Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сплайндар. Сплайндарды салу командасы. 3 страница



Attribute (атрибут) алаңында үш параметрді беруге болады: Tag (аты) — атрибуттың аты (ашық жерлер және арнайы белгілер болмау керек); Prompt (сыбыр сөз) —атрибут мәні тұралы сұрағанда сыбыр сөз ретінде беріледі (AutoCAD жүйесімен осы атрибутпен блокты енгізген кезде шығарылады, сұрақтан кейін автоматты қос нүкте қосылады); Value (мәні) — үндеместіктен атрибут мәні.

Insertion Point (енгізу нүктесі) алаңында әрбір атрибутке енгізу нүктесі берілген болу керек, ал Text Options (мәтін параметрлері) алаңында біржолды мәтін арналған параметрлері болу керек. Бұл жерде Justification (тегістеу) параметрінің мәні өте дұрыс таңдалған болу керек, атрибут мәні блоктың жанында әдемі орналастыру үшін.

BLOCK командасы көмегімен, блок атымен, примитивтермен және атрибут суреттеулермен қоса блок суреттеуі жасалады. Ағымдағы суретке INSERT (енгізу) командасымен атрибуттері бар жасалған блоктарды енгізуге болады. Блок енгізу операциядағы әдеттегі параметрлерін көрсеткеннен кейін, AutoCAD жүйесі атрибут мәнін енгізуге сұрақты береді. Енгізілген блоктарға атрибуттердің мәндерін редакциялаға болады. Ол үшін EATTEDIT командасы қолданылады немесе оған сәйкес келетін Modify IIаспаптар тақтасындағы шертпесі. EATTEDIT командасы блок кіруі туралы сұрақ береді: Select a block: (блокты таңдаңыздар:). Блокты көрсеткеннен кейін Enhanced Attribute Editor (атрибуттердің редакторы) сұқбат терезесі ашылады.

Атрибуттердің суреттеулерін редакциялауға болады. Үшін PROPERTIES әмбебаб командасы қолдануға болады. DDEDIT командасы тек қана мәтінді емес сонымен қатар атрибут суреттеуін редакциялайды. Ол үшін Select an annotation object or [ Undo ]: (мәтінді таңдаңыздар немесе [өзгерту]:) сұрағына атрибут суреттеуін белгілеп қою керек. Содан соң Edit Attribute Definition (атрибут суреттеуін редакциялау) сұқбат терезесі көрінеді.

Блок атрибуттерінің көз көрерлік күйін басқарушы басқа аспабы BATTMAN командасы келеді, оны Modify II тақтадағы шертпесімен немесе горизонталь менюдегі Modify | Object | Attribute | Block Attribute Manager пунктімен шақыруға болады. BATTMAN командасы Block Attribute Manager (блоктардың атрибуттерінің диспетчері) сұқбат терезесін ашады.

Үндеместіктен терезеде бірінші блок атрибуттерінің күйі суреттеледі. Блокты ат бойынша немесе Block ашылушы тізімі арқасында немесе шертпені шертумен таңдауға болады. Таңдалған блокқа терезенің орталық бөлімінде берілген сипаттамалары суреттеледі (Tag (аты), Prompt (сыбыр сөз) және т.б.). Елестету сипаттамаларының тізімі Settings шертпемен шақырылатын сұқбат терезеде орналастырады. Атрибуттерді тізімде қайта қоюға болады (Move Up (жоғары), Move Down (төмен)

Блок 3

17.18. AutoCAD жүйесіндегі сыртқы сілтемелер қалай жасауға болады.

Сыртқы сілтеме — бұл қазіргі суреттің элементтерімен қоса сыртқы файлдың бейнелеуі және де сіз сілтейтін файл негізі суретке тасымалданбайды. Сыртқы сілтеме қосу операциясынан пайда болған прими­тив, сыртқы сілтеменің кіруі деп аталады.

Гиперсілтеме — графикалық объектің басқа суретке, құжатқа, электрондық кестеге және кез келген басқа файлға, Интернет (URL) адресіне сілтеу қасиеті.

