Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Шикізаттың сыртқы белгілеріне қарай макроскопиялық сараптама техникасының сипаттамасы: өлшемін, түсін, иісін анықтау



Кептірілген шикізатты (ұсақ және етжеңді жапырақтары, жемісі, тұқымы қабығы және жер асты бөліктері) жәй көзбен, айнаның (Х6-10) немесе стереомикроскоптың көмегімен қарау үшін кленкаға немесе қағазға жайып төсейді. Кептіру барысында пішінін өзгерткен шырынды жемістерін, жұқа жапырақтарын, гүлін, өсімдіктің майысқан бөліктерін (сабақтарының жапырағы мен гүлдерінің бөліктері) алдын-ала 2-5 тен ылғалды камерада немесе 5-10 минут ыстық суға салып жібітеді. Жұмсарған шикізатты шыныға, кленкаға немесе тегіс қара қағаз бетіне жайып асықпай жаймалайды. Гүлін алдымен бүтін күйінде кейін ішкі құрылысын микроскоппен қарау үшін препарат дайындайды. Жемісінен жеміс шырыны мен тұқымын анықтайды.

Сыртқы белгісін стандартты үлгіге немесе қалыпты құжатқа қарап салыстыра отырып анықтайды.

Өлшемі: Ірі объектілері үшін 3см-ден жоғары миллиметрлік өлшеуішпен 10-15 рет өлшейді. Ұсақ объектілерді (3см-ге дейінгі) миллиметрлік қағазға жайып 20-30 рет өлшеп, ортаңғы мәнін есептейді. Домалақ шар тәрізді тұқымдарды домалақ өлшемді саңылауы бар елеуіштерден елеу арқылы оның өлшемін анықтайды.

Шикізаттың түсін күндізгі жарықта анықтайды. Шикізаттың түсін оның үстіңгі бетіне қарап (жапырақты екі бетіне қарап) және шикізаттың сынығына, кесіндісіне қарап (тамырлары, тамырсабағы, қабығы) анықтайды.

Иісін саусақпен ысқылау арқылы немесе келіге салып анықтайды. Кейде қалыпты құжат бойынша ыстық суға салу туралы нұсқау беріледі.

Дәмін шикізаттың жас немесе кептірілген күйінде дегустация арқылы (жұтпай) немесе 10%-дық қайнатпасының дәмін көру арқылы улы өсімдіктердің дәмін анықтамайды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1144 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...