Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын



Егер үкіметтің шығындары оның табыстарына тең болатын болса, бюджет баланс береді. Ал шығын шамасы табыстан асып кеткен жағдайда бюджет тапшылығы пайда болады. Оның негізгі себептері:

- экономиканың дағдарыс жағдайындағы кірістің құлдырауы;- экономиканың көлеңкелі секторының өсуі;- акциз салығының азаюы;- мемлекеттік шығындардың өсуі;

Бюджет тапшылығын төмендету шараларына мыналар жатады:

- қаржыландырудан несие беруге көшу;- мемлекеттік заемдар;- салық салуды қатайту;

- мемлекетті басқару жөніндегі шығындарды қысқарту.

Бюджет тапшылығы халықаралық стандартта белгіленген бойынша ЖІӨ-нің 5 пайызынан аспауы тиіс. Экономикалық ауытқулар кезінде үкімет бюджет тапшылығын жою үшін көп жағдайда ақша эмиссиясына жүгінеді. Мұндай шараның салдары бақыланбайтын инфляцияға дейін өседі. Ол ұзақ мерзімді инвестициялардың ынтасын үзеді, тұрғындардың жинағын құнсыздандырады. Сондықтан да экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында үкімет ақша эмиссиясынан бас тартады. Ол үшін көптеген елдерде нарықтық экономика жүйесінде арнайы блок-сақтаушы ұлттық эмиссиялық банктің атқарушы биліктен тәуелсіздігі құрылады. Экономикалық тұрақсыздық пен бюджет тапшылығы жағдайында ол үкіметті қаржыландыруға міндетті емес.

Өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының жалпы сомасы мемлекеттік қарызды құрайды. Мемлекеттік қарыз – бұл өндірістің құлдырауымен, ақша эмиссиясымен қамтамасыз етілмеген шекті шығындардың өсуінен болатын бюджет тапшылығының көрінісі. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың өзара байланысы қарыздық міндеттемелердің кезекті өсуіне алып келетін бюджет тапшылығын жою үшін заемдар шығарудан көрінеді. Мемлекеттік қарызға жоғары ықпал ету оны процентімен төлеу қажеттілігін тудырады. Уақыт өте келе ағымдық заемдар салықтарға айналады. Сондықтан ұлкен қарызы бар мемлекет қарыз бойынша процентті өтеу үшін осыған жүгінуге мәжбүр болады. Бұрыңғы қарыздарды жаба отырып, мемлекет одан да үлкен қарыздарға кенелуі мүмкін. Экономиканың тұрақтылығы мен қалыпты ақша айналысына қауіп төндіретін қиын сәт қарыздың ЖҰӨ-нің шамасынан асып кеткен жағдайы саналады.

Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қарыз - бұл үкіметтің ел ішіндегі өз азаматтарына, кәсіпорындарға қарызы. Ол шығарылған және өтелмеген қарыздық міндеттемелер сомасы түрінде болады. Сыртқы қарыз- бұл шетелдік ұйымдар мен азаматтарға қарызы. Бұл ішкі қарызға қарағанда ауыр болып келеді, өйткені бір жағынан ол бойынша мемлекет бірқатар мақсатты міндеттемелермен байланысты, екінші жағынан оны өтеуде құнды тауарлармен есеп айырысып, жоғарғы проценттер төлеуге тура келеді. Мемлекеттік қарыздың салдары тұрғындар үшін тұтынудың өсу мүмкіндігінің қысқаруына, сондай-ақ өспелі қарыз және онымен байланысты процентті төлеу үшін салықтардың ұлғаюына алып келеді.

Мемлекеттік қарызды өтеу қайта қаржыландыру жолымен - ескі қарыздардың облигациялары бойынша есептесу үшін жаңа заемдар шығару, не конверсия және консолидация жолдарымен жүзеге асырылады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1747 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...