Гиперсілтемені қосу және редакциялау HYPERLINK (ГИПЕРСІЛТЕМЕ) команда арқылы жасалынады. Оған Insert (Қосу) горизонталь менюдегі Hyperlink... (Гиперсілтеме...) пункті сай келеді.

Команда объектілерді сұрайды және гиперсілтемелері жок объектілер таңдалса Insert Hyperlink (гиперсілтемені енгізу) сұқбат терезесі шақырылады (41 сурет). Text to display (шығарылатын мәтін) аймағында мәтінді беру керек, егер гиперсілмесі бар объектінің үстінен курсор өткенде ол жанында суреттелінеді.

Сурет примитивімен гиперсілтеме арқылы байланысты объектің түрі Insert Hyperlink (гиперсілтеме қосу) сұқбат терезенің Link to (байланыстыру) сол бағанадағы үш шертпе көмегімен таңдалу мүмкін: Existing File or Web Page (бар болатын файл немесе Web - бет); View of This Drawing (осы суреттен көрініс); Е-mail Address (электрондық пошта мекенжайы).

Блок

19. AutoCAD жүйесінде растрлік бейнелеулерді енгізуді және редакциялауді қалай жасауға болады. REPLAY командасымен қарау

Display Image \ View - Replay сұқбат терезесі пайда болды, мұнда формат, директорияны және растрлық файлдың атын енгізу керек.

Program Files\ Acad 2004\ Textures\ директориясын ашыңыздар.tga файл түрін беріңіздер - Автокад текстураларының файлдары пайда болды.

Керек файлды көрсетіңіздер \ ОК. Нәтиже: растрлық бейнелеу активті көріністі терезеге толық шығарылған немесе экранның барлығына, егер команданы “парақтан” шақырса. Растрлық бейнелеуді алып тастау үшін экранды қайтадан салу керек: View \ Redraw (көрініс \ қайта салу, жаңарту...).

Бөлек көріністі терезедегі визуализация нәтижесін сақтау Экранның көрініс терезесінде визуализациядан алынған растрлық бейнелеу, ­экран бірінші қайта салуына дейін сақталынады. Мысалы, елестету масштабын өзгерту немесе экранды панорамалау жеткілікті, визуализация нәтижесі жоқ болып кетеді.Егер визуализация экранның көрініс терезесінде орындалған болса (Viewport визуализация режимі), бейнелеуді SAVEIMG командамен сақтауға болады.Аксонометрия терезесінде сахнаны визуализация жасаңыз. Display Image\ Save - сұқбат терезе пайда болды, мұнда растрлық файлдың форматын беру керек. BMP \ OK беруге ұсынамыз. Директорияны және файлдың атын сақтайық.

Визуализация терезесінде жасалған визуализацияны сақтау үшін (Render Window режимі), осы терезенің менюінде File \ Save көрсетіңіз.Сызба көрнекілігін жоғарылату үшін суретке растрлық бейнелеулерді қосады. Бейнелеу қайта салғанда алып тасталмаған болу үшін (replay командасымен қарағанда), оны Автокад объекті сияқты енгізу керек. Мысалдарды қарап шығамыз. Растрлық бейнелеуді буфер жадысы арқылы енгізу (OLE режимі) Render Window терезесінде визуализацияны орындаңыздар.Render Window терезенің аспаптар тақтасында көрсетіп бейнелеуді буфер жадысына жазып сызып алыңыз.Графикалық редактор терезесіне көшіңіз. Файлдан растрлық бейнелеу енгізу Растрлық бейнелеу файлы болсын, мысалы аксонометрия терезенің ертерек сақталған визуализация файлы. Файлдан бейнелеуді енгізу IMAGEATTACH командамен жүзеге асады.

