Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ДӨШ стандартизациясының» анықтамасы. ДӨШ-ке НТҚ (МФ, ФС, АНҚ, УАНҚ, СП) келісу және бекіту,өңдеу реті



Дәрілік өсімдік шикізатының стандартизациясы – стандарт талаптарына сай негізділігін, қасиеттерін және басқа да көрсеткіштерін бекіту.

НТҚ құрылымының реті:

Кіріспе бөлімі. Кіріспе бөлімінде шикізатты жинау уақыты, кептірілген немесе жаңа жиналғандығы, жабайы немесе уй өсімдігі екендігі, оның өмірлік формасы көрсетіледі.

Сыртқы белгілері. Шикізаттың тазалығы мен негізділігі маңызды көрсеткіш. Бұл бөлімде шикізат құрамы, өзіне тән диагностикалық белгілері мен иісі, дәмі және шикізат размері көрсетіледі.

Микроскопия. Микроскопия дәрілік өсімдіктің негізділігін анықтаудың маңызды әдісі. Бұл бөлімде шикізаттың анатомиялық құрылымының диагностикалық белгілері, микропрепараттың түрі сипатталады.

Сапалық реакциялар. Бөлімдесапалық, гистохимиялық реакциялар, хроматографиялық әдістер қолданылады.

Сандық көрсеткіштері. Бөлімге спецификалық көрсеткіштер қосылған: тұтас, кесілген немесе ұнтақталған шикізаттар үшін және олардың сандық көрсеткіштерін анықтайды.

Сандық анықтау. Негізгі әсер етуші қосылыстарға сандық анықтау жүргізіледі.

Қаптама. Бір Шикізаттың қаптама түрі және салмағы көрсетіледі.

Микробиологиялық тазалығы. Микроорганизмдерді анықтау әдісі және олардың рұқсат етілген мөлшері.

Маркировка. Дәрілік заттардың графикалық әсемдеу талаптарына сай жүргізіледі.

Транспортировка. Қажетіне қарай тасымалдау талаптары және тасымалдан соң қолдану тәсілдері көрсетіледі.

Сақтау. Тауардың климаттық факторларға байланысты сақтау шарттары белгіленеді.

Жарамдылық мерзімі. Дәрілік шикізаттың қолдануға болатын жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Фармакологиялық әсері. Дәрілік шикізаттың фармакологиялық тобы.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1449 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...