Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тексеріп-қарауға және гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар



171. Ауданы 1000 шаршы метр және 50 сауда орны бар күрделі объектіде мынадай тұрмыстық үй-жайлар көзделеді: жеке және арнайы киімді бөлек сақталатын киім ілетін орын, араластырғышпен, қол жууға арналған құралдармен, бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе электрлі сүлгімен жарақталған, ыстық және салқын су келіп тұрумен жабдықталған, қолды жууға арналған раковинасы бар санитариялық торап. Ұсақ-бөлшек уақытша сауда объектілерінде киім ілетін орынның орнына жеке заттарды сақтауға арналған орынды бөлуге жол беріледі.

172. Көтерме азық-түлік қоймалары жанынан қызмет көрсететін персоналға арналған жылытылатын үй-жай көзделеді.

173. Объект жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

174. Арнайы киімді жуу және дезинфекциялау орталықтанып жүргізіледі, кірді үйде жууға жол берілмейді.

175. Объектінің жұмыскерлері, тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен, өткізумен айналысатын адамдар, сондай-ақ арнайы оқу орындарының оқушылары өндірістік тәжірибеден өтпес бұрын, жұмысқа тұру алдында алдын ала және мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қараудан өтеді. Медициналық тексеріп-қаралғаны және жұмысқа жіберілгені туралы белгі қойылған жеке медициналық кітапша жұмыс орнында сақталады.

176. Объектінің жұмыскерлері, тамақ өнімдерін тасымалдаумен, тиеумен, түсірумен, өткізумен айналысатын адамдар жеке гигиенаны сақтайды, қолдарының және арнайы киімдері мен аяқ киімдерінің таза болуын қадағалайды. Объектіден шығар кезде және дәретханаға бармас бұрын арнайы киімін шешеді.

177. Дәретханаларды жинауға және дезинфекциялауға арналған мүкәммал таңбаланады, әрбір жинаудан кейін дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді, арнайы бөлінген орында басқа үй-жайларды жинау мүкәммалынан бөлек сақталады. Дәретханаларды жинау тамақ өнімдерімен жанаспайтын және ыдысты өңдемейтін техникалық персоналға бекітіледі.

178. Тікелей жұмыс орындарында ас ішуге және темекі шегуге, тамақты жеке шкафтарда және киім ілетін орындарда сақтауға жол берілмейді.

179. Сауда және тоңазыту жабдығын жөндеу жұмыстарымен айналысатын персонал арнайы киіммен қамтамасыз етіледі, құрал-саймандар тамақ өнімдеріне бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін тұтқалары бар арнайы жабық жәшіктермен тасымалданады.

_________________________

T98


«Тамақ өнімдерінің көтерме және

бөлшек сауда объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларына

1-қосымша

Сауда объектісіндегі кафетерийдің ең аз ауданының үлес көрсеткіштері

(сауда ауданының әрбір 10 м2)

Үй-жайлардың атауы Кафетерийдің ең аз ауданының үлес көрсеткіштері м2
дүкеннің көлемі 400 м2 және одан кем дүкеннің көлемі 400 м2 астам артық
     
Сауда залы 0,3 0,1
Қосымша үй-жайлар 0,15 0,1

_________________________


«Тамақ өнімдерінің көтерме және

бөлшек сауда объектілеріне қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар» санитариялық қағидаларына

2-қосымша





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 689 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...