Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Примитивтер



Әрбір суретті қарапайым бөліктеріне бөлуге болады. AutoCAD жүйесінде олар примитивтер деп аталады.

Примитивтің түрлері

Примитивтер жай және күрделі болады. Қарапайым примитивтерге келесі объектілер жатады: нүкте, кесінді, шеңбер, доға, түзу, сәуле, эллипс, сплайн, біржолды мәтін.

Күрделі примитивтерге жатады: полисызық, мультисызық, мультитекст, өлшем, шығару сызығы, дәлдік шегі, штрихтау, блоктың немесе сыртқы сілтеменің кіруі, атрибут және растрлік бейнелеу. Тағы кеңістік примитивтер мен көрініс экраны бар. Және сирек кездесетін примитивтер бар.

Примитивтердің көбісінің құру операциялары Draw (сурет салу) аспаптар панеліндегі шертпелер көмегімен орындалады (3 сурет).

3 сурет

Полисызықтар

Полисызықтар — күрделі примитив болады. Оның құрамында бір немесе бірнеше бір-бірімен байланысқан түзу және доғалы сегменттер бар. Полисызықтар біртұтас объект болып өңделеді.

PLINE командасы пернетақтадан, Draw (Сурет салу) саймандар тақтадан Polyline (Полисызық) шертпесінен немесе горизонталь меню Draw (Сурет салу) Polyline (Полисызық) пунктен шақырылады.

Команда орындалғанда жүйенің бірінші сұрағы:

Specify start point: (бастапқы нүкте:)

Полисызықтың бастапқы нүктесін көрсету керек. Келесі сұрақ одан күрделі болады:

Current line - width is 0.0000 Specify next point or [ Arc | Halfividth | Length | Undo | Width ]: (Полисызықтың ағымды ені 0.0000 тең. Келесі нүкте немес е [Доға | Жарты ені | Ұзындық | Өзгерту | Ені]:)

Егер осы уақытта нүктені көрсетсек, онда осы нүкте сызықтың екінші нүктесін болады. AutoCAD жүйесі алдындағы сұрақты қайтадан қайталайды, бірақ оған Close (Тұйықтау) опциясы қосылады.

Полисызықты, оның құрамына кіретін кесінділер мен доғалар тобына ауыстыруға болады. Оны EXPLODE (БӨЛІП ТАСТАУ) командасы жасайды. Ол Modify (Редакциялау) тақтада бар немесе Modify (Редакциялау) горизонталь менюда (Explode (Бөліп тастау) пункті).

Бөліп тастағанда ені туралы хабарлама жоғалады. Жүйеде бұрын салынған бір-бірімен байланысты кесінділер мен доғаларды полисызыққа біріктіруге мүмкіншілік бар. Ол үшін PEDIT командасы қолданылады. Оны Modify II (Редакциялау-2) саймандар тақтасында және Modify (Редакциялау) горизонталь менюде — Polyline (Полисызық) пункте табуға болады.

Полисызықтың арнаулы түрлері

Тікбұрыштарды RECTANG командасы сызады. Оны пернетақтадан немесе Draw (Сурет салу) тақтадан немесе Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Rectangle (Тікбұрыш) пунктінен енгізуге болады.

POLYGON командасы дұрыс көпбұрышты не бір жағындағы соңғы нүтелерімен, не центрдің нүктесімен және енгізілген немесе суреттелген шеңбердің радиусымен салады. Команданы Draw (Сурет салу) тақтадан Polygon шертпесімен немесе Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Polygon пунктінен шақыруға болады.

Сақина DONUT (САҚИНА) командасымен салынады және ені ішкі мен сыртқы диаметрмен сәйкес полисызықпен көрсетіледі. Команда пернетақтадан, ал Draw (Сурет салу) горизонталь менюден Donut (Сақина) пунктінен енгізіледі.

Команда рисует замкнутую полилинию в форме облака. Этой команде соответствуют кнопка панели инструментов Draw (Рисование) и пункт Revision Cloud (Облако правки) падающего меню Draw (Рисование).

Блок

4. AutoCAD жүйеде өлшемдерді қою

Өлшемдерді, дәлдікшектерді және шығару сызықтарды қондыру операциялары горизонталь менюдегі Dimension (Өлшемдер) командаларымен немесе саймандартақтадағы Dimension (Өлшемдер) шертпелер арқылы жасалынады.

DIMLІNEAR командасы сызықты өлшемдерді қондырады.Оған Dimension (Өлшемдер)панеліндегі LinearDimension (Сызықты өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMALIGNED командасына Aligned Dimension (Па­раллельді өлшем) шертпесі сай келеді. Бұл команда сызықты өлшемді таңдап алынған кесіндіге парал­лель немесе екі көрсетілген нүктелерге салады.

DIMORDINATE командасы көрсетілген нүктенің шығару сызықты, абсцисса немесе ордината мәндерімен бірге салуға мүмкіншілік береді. Осы командаға Ordinate Dimension (Ордината өлшемі) шертпесі сай келеді.

DIMDIAMETER командасы диаметрді салуға арналған. Оған Diameter Dimension (Диаметр) шертпесі сай келеді.

DIMRADIUS командаға Radius Dimension (Радиус) шертпесі сай келеді.

DIMANGULAR командасы кесінділердің арасындағы бұрыштық өлшем немесе доғаның бұрыштық өлшемін (немесе шеңбердің бөлігі) салу үшін арналған. Оған Angular Dimension (Бұрыштық өлшем) шертпесі сай келеді.

