Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Зат пен энергия алмасу – организмнің тіршілік әрекеттерінің негізі



Сабақтың мақсаты: Зат пен энергия алмасуының жас ерекшеліктерін анықтау

Құралдар: атластар, таблицалар.

Тапсырмалар:

1.Энергия алмасуының жас ерекшеліктері

2.Баланың өсуі мен дамуындағы судың, тұздың, микроэлементтердің, витаминдердің маңызын анықтап, кесте құрастыру

Зат алмасу (метаболизм) деп ағзаға әр түрлі заттардың түсуі мен олардың ыдырауы нәтижесінде түзілген өнімдердің денеден үнемі шығарылып тұруын айтады. Ас қорыту процесі барысында күрделі заттардың ыдырауы нәтижесінде қарапайым химиялық қосылыстар түзіледі. Жасушалардағы, ұлпалар мен мүшелердегі аралық зат алмасуы нәтижесінде түзілген өнімдерді метаболиттер деп атайды. Метаболиттер зат алмасудың соңғы өнімдеріне айнала отырып, ағзадан үздіксіз шығарылып тұрады. Тыныштық жағдайда бір тәулікте ересек адамның физиологиялық процестерінің үздіксіз жүруіне 1600-1700 ккал. қуат (энергия) және қалыпты қан температурасы (37°С) қажет.

Авитаминоз – ағзаның қалыпты тіршілігі үшін қажетті органикалық заттардың жетіспеушілігі, ұзақ уақыт ағзаға қажетті витаминдердің бір немесе бірнеше түрінің тамақ құрамында болмауынан пайда болатын ауру жағдай. Тәбеттің нашар болуы немесе болмауы, баланың жүдеп өсіп-дамуының саябырсып тоқталуы авитаминоздың алғашқы белгілеріне жатады.

Витаминдердің маңызы. Организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тамақта белоктардың, майлардың углеводтардың болуы жеткіліксіз. Бұған қоса денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін, организмнің салқын тию аурулары мен жұқпалы ауруларға қарсы тұра алушылығын, жұмыс қабілетін арттыратын заттар бар. Мұндай заттарды витаминдер деп атайды. Витаминдер біздің организімізде маңызы физиологиялық роль атқарады. Олар коферменттерге, яғни олардың қатысуынсыз ферменттер қызмет атқара алмайтын заттарға өзгереді. Сонымен, организмде витаминдердің болуы- оның қалыпты тіршілік әрекетінің міндетті шарты.

Витаминдердің арасында белок текті заттар бар, алайда витаминдердің бір бөлігінің басқаша химиялық құрылымы болды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Суда еритін витаминдерді ата
  2. Суда ерімейтін витаминдерді ата
  3. Баланың өсіп дамуындағы витаминдердің маңызын түсіндір

№ 11 Практикалық сабақ





Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 1375 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...