғанушылар, айыпкерлер болады. Сотта қолданылатын шешендік сөздерді екіге бөліп қарастыру керек: феодалдық қоғам тұсындағы қазақтың әдет-ғұрып заңы бойынша жүргізілген дау-дамайларда орын алған шешендік сөздер және біздің дәуіріміздегі сот жұмысында айтылатын айыптаушылар мен қорғанішылардың сөздері.

Бұрыңғы билікте айыптаушының да, қарсыласушының да, кімет айтушының да сөздеріне дәстүрлі модельдер мақал-мәтелдер, салыстырулар т.б. басты рөл атқаратын болса, қазіргі сотта айтылмақ ойдың логикалығы, күштілігі, пікірдің айқындылығы басты орынға шығады.

Сотта қолданылатын шешендік сөздер монолог түрінде де, диалог түрінде де жүзеге асады. Сотта қаралған, қаралуға тиіс қылмысты істерді бәрі шешендіктің тақырыбы бола алады.

«Сот ісіндегі шешендік» деген атау біршама жалпы сипатта қолданылады: тікелей сот үрдісіндегі үкім шығаратын судьяларға әсер етуді көздейтін шешендік және сотта тезірек қаралуға түрткі болатын баспасөз бетіндегі айыптауларға негізделген шешендік, айыпкерге үкім шығарылып, сот үдерісі айықталғаннан кейінгі халыққа жария болған тәрбиелеу мақсатндағы шешендік.

Қазіргі кездегі жүргізілетін сот жұмысындағы прокурордың да, адвокаттың да сөздеріне баға беру сипаты болады. Сонымен қатар сот ісі адам тағдыры шешілетін жер болғандықтан сол адамның өзін, іс-әрекетін (бұрыңғы еңбегін, қазіргі қылмысын т.б.) сипаттау басым болады. Прокурор мен адвокат өзара бір-біріне қарама-қарсы тұрып сөз сайысына түспейді, екеуі де шындыққа жетуді, соттың әділ үкімі шығуын көздейді. Олар тек судьяларға тек арнап емес, жалпы көпшілікке де қарата, өзге де жұршылықтың сана-сезіміне әсер ететіндей етіп сөйлеуді ойластырады. Осы себептен де бұл сөздерде нақтылы айтылған пікірдің дәлелдемесі, қорытындысы болумен қатар тыңдаушыларға әсерлі болу мақсаты да қойыла. Осы тұрғыдан келгенде судья мен адвокаттың сөздері бір-бірінен сәл өзгешеленеді.

Заңгердің тіл мәдениетіне мыналар енеді: 1) нормативтілік немесе дұрыстылық, яғни әдеби тіл нормасына сәйкес жаргон, диалект және ауызекі тілдегі сөздерді (жазбаша тілде орфографиялық және пунктуациялық қателерсіз) қолданбай ойды дәлме дәл бере білу; 2) сөйлеу шеберлігі, яғни сөздің ұтымдылығы, қисындылығы және ұтымдылығы, сөз байлығының болуы, мәнерлілік, сөз даралығы.

Заңгердің сөйлеу шеберлігі тілдік құралдың стильдік жағынан ең дұрысын дәлме-дәл таба білуді қарастырады. Заңгердің бүкіл қызметі тергеу әрекеттерінң барысы мен тәртібін анықтайтын немесе іс бойынша белгілі бір шешімнен құралатын актілер құрумен байланысты. Сондықтан заңгердің жазбаша тіл мәдениеті ең алдымен норма болуын қарастырады. Заңгердің тіл мәдениетін анықтай отырып, Подголин былай деп жазды: «Тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі тіл мәдениеті әдеби норма мен сөйлеу жағдайларына сай келетін нақты, айқын, түсінікті тілдік құралдарды пайдаланудан құралады және сот тілінің мәдениеті белгілі бір тілдік құралдарды пайдаланудан, бас тарту емес, оларды қажет жерінде қолданудан тұрады». «Сот шешендері белгілі шаманы сақтай білуі өте маңызды, өйткені соңғы шешім ақиқат фактілерге сүйенуі тиіс, ол шешендік таланттың судьялар мен алқа билерге эмоциялық әсер ету нәтижесі болмауы тиіс» деп дұрыс айтылған.

Атап айтқанда іс материалын баяндаудағы дәлдік, әдептілікті сақтау сот шешендігі негізін құрайды. Егер фактілер өздігінен мәнерлі болса, онда оларды тыңдаушыларға қарапайым тілде жеткізу керек. Егер оқиға эмоциялық мәнерлілік жетпей жатса, шешен ойдан шығарылған мән-жайлар арқылы береді. Алайда сот шешендігін зерттеу кезінде ең алдымен құқық мазмұнына және оған қойылатын талаптарға көңіл бөлу керек.

Ресейдегі сот шешендігінің негізін қалаушы, сот тілінің үлкен шебері А.Ф. Кони заңгерлерді өз халқының киесі оның тілін сүюге және үнемі зерттеп отыруға шақырды. «Сіздің ойыңыз сізді іздемесін, керісінше сөздер сіздің ойларыңызға толық бағынышты болсын» деп жазды ол.

Сот қайраткері сауатты, тапқыр, сенімді ретте сөйлей білуі тиіс. Егер заңгерлер іскер тілде ғана емес, сондай-ақ образды әрі экспрессивті тілде сөйлей білсе, біздің сотымыздың тәрбиелік маңызы ұлағая түседі.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 903 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...