Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру



Мақсаты: Терінің құрылысын және ағзаны шынықтыруды анықтау

Құралдар: Таблицалар мен муляждар. Осы тақырыпқа байланысты таблицалар мен атластар.

Тапсырмалар:

1. Бала терісінің гигиенасы және тері ауруларының алдын алу.

2.Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар.

3. Ағзаны шынықтыру

Тері анализаторы. Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересектерде көлемі 14—16 м дейін жетеді. Онда сезімтал жүйке рецепторлары,, тері, май, бездер, ет тіндері орналасады. Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару т. б. маңызды қызметтер атқарады. Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганизмдерді денеге өткізбейді. Эпидермистің тереңінде теріге түс беретін миелинді (бояу) заты орналасады. Тері бездеріөздерінің шығаратын заттарына қарай май бездер, тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

Шынығу дегеніміз бұл жылу реттеуші механизмдерді жаттықтыру және жетілдәру, яғни организмнің температурасының ауытқуы мен басқа да өзгеріп отыратын климаттық факторларға тез бейімделу қабілетін арттыру, мұның өзі қолайсыз метеорологиялық жағдайларға төзімділікті қалыптастырады. Шынығу дегеніміз дене тәрбиесінің құрамды бөлігі және балаларды салқын тию ауруларынан сақтандыратын кең таралған сауықтыру шарасы болып табылады.

Табиғат факторларының ауа, күн және су ең жақсы және барлық жерде қолайлы шынықтыру құралдары болып табылады. Теріге әсер ете отырып, олар тамырды кеңейту таралу рефлекстерін жаттықтырады., олар жеделдетеді, олардың қоршаған ортаның нақты жағдайларына ұқсас дәрежесін арттырады.

Ауамен шынығу. Организмде ауаның әсер етуі шынығудың ең қолайлы әрі жайлы құралы болып табылады, оны жылдың барлық мезгілінде қолдануға болады. Ауа қозғалысының арқасында баланың терісі белгілі жағдайда салқындайды. Қоршаған орта температурасының мұндай кезектесе ауытқып отыруы қан тамырларының рефлекторлы жолмен бірде тарылады., бірде кеңейтеді. Ауа процедуралары қимылды ойындармен және гимнастикалық жаттығулармен ұштастыру тиімді.

Бекіту сұрақтары:





Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 1476 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...