Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кімшілік –сот реформасын аяқтау1886 – 1891 жж. Өлкені басқару жөніндегі ережелер



1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкенде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды.

Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

82.1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне Қарсы Орал,Торғай және Манғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі 1867-1868 ж. Реформа отаршылдық езгіні тереңдетті жерді патша үкіметінің меншігі етіп жариялады,бекіністерді коптеп салды,салықтар көбейтілді.шаруашылық 1-3 сомға дейін земстова салығын қосқанда 3 сом 50 тиын төлеген. Осындай себепке, ауыртпалыққа қарсы байланысты. Қазақ шаруалары азаттық үшін күресті. 1868 ж желтоқсанмен 1869 ж қазаны аралығында Орал мен Торғай көтеріліс анти феодалдық сипатта болды. Оны басқарған Сейіл Түркібайұлы. Б. Оспанұлы 1869 ж 6 мамырда Жамансай көлі маңында, 20 мың көтеріліші Фонтштемпейдің тобын 7 күн бойы қоршады. 1869ж наурыз-маусымда 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуыл жасады. Көтерілісшілерге қарсы Р. Комаровский Веревкиннің тобы жіберілді. 1870ж маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі Д. Тәжіұлы Иса Тіленбайұлы. Себебі: 40 мың шаңырақ Адай руы 2 жылда 160 мың сом салық төлеуге тиіс болуы. 1870ж 16 наурызда Рукин тобы Адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозашы түбінде 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды талқандады. Рукин атылып өлді. 1870ж 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск вортына шабуыл жасады. 1870ж мамырда Маңғыстауға Кавказдан әскери күш жеткіхзіліп, көтеріліс аяусыз жансылды. Тіленбайұлы мен Тәжіұлы бастаған 3 мың жуық Шаңырақ Хиуа қандығына көшіп кетті. Салдары: Маңғыстау қазақтарынан 57 мың 901 сом салық жиналды.Адайлықтар соғыстың шығыны ретінде 90 қой берді.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1254 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...