Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Оларға қойылатын талаптар



Өндірістік ғимараттар атқаратын міндеттеріне сәйкес келесі түрлерге бө-лінеді:

а) негізгі өндірістік ғимараттар, олардаәртүрлі өнімдерді дайындайды, өңдейді және жинайды;

б) көмекші өндірістік ғимараттар – жөндеу-механикалық, инструмен-талдық (аспаптық), эксперименталдық және басқа көмекші өндірістер орналас-тыруға арналады;

в) қызмет көрсететін ғимараттарда электр станциясы, котельная (ғима-раттарды қыздыруға арналған ыстық су немесе бу өндіретін орын), комп-рессорлық, газ генераторлық, оттегі шығару және т.б. орналастырылады,

г) шикізаттарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді, жанар-жағар май және басқаларды сақтаға арналған қойма ғимараттары;

д) гараждар, темір жол депосы және басқа көлік ғимараттары;

е) әкімшілік-кеңсе, тұрмыстық бөлмелер, зауыт басқармасы, асхана, дәрі-герлік нүктелер, кіріс-шығыс нүктелері орналасқан көмекші ғимараттар.

Өндірістік ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар – еңбек шартта-рының ыңғайлылығы және қауіпсіздігі; конструкциялардың беріктігі мен ұзақ уақыттылығы; өртжөніндегі қаіпсіздігі; жоғары санитарлық-техникалық жағ-дайлары; экономикалық және сәулеттік-көркемдік айқындылық.

Барлық жұмыс істеушілерге жақсы шарттар жасау үшін, өндірістік трав-матизмді болдырмайтын, еңбек мәдениеті мен қауіпсіздік жасау керек.

Ғимараттар мен биналардың беріктігі мен ұзақуақыттылығы қолданылған материалдар мен конструкциялардың түрлері және сапасына, сыртқы және ішкі қоршаған ортаны (температура,ортаның агрессивтігі, ылғалдылық, динамика-лық күштер және т.б.) жобалау кезде дұрыс таңдауға байланысты.

Ғимараттың ұзақуақыттылығы – бұл оның барлық нормативтік қызмет мерзімінде қажетті пайдалану қасиеттерін жоғалпай беріктігі мен тұрақты-лығын сақтау қабілеті.

Негізгі конструкциялар үшін ұзақ уақыттылықтың үш дәрежесі белгіленеді: І - қызмет мерзімі 100 жылдан, ІІ – 50 және ІІІ – 20 жылдан кем емес. Бұндай орташа қысқа мерзімдер, ғимараттар шын мәніндегі тозудан басқа «рухани тозуға» да, яғни технологиялық процестер өзгергенше өзінің міндетіне сай болуын ескере отырып белгіленеді.

Өндірістік ғимараттар ұзақ уақыттылықтың І дәрежесіне жатады.

Өндірістік бөлмелердің жоғары санитарлық-техникалық жағдайларын: бөлмелерден шығарылатын зиянды заттарды аулауды және толығынан сыртқа шығаруды – мүмкіншілігінше олардың шығарылатын жерлеріне құйылу-тарту желдетуді немесе ауаны кондиционерлеуге орналастыруды, үйлесімді темпера-туралық-ылғалдық ереже жасауды, жұмыс орындарына әдеттегі жарықтандыру қамтамасыз етуді, технологиялық жабдықтар шығаратын өндірістік шу және дірілдеуді азайтуды, бөлмелерді жинастыру үшін техникалық жабдықтарды қолдануды және т.б. қолдану нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Ғимараттар құрылысының тиімділігі (экономиялылығы), олардың техникалық талаптар қанаттандырылған кездегі бағасы белгіленген шектен аспауымен анықталады. Бағаның төмендеуі ғмараттарды тиімді жобалау, бөлмелердің аудандарындағы, көлемдеріндегі артықшылықтарды болдырмау, өңдеу жұмыстарында, сонымен қатар конструкциялар мен материалдарды қойылған талаптарға сәйкес ұзақ уақыттылығы мен пайдалану шарттарын ескеру арқылы жетіледі.

Ғимараттардың сәулеттік-көркемдік айқындылығы қарапайым, қатал әдістермен жәнебәрінен бұрын оның бөлшектерінің келісушілігімен, оның көлемінің пропорциональділігімен лайықты өңде материалдарын қолданумен, қабырғалар беттерінің гаммасымен және жұмыстың жоғары сапасымен жетілуі керек.

Өндірістік ғимараттар бір,- екі,- көпқабатты, үй асты немесе цокольді қабатты ғимараттар болып бөлінеді.

Бірінші қабат болып тротуар немесе отмостка белгісінен жоғары орналасқан қабат есептеледі.

Цокольдік қабат деп, едені жобаланған жер немесе отмостка белгісінен төмен, бірақ бөлменің жарты биіктігінен артық емес белгіден төмен қабатты айтады.