Insert\ Raster Image\ растрлық файлды көрсетіңіздер \ экранда бейнелеу мөлшерлерін беретін енгізу нүктесін және қарама- қарсы тұрған бұрышты көрсетіңіздер.Файлдан енгізілген сурет, шынында файлға қосылмайды. Растрлық файлға тек жолы бекітіледі. Бұл dwg-файлдың өлшемін үнемдейді. Растрлық файлдың өзгертуі автоматты түрде оның енгізуінің жаңартуына әкеледі. Бұл алдынғы вариантқа қарағанда артықшылық болады. Бірақ басқа компьютерде елестеткен кезде растрлық файл табылмауы мүмкін. Онда файлға жолды түзетуі керек немесе файлдың өзін көшіріп алуы қажетті­. Жолды түзету IMAGE ­ командасымен орындалады: Insert \ Image Manager \ Browse менюі.

Файлдан енгізілген растрлық бейнелеулерді түзету

Файлдан енгізілген растрлық бейнелеулерді түзетуге болады. Түзету командалары Modify\ Object \ Image менюінде орналасқан. Меню жолы Adjust суреттің контрастылығын және жарықтығын, оны фонмен ағып қосылу дәрежесін өзгертеді;Quality - түсберу сапасы; Transparency - суретті мөлдір істеу (шек қойылған оқиғаларға); Frame - сурет рамкасын қосу немесе сөндіріп тастау. Сурет бөлімін кесіп тастауға болады­, Modify\ Clip \ Image бөлім менюде көрсетіп.Енгізілген бір растрлық бейнелеуге түзету құралдары қолданыңыздар.

Барлық экранның комбинирленген вектор-растрлық бейнелеуді сақтау

Растрлық суреттерді енгізу көмегімен комбинирленген бейнелеулерді болады, мұнда векторлық және растрлық элементтер "парақта" немесе әртүрлі көрініс терезелерде бола алады. Презентацияларға және жұмыс ақпарына осындай бейнелеулерді растрлық форматта сақтау қажетті көрінеді. Ол үшін "параққа шығу" жеткілікті және saveimg (Display Image \ Save) командасын орындау.Бірақ қарастырылған вариант бейнелеуді растрлық форматта сақтауға рұқсат етпейді, егер визуализация SHADEMODE командамен орындалған болса. Оны былай істеуге болады.Барлық терезелерде визуализацияны жасағаннан кейін, SHADEMODE командасын қолдануға болады, Print Screen пернені басыңыздар.

Блок3

20. AutoCAD жүйесінде OLE объектілерді қалай енгізуге болады. OLE режимінде енгізу - суретке растрлық бейнелеуді қосудың ең қарапайым түрі. Растрлық файл dwg-файлдың бөлімімі болады. dwg-файлдың көлемі BMP форматына аударылған растрлық файлдың мөлшеріне үлкееді.

Файлдан растрлық бейнелеу енгізу

Растрлық бейнелеу файлы болсын, мысалы аксонометрия терезенің ертерек сақталған визуализация файлы. Файлдан бейнелеуді енгізу IMAGEATTACH командамен жүзеге асады.Insert\ Raster Image\ растрлық файлды көрсетіңіздер \ экранда бейнелеу мөлшерлерін беретін енгізу нүктесін және қарама- қарсы тұрған бұрышты көрсетіңіздер.Файлдан енгізілген сурет, шынында файлға қосылмайды. Растрлық файлға тек жолы бекітіледі. Бұл dwg-файлдың өлшемін үнемдейді. Растрлық файлдың өзгертуі автоматты түрде оның енгізуінің жаңартуына әкеледі. Бұл алдынғы вариантқа қарағанда артықшылық болады. Бірақ басқа компьютерде елестеткен кезде растрлық файл табылмауы мүмкін. Онда файлға жолды түзетуі керек немесе файлдың өзін көшіріп алуы қажетті­. Жолды түзету IMAGE ­ командасымен орындалады: Insert \ Image Manager \ Browse менюі.

Файлдан енгізілген растрлық бейнелеулерді түзету Файлдан енгізілген растрлық бейнелеулерді түзетуге болады. Түзету командалары Modify\ Object \ Image менюінде орналасқан. Меню жолы Adjust суреттің контрастылығын және жарықтығын, оны фонмен ағып қосылу дәрежесін өзгертеді;Quality - түсберу сапасы; Transparency - суретті мөлдір істеу (шек қойылған оқиғаларға); Frame - сурет рамкасын қосу немесе сөндіріп тастау. Сурет бөлімін кесіп тастауға болады­, Modify\ Clip \ Image бөлім менюде көрсетіп.Енгізілген бір растрлық бейнелеуге түзету құралдары қолданыңыздар.

