Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет № 2. ЕҢ кіші квадраттар Әдісі эконометриялық модель құру ерекшеліктері



Қандай модель болса да, құру үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:

- Зерттейтін процесстің мақсаты толық тұжырымдалады;

- ең неізгі сапалық мінездемелері факторлары анықталады;

- функционалдық, структуралық, құраушы элементтері анықталады;

- элементтерінің арасындағы байланыстарға сөзбен сапалық саралау мен сипаттау жасалады;

- дәл, қысқа, компакты түрде математикалық модель құрастырылады;

- модельдің шешімі алынып, жан-жақты анализ (адекваттығынан бастап, қорытындысы арқылы болжам) жасалады.

Осылайша құрылған эконометриялық модель (ЭМ) экономикалық математикалық модельге (ЭММ), экономистер үшін математикаға (МЭ), экономикалық теорияға сүйенеді. Бірақ ЭММ модель құрғанмен оның экономикалық құбылысқа сәйкестігін немесе алшақтығын Математика мен Статистика арқылы ғана зерттей алады. Ал ЭТ арқылы эконометриялық зерттеуге тиесілі құбылыстың (экономикалық қана емес) ең дәл, жалпы заңдылықтарға сәйкестігін салыстырады.

Алдын ала немесе қорытындылар арқылы болжам (прогноз) жасау, әлеуметтік, саяси, экономикалық ситуацияларды бақылап дұрыс бағыт нұсқау ЭМ үлесінде. Сондықтан да ЭМ-ға анықтаманы бір сөзбен бере қою мүмкін емес. Жалпы алғанда құбылыстарды зерттеуде ЭТ, ЭММ, МЭ пайдалана отырып, әсіресе МС әртүрлі құрама әдістері арқылы жан-жақты толық мағлұмат алу ЭМ-ның негізгі мақсаты.

Экономикалық және басқа да құбылыстардың математикалық формализациясы функционалдық тәріздес заңдылыққа әкеледі. Бірақ, макроэкономикада бұл байланыс дұрыс қойылған (корректно) байланыс болмайды. Себебі ресурстардың структураларының арасындағы байланыстардың өзі әртүрлі болуы әбден мүмкін. Сондықтан ЭМ-да эндогендік параметрлерден (у және х) басқа, процесс кезінде әсері болатын экзогендік параметрлер еңгізіледі () яғни есептеу кезінде пайда болуына байланысты ескерілетін параметр (регулирующий параметр).

Сонымен, ЭМ модель – ЭМ зерттеудің негізгі инструменті (құрал – жабдығы). Әрі қарай осы модельдің өзі ЭМ зерттеуден өткізіледі:

1. - тұтынушының азық-түліктердің бағаларына байланысты тұтыну заңдылығы десек, басқа да, мысалы, азық-түліктен өзге тауарлардың бағасын есепке алу керек пе?

2. Алынған факторлар шынымен құбылысты айқындаушы факторлар (айнымалылар) ма?

3. Бірқатар айнымалыларды алып тастағанда (есепті жеңілдету үшін) қаншалықты құбылыс заңдылығы өзгерер еді?

4. ЭТ дұрыс па? Яғни байланысты сызықтық (немесе басқаша) қарастыруымыз негізгі ЭТ заңдылыққа қайшы келмей ме?

5. Модель толық па? Мысалы, сұраныс теңдеуі ұсыныс теңдеуінсіз қарастырыла ма?

6. Микроэкономикалық модель макроэкономикалық структураларысыз жеткілікті ме?

7. Модель тұрақталынған (статикалық) ба? Әлде динамикалық модель болғаны дұрыс па? Мысалы, өткен жылғы табыс биылғы тұтынуға қалай әсерін тигізеді. ж.б.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 543 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...