Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұтынушылар тобына қарай сегменттеу. Бөлшек және корпоративтік нарықты сегменттеу критерилері мен принциптері



Таңдаулы мамандану кезінде банкке өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін белгілі қызмет түрілерінде көрсеткен жеңіл. Әр түрлі қызмет түрлерін ұсына арқылы банк сұраныстың өзгеруі жағдайында мобильді түрде өзіне шығын келтірместен басқа операцияларды атқаруға көше алады. Тұтынушыларды белгілі кластарына мамандану жарнамаға шығынды үнемдеуге, бейімді баға саясаты құруға, мүмкін жаңа қызмет түрін ендіруге, жаңа нарықтарға аса қиындықсыз енуге, нарық коньюктурасының теріс әсерін төмендетуге, әр сегменттегі сәтсіз бәсекелестік күресіндегі банк қабылдауын төмендетуге мүмкіндік береді. Алайда, маркетингке кететін үлкен шығындар, әр қызмет көрсетуші сегменттегі бәсекелестердің бар болуы, кез келген сегметтегі қызметтердің диверсификациясы аясында бәсекелестік артықшылыққа ие болу қиындығы түріндегі кемшіліктер де бар.

Бүкіл нарыққа қызмет көрсету белгілі тұтынушы топтарымен тоқталып қалмай, оларға деген сұраныс пайда болатын өзге клиенттерге де қызмет көрсету болжанады.

Артықшылықтары: маркетинг шығындарының аздығы, жаңа клиенттерге қызмет көрсетуге бейімділік.

Кемшіліктері: нарық коньюктурасының тербелісіне ұшырауы, берілген клиенттердің жоқ болуы, нарықта көшбасшылық орнын жаулап алудың қиындығы, өте көп ақпаратты жинау және өңдеу қиыншылықтары, барлық тұтынушылардың сұранысы тудыратын жаңа қызмет түрлерін жасау қиындығы.

Нарықты жаулап алу стратегиясының факторлары болып:

- банк ресурстары;

- ұсынылатын қызметтер мінездемесі;

- жаңа қызметтер енгізу мүмкіндігі;

- нарықтың біркелкілік деңгейі;

- бәсекелестердің маркетингтік стратегиялары.

Нарықты жаулап алудың негізгі стратегиялары: көпшілік маркетингі, дифференциалданған маркетинг және қоспа маркетингі. Соңында банк нарықта тауарды таңдап алынған мақсатты сегментке орналастырудың ең жақсы тәсілін анықтайды.

Ұтымды орналастыру – бұл банктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі бойынша және тұтынушы санасындағы қызмет көрсету қызметі.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 666 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...