Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұйықтардың боялуын фармакопеялық әдіспен анықтау



Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтауды қоңыр сары қызыл қатарында бойынша сәйкес салыстыру ерітінділерімен визуалды салыстыру арқылы, жеке бапта көрсетілген, төменгі екі әдістің бірімен жүргізіледі. Егер ерітінді су Р немесе еріткішпен салыстырғанда бірдей немесе бояуының қарқындылығы салыстыру ерітіндісінен артпаса түссіз деп есептейді.

1 әдіс. Сыртқы диаметрі 12 мм түссіз мөлдір бейтарап шыныдан жасалған бірдей сынауықтарды пайдалана отырып, жеке бапта көрсетілген, 2,0мл сыналатын сұйықтықты 2,0 мл су немесе еріткіш н/се салыстыру ерітіндісімен (эталондар кестесін қара) салыстырады. Бояуды салыстыруды шашыраған күндізгі жарықта үлгілерді ақ фонда көлденеңінен (сынауықтың өсіне перпендикуляр) қарау арқылы жүргізіледі.

2 әдіс. Ішкі диаметрі 15мм-ден 25мм-ге дейін болатын түсііз мөлдір бейтарап шыныдан жасалған бірдей снауықтарды пайдалана отырып, жеке бапта көрсетілген, сыналатын сұйықтықтың 40 мм қабатын су н/се еріткіш н/се салыстыру ерітіндісінің 40 мм қабатымен салыстырады. Бояуды салыстыруды шашыраған күндізгі жарықта сынауықтардың тік өсінің бойымен үлгілерді ақ фонда карау арқылы жүргізеді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 722 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...