Барлық экранның комбинирленген вектор-растрлық бейнелеуді сақтау

Растрлық суреттерді енгізу көмегімен комбинирленген бейнелеулерді болады, мұнда векторлық және растрлық элементтер "парақта" немесе әртүрлі көрініс терезелерде бола алады. Презентацияларға және жұмыс ақпарына осындай бейнелеулерді растрлық форматта сақтау қажетті көрінеді. Ол үшін "параққа шығу" жеткілікті және saveimg (Display Image \ Save) командасын орындау.Бірақ қарастырылған вариант бейнелеуді растрлық форматта сақтауға рұқсат етпейді, егер визуализация SHADEMODE командамен орындалған болса. Оны былай істеуге болады.Барлық терезелерде визуализацияны жасағаннан кейін, SHADEMODE командасын қолдануға болады, Print Screen пернені басыңыздар. Бұл барлық экраннын бейнелеуін буфер жадысына сақтайды. Барлық экран, менюмен қоса, аспаптар тақтасының және курсордың бейнелеуі сақталады. Шеттегі аймақтарды кесу үшін, Paint, Imaging Windows стандартты қосымшалары болатын немесе басқаларға (Photoshop) растрлық бейнелеулерінің редакторларын пайдаланып қалыңыздар. Автокадтада кесуге болады.Ол үшін жаңа парақты ашыңыздар, кезекші көрініс терезені алып тастаңыз, буферден сақталған барлық экранның бейнелеуін салыңыздар, экран барлығына енгізудің тек қана керекті бөлімін суреттеңіз және қайтадан SAVEIMG (Display Image \Save) командасымен файлға экран бейнелеуін қайта сақтаңыздар.Көрініс терезелерде бейнелеулерді әртүрлі құралдармен визуализацияны жасаңыз, барлық экранның растрлық көшірмені істеңіздер және сырттағысын кесіп тастаңыз. Бейнелеуді бөлек файлда сақтаңыздар. Оны растрлық бейнелеулердің визуализация құралдармен көріп шығыңыз.


Блок3

21. Үш өлшемді құрылулар. Координат жүйелері. Деңгей және биіктік.

AutoCAD жүйесі примитивтерді үш өлшемдік кеңістіктің кез келген жазықтығында құруы мүмкін. Осыдан басқа, AutoCAD жүйесінде объектілердің үш өлшемді модельдерінің құрылуын орындауға мүмкіндік беретін кеңістік примитивтердің (беттер, денелер және т.б.) үлкен жиыны бар.

XY жазықтығы әлемдік координаталар жүйесінен (ӘКЖ) графикалық экранның жазықтығымен сәйкес келеді. ӘКЖ-ның үшінші осі (Z-осі) экранға перпендикуляр орналасқан және экраннан бізге қарай бағытталған. Әлемдік координаттар жүйесінің белгісі ретінде координат осьтердің басында тік төртбұрыш орналасқан. Барлық қалған координаталар жүйелері тұтінушы координаталар жүйелері деп аталады (ТКЖ).

Құрулардың негізгі XY жазықтығы Z= 0 деңгейімен. Объекті жаңа жазықтыққа алып баруға болады (мысалы Z осімен 250 мм жоғарырақ PROPERTIES командасын қолданып). Примитивтердің тағы бір сипаттамасын өзгертуге болады — биіктігін. AutoCAD жүйесінде биіктігі деп Z осі бойымен алынған объектің жуандығы түсініледі.

