Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сығынды. Сынау әдісі. Ылғалдылық, құрғақ қалдық, ауыр металлдарды анықтау



Ауыр металдар. Жеке бапта көрсетілген 12 мл сулы ерітіндіге 2 мл рН-ы 3,5 буферлік ерітінді қосады және араластырады. Алынған қоспаға 1,2 мл тиоцетамид реактивін қосады және бірден араластырады.

12 мл сыналатын ерітінді орнына жеке бапта көрсетілген 10 мл қорғасынның стандартты ерітіндісі және 2 мл сыналатын ерітінді қоспасын пайдаланып, осы жағдайлада салыстыру ерітіндісін қатар дайындайды.

10 мл су және 2 мл сыналатын ерітінді қоспасын пайдаланып, бос ерітінді дайындайды.Бос ерітіндімен салыстырғанда салыстыру ерітіндісі ақшыл-қоңыр түсті болуы тиіс.

2 минуттан кейін сыналатын ерітіндінің қоңыр бояуы салыстыру ерітіндісі бояуынан қарқынырақ болмауы тиіс. Ауыр металдарды анықтаудың МФ бірнеше әдісі бар.

Құрғақ қалдық дегеніміз – миллиграммен өлшенетін 1 литр суда еріген тұздардың мөлшері. Құрғақ қалдықтағы органикалық заттардың мөлшері 10-15% аспайды, судың минералдық сапасын құрғақ қалдық бойынша біледі.

Құрғақ қалдықтыанықтау үшін смоланы (2 - 3 г) фарфор н/е металдық тигельге салады, 150 С кептіргіш шкафта 30мин бойы ұстайды, одан кейін тигельді эксикаторда кептіріп, өлшейді.

ДӨШтің құрамында әдетте 10-14% гигроскопиялық су болады, егер құрамында ылғалдылығы жоғарыласа шикізаттың түсі өзгереді, иісі пайда болады, құрамында әсер етуші қоспалары бұзылады. ДӨШтің құрамында ылғалдылығын анықтайтын көптеген әдістер бар, әдетте айдау әдісі арқылы анықтайды, ол үшін арнайы приборлар жасалған. Мысалы, Дина және Старка приборы. Тағы химиялық әдістер қолданылады, оның ішінде Карл Фишердің әдісі танымал. Сонымен қатар, спектроскопиялық және электрометриялық әдістер және сәйкес құрал жабдықтар арқылы анықтайды. Ылғалдылық анықтаудың ең минимальді уақыт алатын спектроскопия әдісі.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1079 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...