Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МФ әдісі – жалпы күл анықтамасы және 10% хлорсутектік қышқылында ерімейтін күлдің анықталуы



Сынама алу үшін шикізатты ұсақтайды және тесіктерінің диаметрі 2мм болатын елеуішпен елейді. Тұрақты салмаққа дейін алдын-ала қыздырылған фарфор тигельге жалпы күлді анықтау үшін 1-3г дәл салмақ өлшеп алады. Салмақ өлшегенде ауытқу 0,0005г аспауы керек. Тигельді шикізатты элетроплиткада немесе газдың баяу жалынында, жалыны тигельдің түбіне тимейтіндей етіп көмірлейді.

Оның үстіне асбесті торды қояды, шикізатты көмірлегеннен кейін көмірді жағу үшін және қалдықты толық жағу үшін тигельді муфельді пешке ауыстырады. Тұраөты салмаққа дейін 550-6500С қызарғанша қыздырып қояды. Қыздыру аяқталғаннан кейін тигельді 2сағатқа түбінде сусыз кальций хлориді бар эскикаторға қояды, салқындағыннан кейін өлшейді. Тұрақты салмаққа жету дегеніміз егер екі өлшеудің арасындағы айырмашылығы 0,0005 г аспауы керек. Егер салқындатқаннан кейін қалдықта көмір бөліктері болса, онда оған бірнеше тамшы 6% H2O2 ерітіндісін және концентрлі азот қышқылын немесе 10% азот қышқылды аммоний ерітіндісін қосады сорғыш астында су моншасында буландырады, сосын қалдық біркелкі түс алғанша қайтадан қыздырады. Қажет болған жағдайда осы операйияны бірнеше рет қайталайды. Абсолютті құрғақ шикізаттың құрамындағы жалпы күлді % төменгі теңдеумен есептейді:

m1 – күлдің салмағы г;

m2 – шикізаттың салмағы;

W – шикізатты кептіргенде салмақ жоғалту

10% HCl ерімейтін күл: Жалпы күлді 15 мл 10% HCl (тығыздығы 1,050г/см3) ерітіндісін тигельге құйып, тигельді заттық шынымен жауып, қайнап тұрған су моншасында 10 минут қыздырады.Тигельді алып, салқындатқанан кейін күлсіз сүзгіш арқылы сүзеді. Тигельді, заттық шыныны, сүзгішті 2% күміс нитратының ерітіндісін тамызған кезде суда лайлану болмағанша тазартылған сумен жуады. Тигельді қыздырады тұрақты салмаққа деййін. Мына формуламен есептейді.

m - сүзіндінің күлінің салмағы

m1 – күлдің салмағы г;

m2 – шикізаттың салмағы;

W – шикізатты кептіргенде салмақ жоғалту

2. Құрамында антрацен туындылары бар фитопрепараттарға сапалық реакция жүргізу.

Антрацен туындылары – негізіде антроцин ядросының құрылуы жататын табиғаты фенолдық қосылыстардан тұратын топ. Барлық антроцин туындылары бар фитопрепараттар кольцоның тотығу сатысына байланысты екі топшаға бөлінеді:
1) тотығу формасы –9,10-антрахинон туындылары
Антрахинон
2) тотықсыздану формасы – антранол және антронның туындылары
Антранол Антрон
Антрацен туындылары – қатты, кристалды заттар. Сары, кызыл сары, сарғыш түсты. Озине тән ащы дәмі бар.
Барлық антрацен туындыларына тән қасиет олардың ядроларының тұрақтыылығы. Сілтілер мен конц. Қышқылдардың қатысында олар сілті металдардың иондарымен Al, Cr, Sn) түсті ерітінділер береді.
– өте тұрақты тұздар немесе комплекстер түзеді. Тотығуы әртүрлі жағдайда сілтілерге қатысты. a-жағдайында гидроксилдері бар антрахинондар сілті гидрокилдерімен ғана феноляттар түзеді. Себебі a- гидроксилдер карбонилді топтармен ішкі малекулалы сутекті байланыс түзеді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1899 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...