QDIM командасы біртиптік топтарды тез салу үшін немесе негізгі өлшемдер мен өлшемдер тізбектерді тез салу үшін арналған. QDIM командасына Quick Dimension (Тез өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMBASELINE командасы бір негізгі нүктеден бірнеше сызықты өлшемдерді салуға мүмкіншілік береді, пернетақтадан енгізілгеннен басқа, Baseline dimension (Негізгі өлшем) шертпесі сай келеді.

DIMCONTINUE командасы бір-бірін жалғастыратын сызықты өлшемдердің топтарын салады, пернетақтадан енгізілгеннен басқа, Continue Dimension (Өлшем тізбегі) шертпесіарқылы шақырылады.

QLEADER командасы шығару сызығы примитивті салады.Ол қиғаш немесе тегіс шығаратын сызықтан тұрады немесе оның құрамында бағыттауыштан басталатын және бір немесе бірнеше мәтін немесе мультимәтін жолдармен бітетін бірнеше сегменттер бар. Бұл команда Quick Leader (Тез шығару сызығы) шертпесінен шақырылады.

Блок

5.Объектік таңу және оның қолдануы

Объектік тану дегеніміз-координатаны объект бойынша беру.

Объекті танудың түрлері:

1. Endpoint – сызықтық немесе доғалық сегменттің соңғы нүктесі.

2.Midpoint - сызықтық немесе доғалық сегменттің дәл ортаңғы нүктесі.

3. Intersection –Екі сегменттің қиылысунүктесі.

4. Extension –сегменттің жалғасы.

5. Perpendicular –берілген сегменттке перпендикуляр

6. Parallel –берілген нүктеден белгіленген сызыққа параллель.

7. Nearest –объектке жақын нүкте.

8. ApparentIntersection –екі сегменттің жалғасыныңқиылысу нүктесін елестеткендегі нүкте.

9. Center –доғаның немесе шеңбердің центрі

10. Quadrant - доғаның немесе шеңбердің квадранты

11. Tangent –шеңбергенемесе доғаға жанасу нүктесі

12. Node –объектің түйіні(нүкте)

13. Insert –мәтіннің немесе блоктың қойылу нүктесі.

Блок

6. Штрихтау және құюлар.Градиенттік құю.

Қималар мен тіліктердің штрихталуы МЕСТ 2.306—81 сәйкес орындалады. Штрихтау түрі бөлшек материалына байланысты тағайындалады. Штрихтаудің еңкею бұрышы көбінесе материалдарға 45° алады, штрихтаудың параллель сызықтардың арасы - 2...4 мм.

Штрихтау қадамын масштабтау кезінде өзгеретінін ескере отырып, штрихтауды көріністі масштабтағаннан кейін орындау керек.

ВНАТСН командасы тұйықталған аудандарды штрихтау үшін қолданылады. Ол Draw (Сурет салу) тақтадан Hatch (Штрихтау) шертпесімен шақырылады.

ВНАТСН командасы сызықтармен тұйықталған ауданды, контурдың ішкі нүктелерін көрсетіп немесе объектілерді таңдап алып штрихтайды немесе құяды. Boundary Hatchand Fill (Контур бойымен штрихтау және құю) ко­мандасы сұқбат терезені шакырады.

Hatch вкладкасы штрихтау параметрлерін енгізеді.

Шертпенің сол жағы штрихтауының параметрлерін, оң жағы — штрихпенен толтырылатын ауданды береді. Штрихтаудыжасауүшінконтурдыңішінденүктелердітаңдапалукерек, немесеконтурлардыңөздерін SelectObjects (Объектілерді таңдау) шертпеменбелгілеукерек.

Басқа стандартты үлгілердің тізімінде SOLID атындағы штрихтау бар -олқұю болады.

Градиентті құюлармен жұмысістеуге Boundary Hatch and Fill сұқбат терезенің Gradient (Градиенттілер) вкладкасы арналған. Сұқбат терезенің жоғарғы бөлімінде екі ауыстырып қосқыш көмегімен құю үлгісін таңдау керек. Түстес құюларға негізгі түсті көрсету қажетті. Негізгі түсті өзгертуіне шертпесі арналған. Оны шертсе үш вкладкасы бар Select Color сұқбат терезесі ашылады.

Блок 2

7. AutoCAD жүйедегі аспаптар палитрасы.

Tool Palettes (аспаптар палитрасы) панельді экранға шақыруы және оны экраннан алып тастауы Стандартты аспаптар панеліндегі шертпенің тышқанның сол шертпесін шерту арқылы жүзеге асады. Сызбаға безендіру жасағанда, штрихтау және блоктар сияқты қолданылатын элементтерді жылдам шақыру үшін аспаптар палитрасы панелі арналған. TOOL PALETTES(аспаптардың палитралары) тақтасынан штрихтауды және құюды енгізу үшін (50 сурет) палитра элементін тышқанмен суреттегі тұйықталған аймақтың ішіне апару қажетті. Сонымен қатар элементке шертуге болады, сонда жүйе енгізу нүктесі туралы сұрақты береді. Блокты палитраға қосуы Басқару орталығынан таңдалған элементті тасуымен орындалады. Блокты алып тастауы палитраның контекстік менюдегі Delete Tool пунктісі арқасында орындалады. Егер TOOL PALETTES (аспаптардың палитралары) панельдің ішінде, бірақ палитра элементінің үстінде емес, тышқанның оң шертпесін шертсек, онда қасиеттерді және панель құрылымдарын редакциялау контекстік меню ашылады.

Блок 2





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3971 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...