Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сот процесіндегі реплика құқығы



Іске қатысушы адамдар - дәлелдемелерді жинау мақсатында, сондай-ақ сот, орган (лауазымды тұлға) оларды зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы.
2. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот, орган (лауазымды тұлға) маман шақыруы мүмкін.
3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:
1) заңда тікелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптеріне қайшы келмесе;
2) ғылымилығы жарамды болса;
3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса;
4) қауіпсіз болса, жол беруге болады деп танылады.
4. Ғылыми-техникалық құралдарды жасырын қолданудың нәтижесі, мұндай қолдануға заңмен жол берілетін жағдайларды қоспағанда, дәлелдеме ретінде пайдаланылмайды.
5. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану тарап ұсынған анықтамамен белгіленеді немесе ғылыми-техникалық құралдардың деректері, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және оларды пайдаланудың нәтижелері көрсетіле отырып, сот жүргізген тиісті іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.
6. Ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен алынған құжаттар мен басқа да материалдарды зерттеу, сақтау және оларға билік ету осы Кодекстің 142 және 144-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 703 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...