Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Главный



Адвокаттың міндетіне азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсету кіреді. Ол құқықтық сұрақтар бойынша кеңес және түсінік, заңнамалар бойынша ауызша және жазбаша анықтама береді, арыз, талап арыз жазуға және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды толтыруға көмектеседі, жалпы юридикциялық, төрелік сотта және басқа да мемлекеттік органдарда азаматтық, еңбек істері, экономикалық дау, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілеттілік танытады. Адвокаттардың алдын ала тергеу органдарының әрекетіндегі қызметінің маңызы зор. Ол сотта жәбірленушінің, азаматтық арызданушы немесе азаматтық жауап берушінің өкілі, қорғаушысы болады. Клиентімен жақсы қарым-қатынас орнату, оның сеніміне кіру – адвокаттың кәсіби міндеті.

Әділеттілік орнатуда маңызды қызметті судьялар атқарады. Ол азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және т.б. сот отырыстарына төрағалық етеді. Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік биліктің, органдардың азаматтардың құқығын шектейтін заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымдарды қарайды. Мұның барлығы төзімділікті, адамдардың психологиясын жақсы білуді, олармен қарым-қатынас жасай білуді талап етеді. Сот процесі дауласқан екі жақтың жасындай жарқылдаған пікір-таластарынан, қисынды дәлелдерден, нақ та дәл, көрікті де көркем сөйлуден тұратын кеңстікті құрайды.

Ішкі істер органдарының бөлімшелерінің қызметкерлері құқық қорғау қызметімен бірге басқару қызметін, бөлімшелерді, аппараттарды басқару қызметін де атқарады, халыққа құқықтық тәрбие беру ісін де жүзеге асырады. Демек, заңгер өз қызметінде тек заңды пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар, түсіндіреді, дәлелдейді, иландырады. Сондықтан ол «кәсіби коммуникант» болуы тиіс, яғни уақыты мен күш-қажырын үнемдей отырып, коммуникативті мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін адамдарға әсер етудің арнайы дағдыларын белсенді түрде пайдалана білуі қажет. Заңгердің тұлғааралық қатынасының деңгейі неғұрлым жоғары болса, ол кәсіби міндеттерін де соғұрлым тиімді шешеді.Заңгер қатысымының коммуникативтік сипаты:

· Нормативтілік немесе тілдесімнің дұрыстығы, яғни ойын әдеби тіл нормасына сәйкес жеткізе білу шеберлігі.

· Нақтылық. Заңгер қатысымы процессуалдық ережелердің талаптарына сай болуы тиіс. Мәтіннің процессуалды заңға сәйкестігі құжатты дұрыс атау, тұжырымдар мен заңгерлік терминдерді заңда жазылған мағынасына сәйкес қолданудан байқалады. "Трудно назвать какую - либо другую область общественной жизни, где неточность слова, разрыв между мыслью и словом были бы чреваты такими иногда тяжелыми последствиями, как в области права, - подчеркивает А.А. Ушаков. - Неточное слово в праве - большое социальное зло. Оно создает почву... для произвола и беззакония" [3.48].

· Логикалығы – ой құрылымы тілдік элементтердің семантикалық байланыста болуынан байқалатын қатысымның коммуникативтік сипаты. Баяндау логикасының сақталуы немесе бұзылуы тілдесімді қабылдаушылардың жағдайды түсінуіне тікелей ықпал етеді.

· Тіл тазалығы. Заңгер қатысымында әдеби тілге жат элементтері қолданылмайды, сондай-ақ сөздер орынды қолданылады.

· Анықтық және түсініктілік. Анықтыққа құжаттың нақты композициясы, баяндаудың логикалық жақтан дұрыс құрылуы, аргументтердің дәлелділігі арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ құжаттарда күрделі ойды жеткізу үшін күрделі синтаксистік құрылымдарды пайдалануды көздейді.

· Тіл байлығы. Бұл коммуникативті мақсатқа қол жеткізу үшін әртүрлі тілдік құралдарды пайдалану. Қатысымда сөздер неғұрлым дұрыс қолданылса, соғұрлым онда ақпарат мол болмақ.

· Көркемдік. Тіл көркемдігіне мына құрылымдық элементтердің көмегімен қол жеткізіледі: тілдік фигура, көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, ирония және т.б.) және эстетикалық жағынан жетілген стиль. «Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз – тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтіп беретін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формаларына шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау, параллелизм, риторикалық

сұрау, риторикалық қаратпа сөздер, дауыс ырғағы т.б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар молынан қолданылады» [4.70].

Сөз өн­­е­рiн ше­бер­ пай­­­да­лануды қажет етпейтiн мамандық бү­гiн­де­ жоқтың қа­­сы. Тiптi адам қыз­­­ме­тi­нiң­ кейбiр салаларында сөйлей бiлу шеберлi­­гiн­ мең­гермей жұмыс iс­теу­ мүм­кiн емес. Соның бірі - құқық қорғау органдары десек, асыра айтпаймыз





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...