Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Заңды өкілдердің сот дәлелдеуге қатысуы



Сезiктi, айыпталушы қорғаушысының және заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы сезiктiге,айыпталушыға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.

Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.
Осы Кодекстің 241-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.Егер аталған адам кәмелетке толмаса немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныса, көрсетілген жазбаша келісімді (сараптама жүргізу үшін) заңды өкіл береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе болмаған жағдайда жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.

сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, заңды өкілдері прокурордың қамауға және қамау мерзімін ұзарту туралы берген санкциясына да сотқа шағымдана алады. Шағым сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы прокурордың қаулысын өзгертпейді. Судья бұл жағдайда қылмыстық істі қараушы органнан осы іске қатысты барлық материалдарды сұратып алып, жеке өзі прокурордың сезіктіге немесе айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдануға берген санкциясының заңдылығы мен негізділігін тексереді.

Судьяның жіберген сұрауын қылмыстық ізге түсу органы алғаннан кейін үш тәуліктің ішінде орындауы тиіс. Судья материалдармен танысып болғаннан кейін, сот отырысының күнін қатысушыларға хабарландырады. Отырысқа қорғаушы, сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері, сондай-ақ сот егер негізді деп тапса, отырысқа сезіктінің де, айыпталушының да қатысуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 750 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...