Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Расчеты параметров воздушных ЛЭП



Ауалык электр беріліс желісі- ашык ауада турган сымдар аркылы электр энергиясын таратуга арналган. Параметрлері:

Активті кедергі Rл. Rom= l / (γF)

Индуктивті кедергі Хл .Белгіл, индуктивті кедергі 1 км желіге жүргізілген, Ом/км.

Х0= 2πLf=0,144lg(Dcp/r) + 12500μ

Активті өткізгіштер gл

Реактивті өткізгшітер bл. Осы өткізгіштік өткізгіштер мен жер сыйымдылық байланыстардын барысымен ескертілген және, табиғи, сыймдылық мінез құлық бар.

bол = 7,58 * 10-6 / lg (Dcp / r)

. ,

Билет

1. Какие типы опор и изоляторов существуют для ВЛЭП?

Тіректер анкерлік, аралық, бұрыштық, транспозициялық және арнайы болып бөлінеді. Тіректерді қолдану ӘЭБЖ орнына, атқаратын қызметіне байланысты болады.

Анкерлік тіректерді электр желісінің аса жауапты жерлерінде сымдарды қатты бекіту үшін қолданылады. Анкерлік тіректер екі сымның бір жақты салмағына төзуі керек. Ағаштан жасалған анкерлік тіректер кернеулігі 110 кВ электр тораптарының түзу сызықты орналасқан бөліктері үшін арналған. Анкерлік тіректер аралық тіректерге қарағанда күрделі және бағасы қымбат,сол себепті оны аз қолдану керек. Кернеулігі 1000 В жоғары желілердің түзу бөліктерінде анкерлік тіректер әрбір 10-15 км арақашықтан кейін орналасып отырады.

Аралық тіректер әуе желілерінің түзу сызықты учаскелерінде сымдарды ұстап тұру үшін қызмет етеді. Аралық тіректер басқалармен салыстырғанда жасалуы оңай және бағасы арзан болып келеді. Оның басты ерекшелігі – олардың көптігінде, олар жалпы тіректер санының 80-90% құрайды.

Бұрыштық тіректер электр желісінің бұрылатын жерлерінде орнатылады. Бұрыштық тіректердің траверсаларын бұрышының биссектрисасы бойынша орнатады. Көбінесе бұрыштық тірек ретінде анкерлік тіректер қолданылады. Транспозициялық тіректер сымдарды транспозициялау үшін қолданылады.

Арнайы тіректердің екі түрі бар:

а) біріншісі – өтпелі тіректер, олар электр желілері өзендермен, көлдермен, терең саймен қиылысқан жерлерде орнатылады.

б) екіншісі – тармақты тіректер, олар басты электр желісінен басқа жаққа қарай жаңа электр желісі тармағын тарту қажет болған кезде қолданылады.

Оқшаулағыштар тізбектің ток жүретін бөліктерін бекіту,оларды жерден немесе қондырғының басқа да бөліктерінен оқшаулау үшін қолданылады. Сол себепті олар фарфордан және шыңдалған шыныдан, яғни механикалық және электр беріктілігі жоғары материалдан жасалады, сонымен қоса олар ыстыққа төзімді, ылғал өткізбейтін болуы тиіс. Шыны оқшаулағыштар фарфорлыдан қарағанда жеңіл болады және жүктемелік соққыларға төзімді келеді.

Құрылысы бойынша оқшаулағыштар штырлы және аспалы болып бөлінеді. Штырлы оқшаулағыштар кернеуі 1000 В дейінгі және кернеуі 6-35 кВ әрбір желілерінде қолданылады.

Кернеуі 35 кВ, қимасы орташа, үлкен ток тізбектерінде, кернеуі өте жоғары тізбектерде тек қана аспалы оқшаулағыштар қолданылады. Оларды гирляндаларға жинайды. Гирляндалар ұстап тұруға және керіп тартып тұруға арналған болып бөлінеді. Ұстап тұратын гирляндалар аралық тіректерде, ал керіп тартатын гирляндалар анкерлік тіректерде орналасады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 644 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...