Координаталар жүйесі XY ӘКЖ жазықтығына паралельді емес кез келген басқа жазықтықтарды құру үшін UCS (ТКЖ) командасы қолданылады. Әлемдік координаталар жүйеден өзгеше тұтінушы координаталар жүйелері деп аталады. Тұтінушы координаталар жүйелеріне ат беруге болады. UCS (ТКЖ) командасы жаңа координаталар жүйеге басын және жаңа X, Y осьтерінің бағытын беруге рұқсат етеді. Осы командаға екі аспаптар тақтасы сай болады: UCS (ТКЖ) және UCS II (ТКЖ-2).UCS (ТКЖ) аспаптар тақтасында UCS (ТКЖ) командаланың әртүрлі варианттарына сай болатын шертпелер жиналған: - UCS (ТКЖ) команданы опцияларың автоматты түрде таңдаусыз орындайды (одан әрі оларды тұтінушы береді); - аталған координаталар жүйелерін басқаруға арналған UCS (ТКЖ) сұқбат терезесін шақырады; — алдындағы ТКЖ қалпына келтіреді; — ӘКЖ қалпына келтіреді; — объектімен ТКЖ қондырады; — үш өлшемді дененің таңдалған қырымен ТКЖ бірлестіреді; — XY жазықтығымен жаңа координаталар жүйесін экранға (көрініске) паралель қондырады; - координаталар жүйе басын тасымалдау жолмен жаңа ТКЖ-ны қондырады; — жаңа Z осінің оң аралығында нүктені көрсету жолмен ТКЖ-ны қондырады; — жаңа ТКЖ-ны үш нүкте көмегімен қондырады (координаталар басын және Х\\ К осьтерінің бағыттарын); — ағымдағы ТКЖ-ны Х осіне қатысты айнала бұрылуды орындайды; — ағымдағы ТКЖ-ны Y осіне қатысты айнала бұрылуды орындайды; — ағымдағы ТКЖ-ны Z осіне қатысты айнала бұрылуды орындайды; — ағымдағы ТКЖ-ны таңдалған көріністі экранға қолданады. UCS II (ТКЖ-2) атанған координаталар жүйелердің ашылушы тізімінен басқа екі шертпе бар, бірінші UCS (ТКЖ) тақтасына кірді, ал екінші ()координаталар осьтердің бағыттарын алмастырмай ағымдағы ТКЖ басын басқа нүктеге ауыстыруға рұқсат етеді. шертпесі UCS (ТКЖ) командасымен емес, UCS (ТКЖ) сұқбат терезені ашатын UCSMAN командасымен байланысты(56 сурет).Сұқбат терезеде үш қосымша бар: Named UCSs (аталған ТКЖ-лар), Orthographic UCSs (ортогональды ТКЖ-лар) және Settings (режимдер). Named UCSs қосымшасы аталған ТКЖ тізімін көруге рұқсат етеді және Set Current (орнату) шертпесі олардан кез келгенін қондырады. Details шертпесі белгіленген ТКЖ сипаттамаларымен UCS Details сұқбат терезесін ашады. Orthographic UCSs (ортогональды ТКЖ) қосымшасы негізгі ортогональды ТКЖ жұмыс істеу үшін арналған. Depth (тереңдік) параметрін бергенде ағымдағы ортогональды ТКЖ жазықтығын Z осі бойымен қосымша басқаша орналастыруға рұқсат етеді.

UCS (ТКЖ) сұқбат терезенің Settings (режимдер) қосымшасында екі аймағы болады. UCS Icon settings (ТКЖ пиктограммаларының режимдері) аймағында үш жалауша бар: On (қосу)— ТКЖ пиктограммасын қосады; Display at UCS origin point (ТКЖ басында)— пиктограмманы графикалық экранның сол төменгі бұрышынан координаталардың бас нүктесіне апарады (егер 0,0,0 нүкте осы экранда көрінсе);

Блок3

22. Үш өлшемді құрылулардағы көріністер. Көрініс экрандары. 3D Orbit командасы.

Auto CAD жүйесі кез келген көлемдегі жабылмайтын көріністік экранға конфигурацияларды құруға мүмкіндік береді. VPORTSкомандасы Viewports тақтадағы шертпесімен және горизонталь менюінің View | Viewports | New Viewports пунктінен шақырылады New Viewports (Жаңа КЭ), Viewports (Көрініс экрандар) пункті. VPORTS командасы көріністік экрандардың конфигурацияларын құрайды.

