Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі



Мақсаты: Қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде тамырдың соғуын және қан қысымын анықтау.

Құралдар: Секундомер, тонометр, атластар.

Тапсырмалар:

1.Қан қысымын анықтау

2.Пульс жиелігін анықтау

Кардио-респираторлық жүйе-тіршілікті қамтамасыз ететін екі жүйенің функционалдық бірлігі: бұл- барлық мүшелер мен ұлпаларды қоректік заттармен және оттегімен қамтасыз ететін қан айналым және тыныс алу мүшелері.

Бұл жүйелердің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер-жүрек соғуының жылдамдығы мен тыныс алу жиілігі.

Жүрек соғуының жылдамдығы мен ырғағы тамыр соғуына сәйкес келеді. Тамыр соғуы деп артерия тамырларының қабырғасының бүлкілдеуін айтады. О л

ірі қан тамырларында, әсіресе қолқада, қысымның өзгеруінен пайда болады.

Тамыр соғу жиілігі жасқа байланысты өзгереді. Ол бала есейген сайын бірге тамыр соғуы сирейді. Бұл жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің нервтік жолмен реттелуінің өзгеруіне байланысты. Әсіресе кез-келген нерв орталықтарынан /тежегіш нервтер/ келетін әсерлердің біртіндеп қалыптасуы. Ересек адамның тамыры минутына 60-80 рет соғады.

Тамыр соғу жиілігі жыныстық ерекшеліктерге де байланысты жастары шамалас ер балалар мен ер адамдардың тамыр соғуы қыздар мен әйелдерден сирек болады. Тамыр соғуының жиілеуін тахикардия, ал сиреуін браликардия деп атайды. Қалыпты жағдайда тахикардия мен браликардияның арасы 402-ке жоғарлауы жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқудың белгісі. Бұны тамыр соғуының ырғағының бұзылуынан /артерия/ білуге болады.

Әр жастағы балалардың тамыр соғу жиілігі /А.Ф.Тур бойынша/және тыныс алу жиілігі/ Н.А.Шалков бойынша, 1975/ төменгі кестеде көрсетілген.

Жасы/ көрсеткіштер Нәресте 1 жас 3 жас 7 жас 13 жас 16 жас Ересек адамда
Тамыр соғуы 120-140 120-125 108-110 85-90 72-80 70-74 60-80
Тыныс алу 28-30 27-28 26-27 25-26   16-17 16-20
АД (қан қысымы) 70-43 90-38 96-68 99-64 117-73 120-75 120-70




Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 1649 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...