Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Йғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы



1862-1877 жылдары Қытайда ұйғырлар мен дүнгендердің азаттық көтерілісі болды. Көтеріліске қазақ,қырғыз халықтары да қатысты.Көтеріліс нәтижесінде ұйғыр мемлекеті құлады.Кейін Цинь империясы ұйғыр мемлекетін құлатып,көтерілісті басқан соң,ұйғырлар мен дүнгендер мекендеген шығыс Түркістан жерінде Қытайдың Шыңжаң провинциясы құрылды.Осыдан кейін бұл жерлерді мекендеген Ұйғырлар мен дүнгендерді Цин империясы қыспаққа ала бастады.Бұл жағдай аталған халықтардың Қазақстанға қоныс аударуына себеп болды. XIX ғасырдың 80 жылдарында ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жкріне қоныс аударуы басталды.Қоныс аударған Ұйғырлар саны 45000 Дүнгендер 5000 болды.Жаркент,Ақсу,Малыбай,Қарасу,Қорамса болыстарының негізін ұйғырлар қалад.1897 жылы Ұйғырлар саны 55990 адамға Дүнгендер саны 14136 адамға жетті.Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде би­дай басым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді.Ұйғырлар сондай-ақ мақта өсірумен және ішінара жібек құртын өсірумен де айналысты. Дүнгендер мен ұйғырлар май дайындау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен темекі өсіріп, оны жергілікті рынокта тиімді етіп өткізе бастады. Жетісуда қоныс аудару қоныстандырушыларға да әсер етпей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғырлар мен дүнгендер шаруашылығында ағаш сабандар мен басқа да до­бал құрал-саймандар қолданылып келсе, енді олар темір соқаларды, тырмаларды, сеялкаларды, т. б. пайдаланатын болды, жаңа ауыл шаруашылық дақылда­рын: сұлы, темекі, картоп, помидор және басқаларын егуді игерді. Байырғы халықтар – қазақтар мен қырғыздардың әсерімен дүнгендер мал шаруашылығымен айналыса бастады.Ұйғырлар мен дүнгендердің тарихи тағдырлары Ресейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі халықтарының тағдырымен тығыз астасып кетті.

85) Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі. Ресей ықпалына біртіндеп өтуі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне өзгерістер әкелді.Дала өлкесін отарлау,империяның құрамына енгізілуі Қазақстанның мәдени,рухани өзгерістерін де тереңдете түсті. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастайды. Ғалым-картографтар,геогрофтар,минерологтар,тарихшылар ғылыми,кейде әскери экспедициялар құрамында жүріп зерттелмеген,алғашқы зерттеу,қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен,материялдық мәдениетімен,тарихымен танысты. Князь Александр Бекович-Черкасскийдің алғашқы ірі экспедициясы саяси қатынас тұрғысынан сәтсіз аяқталып,Хиуаны бағындыруға аттандырған әскери бөлім түгелге жуық қырылғанымен,Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болды.

86. Хіх ғ.ғы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар; Д.Б,Ш.Қ,М.М. еңбектері. Xix ғ адамзат тарихында мәдениеттің, ғылым мен білімнің, әдебиетпен өнердің дамуында ерекше орын алды. Хіх ғ.ң ортасына қарай бүкіл қазақ жері Ресей құрамына өтті. Қазақтың дәстүрлі шаруашылығына капиталистік қатынастың енуі ерекше орын алды. 1822 ж:Сібір қырғыздарының жарғысы:, 1824ж: Орынбор қазақтарының жарғысы:, экономикалық, әкімшілдік және саяси мәселелерді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге мәдениетпен білім беру ісін тездетті. Бірақ патша өкіметі отар халықтың сауатты болғанын қаламады. Оқыту орыс тілінде жүргізілді. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп Бөкей ордасында Жәңгір ханның бастамасымен 1841 ж ашылды.Шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар мен орыс-қазақ училищелерімен мектептері, көптеп ашыла бастады. Ғасырдың соңына қарай Қ.да 730 бастауыш мектеп жұмыс жасады. Қазақ жерін отарлауды күшейтті, жерінен айырылған қазақтар әдет-ғұрып пен қазақы мінезіненде айырыла бастады. Осыған жаны ашып жырлаған ақындарды М. Әуезов «Зар заман жыршылары» д.а. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев халықтың мұң-мұқтажын жырлаушыларды «Зар заман» мектебінің ойшылдары деп атады.Солардың бірі –Дулат Бабатайұлы,(1802-1874),Шортанбай Қанайұлы(1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906). Бұлар Қ-ның Ресейге қосылған кезеңін өте ауыр кезең ретінде суреттейді, өлкедегі тауар-ақша қатынастарын, қазақ қоғамында пайда болып жатқан әлеуметтік топтарды сынға алды. М.М «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қатты дүние-ай». Д.Б «Бейшара менің қазағым», «О,Сарыарқа,Сарыарқа».

Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы және т.б, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.

ХІХ ғ. Осы бір тарихи дәуірде туып өскен Ш.У қазақтың тұңғыш ғалымы ж\е ағартушысы болды. Омбы кадет корпусында тамаша білім алған Шоқан бар өмірін ғылымға арнады. Белгілі географ ғалым, саясатшы П.П. Семенов-Тян-Шаньскиймен танысуы Шоқанның бұдан кейінгі өмірін айқындады. 1857ж «Манас». 1858-1859ж Қашқар экспедициясы. А.Қ пен Ш.У ХІХ ғ-ғы екі үлкен білім жүйесінің өкілдері болды; діни (мұсылмандық) ж\е зайырлы(орыстық). Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857ж танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы аяқтады. Ол, әсіресе, қол-өнер ж\е ауылшаруашылығы училищелерін ашуға көп кү-жігер жұасап, байырғы халық арасынан Қ-ң экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. 1886ж Абай ақындық шығармашылығының бастауы болған «Жаз» өлеңін жазды. Абай А.Пушкин, М.Лермонтов,Гете шығармаларын қазақ тіліне аударды. Абайдың шығармалары «қазақ халқының айнасы» болды.Бұл тарихи кезеңде Қ-да «Акмолинские обласные ведомости», «Оренбурский листок» ж\е т.б газеттер шығарылды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3194 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...