Бұл команда Viewports (Көрініс экрандар) сұқбат терезені ашады (57 сурет).

Осы терезенің New name (жаңа ат) алаңы жасалынатын көріністі экрандардың конфигурацияның атын беру үшін арналған. Егер атын бермесе, онда экрандардың жаңа конфигурациясы жасалалынады, бірақ сақталмайды. Preview (үлгі) алаңында Standard viewports (стандартты конфигупациялар) тізімінде белгіленген конфигурацияның сырт пішіні суреттеледі. Apply to (қолдану) ашылушы тізімінде екі мәннен біреуін таңдауға болады, ол бөлу операциясы қандай графикалық экран бөліміне қолданылатындығын көрсетеді: Display (барлық экранға); Current Viewport (ағымдағы КЭкранға).

Setup (режим) ашылушы тізімінде тұтынушыға тек қана екі мән қолайлы: 2D — ағымдағы түр барлық жаңа көріністі экрандарға таралады; 3D — ағымдағы түр көріністі экрандардардың біреуне ғана орналасады, ал қалғандарында AutoCAD жүйесі лайықты ортогональды түрлерді таңдайды.

Change view to (түрді ауыстыру) ашылушы тізімінде Preview (үлгі) алаңында белгіленген көріністі экранда орнатылатын қажетті түрі беріледі. Керекті экран белгісі тышқанның шертуімен орындалады.Бір экранға өту үшін — Viewports (көріністі экрандар)аспаптар тақтадағы шертпеге шерту керек. Viewports (көріністі экрандар) сұқбат терезедегі Named Viewports (аталған КЭкрандар) қосымшасы, сіздердің суретіңізде болған немесе басқа аттармен ертерек сақталған көріністі экрандардың конфигурациясын таңдауға рұқсат етеді. Әрбір жасалған көрініс экрандарды 1, 2, 3 немесе 4 бөлімге бөлуге болады. Ол үшін Viewports сұқбат терезенің New Viewports қосымшасы немесе горизонталь менюдің View | Viewports | 1 Viewport—4 Viewports пункті қолданылады.

Көршілес көріністі экрандарды бірге қосуға болады. Ол үшін горизонталь менюдің View | Viewports | Join пунктімен пайдалануға болады.

Көріністер Көріністі экранда осы экранда көзқарас бағытын және елестету масштабын беріп көріністі орнатуға болады. Көріністі экрандар секілді көріністер да аталады. Оны жүзеге асыратын негізгі жолдары VIEW командасы, сонымен қатар View аспаптар тақтасы келеді. View аспаптар тақтасында келесі шертпелер орналасқан: View сұқбат терезесін шақырады; стандартты ортогональды көріністерді құратын 6 шертпелер — (үстіңгі жағынан көрініс), (төмен жағынан көрініс), (сол жағынан көрініс), (оңңан көрініс), (алдыңғы көрініс) және (артқы көрініс); стандартты изометриялық түрлерді құратын 4 шертпелер — (оңтүстік-батыс изометрия), (оңтүстік-шығыс изометрия), (солтүстік-шығыс изометрия) және (солтүстік-батыс изометрия); — камера нүктесі және көзқарас бағытының нүктесі көмегімен көзқарас бағытын береді.

VIEW командамен немесе View тақтадағы шертпемен ашылатын View сұқбат терезесін (58 сурет) қарап шығайық. Көріністің тізімінде ағымдағы суреттің төрт бағанада көріністердің параметрлері орналасқан: Name (аты) — көріністің атын құрайды; Location (қосымша) — көрініс байланысты қосымшаның аты көрсетіледі; UCS (ТКЖ) — координаталар жүйенің атын құрайды, егер ол көрініспен бірге сақталған болса; Perspective (перспектива) — әдеттегі немесе перспективалы көріністің құру белгісін көрсетеді.Бәрлық көріністермен алып тастау, қайта ат қою және көріністі ағымдағы жасау операцияларын орындауға болады. Тізімдегі көріністердің біреуі Current (ағымдағы) болып аталады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 731 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...