Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережесі және сараптамаға жасалатын сынаманы таңдау әдістері (ҚР МФ)



Кептіруден кейін шикізаттан құралған ДӨШ-ның біртекті партиясы құралады. (НҚ). ДӨШ –н сұрыптау үстелдерде қолмен жүргізіледі. Шөпті сұрыптау кезінде сабағының қалын жақтарын, табиғи түсін өзгерткен жақтарын артық ұсақ ұнтақтарын алып тастайды. Гүлдерін сұрыптау – НҚ бойынша ұнтақталған шикізат қалдықтарын, ДӨШ кептірген кездегі түсінің өзгергендерінен тазалайды.

Жемістерін сұрыптау - әртүрлі өлшемдегі елеуіштермен тазалайды. Қоспалар елеуіш арқылы бөлінеді. Тұқымдарды тазалау –елеуіштері бар арнайы сепараторларда жүреді. Қоспаларды бөлу ортадан тепкіш күштің әсерінен және ауа ағымен өтеді. Тамыр мен тамырсабақтарды сұрыптау үшін сұрыптау ленталы – транспортер қолданылады. Ликоподияларды корпусы герметикалық жабылған және 3 елеуіші бар: жоғарғы жағы дәндері мен жапырақтарына арналған және жібек немесе капроннан жасалған саңлауы D=0,1 мм бар машинамен тазалайды.

Кеппеген шикізаттар – жақсы желденетін бөлмелерде жұқа қабат етіп жайылады.

Қатты кеуір кеткен ДӨШ ылғалдылығы жоғары бөлмелерде 1-2 тәулік ұсталынады.

Барлық сұрыптау операциялары сорғыш вентиляциясы (шаңдар жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіреді) бар бөлмелерде өтеді.

Улы және күшті әсер ететін ДӨШ – мен жұмыс істеу кезінде (респиратор, марлілі таңғыш) қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Дәрілік өсімдік шикізатының сапасы нормативті-техникалық қүжаттармен реттеледі. Нормативті - техникалық құжаттар дәрілік өсімдік шикізатының сапасының жан-жақты жоғарылауын қамтамасыз ету керек, ғылым мен техниканың жетістіктерін ескере отырып үнемі жетілдіріліп отыру керек.

Дәрілік құралдар мен дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативті-техникалық құжаттар келесі категорияларға бөлінеді:

Мемлекеттік стаңдарттар - көп тонналық өнім мен дәрілік өсімдік шикізатына арналып бекітіледі.

Фармакопеялық статьялар - денсаулық сақтау министрлігі медицинада қолдануға рұқсат берген сериялық өндірілетін дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізатына арналған фармакопеялық статьялар.

Уақытша фармакопеялық статьялар - дәрілік өсімдік шикізатының алғашқы өндірістік түрлеріне арналып бекітіледі.

Фармакопеялық және уақытша фармакопеялық статьялар мемлекеттік стандартқа теңестіріледі жөне олардың күші Қазақстан Республикасында дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарды өндіретін, бақылайтын, қолданатын барлық мекемелерге жарайды.

Салалық стандарт - дәрілік препараттар мен дәрілік өсімдік шикізаттарының өндірісі мен тасымалдануына қойылатын қосымша техникалық талаптар бекітіледі (ғылыми-техникалық терминдер, жалпы техникалық құжаттар, технологиялық нормалау, қабылдау ережелері, орау, сақтау, тасымалдау ережелері)





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2077 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...