Үй асты қабат деп, едені жобаланған жер немесе отмостка, бөлменің жарты биіктігінен артық белгіден төмен қабатты айтады.Үй асты қабаттың биіктігін 3,6; 4,8 және 6 м-ге тең етіп алу керек. Антресольдер (жарты қабаттар) негізгі қабаттың көлеміне орналастырылады. Олар технологиялық жабдықтарды орналастыру үшін, материалдар мен бұйымдарды, кей уақыттакөмекші бөлмелерді(тұрмыстық, әкімшілік және т.б.) орналастыру үшін қолданылады.

Этажеркалар – бұлар бір,-екі,- және көпқабатты биналар. Олар бағаналар мен жабындардан тұрады. Этажеркалар әртүрлі биіктік белгілерге жабдықтарды орналастыруға бейімделеді. Олар ғимараттардың сыртында және ішінде орналасуы мүмкін.

Қызмет көрсетуші (жұмысшы) алаңшалар жабдықтарға немесе жеке тұрған тіреулерге тіреледі; олар технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету үшін, көмекшіжабдықтар мен көлік құралдарын, материалдар мен бұйымдарды, жабдықтардың жұмысы мен жөндеуіне қажетті, отындарды, шикізаттарды, материалдарды және т.б. арту, түсіру және тасымалдау үшін бекітіледі.

Көбінесе өндірістік ғимараттарды бір қабатты етіп жобалайды, себебі оларда бағаналардың ірі торларын қолдануға болады. Ірі торлар технологиялық жабдықтарды орналастыру үшін және өндірістік ағындарды ұйымдастыру үшін өте жақсы жағдайлар жасайды. Бағаналардың ірі торы технологиялық процестерді ауыстыруды, оларды модернизациялауды және қайта құруды жеңілдетеді.

Бір қабатты өндірістік ғимараттар бір, екі немесе көп пролетті болады. Көппролетті ғимараттардың бір бағытты пролеттері іс жүзінде кеңінен тараған. Ғимараттардың бұндай нобайы конструкциялар мен бөлшектердің үйлестіруін жеңілдетеді, өндірістік процестерді атқару үшін ыңғайлы жағдайлар тудырады және ғимараттардың құнын төмендетге ықпал етеді.

Ішкі тіреулердің орналасуына байланысты өндірістік ғимараттар пролетті және залды болып бөлінеді.

Пролеттік типті ғимараттарда пролеттің мөлшерібағаналардың қадамынан бірнеше рет көп болады.

Залдық типті ғимараттарда ішкі тіреулерсіз үлкен аумақты талап ететін өндірістер үшін жобалайды.

Пролеттердің ені мен санын, сонымен қатар олардың биіктігін өндіріс технологиясына, кәсіпорынның өнімділігіне, санитарлық нормалар талаптарына және т.б. сәйкес таңдайды.

Тік технологиялық процестерде(сусымалы және сұйық материалдарды жоғарғы қабатқа көтеру, одан өзінен-өзі төмен түсірілуін, соңынан әртүрлі белгілерде немесе қабаттарда өңдеу үшін) көпқабатты өндіріс ғимараттарын жобалау ыңғайлы. Бұндай ғимараттар көбінесе коксохимиялық, мұнайгаз өңдеу, химиялық, электротехникалық, тамақ, жеңіл өнеркәсіптерде, жабдық құру және басқа өнеркәсіп салаларында кеңінен таралған. Қаңқаның конструкциясына байланысты өндірістік ғимараттар толық қаңқалы және ілінетін сыртқы қабырғалы, ішкі қаңқалы (қабырғаға тірелетін бағаналарсыз) және күш көтеретін қабырғалы (толық емес қаңқалы ғимараттар) болып бөлінеді. Кәзіргі уақытта негізінен өндірістік ғимараттарды толық қаңқалы жиналатын констркциялардан жобалайды.

Қаңқалы ғимараттарда барлық тік және көлденең күштерді қаңқа өзіне қабылдайды. Күштерді қаңқа элементтеріне беру материалдардың көтеру қабілетін толығынан қолдануға мүмкіндік береді, сонымен бірге конструктивтік элементтерді үйлестіруді және типтеуді жеңілдетеді. Қаңқа жабындардан, шатырлардан, көпір крандардан, технологиялық жабдықтардан және т.б. салмақ күштерін қабылдайды.

Қаңқалы ғимараттардың сыртқы қабырғалары тек қоршау ролін атқарады.

Толық емес қаңқалы ғимараттарда шатырлар мен жабындардан күштерді сыртқы қабырғалар мен ішкі бағаналар қабылдайды. Бұл жағдайда сыртқы қабырғалар күш көтергіш әрі қоршау элементтері болып табылады.

Қаңқасыз ғимараттарда барлық күштерді тек қабырғалар қабылдайды. Өндірістік құрылыста қаңқасыз және толық емес қаңқалы ғимараттар өте сирек қолданылады.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 2489 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...