Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Және пайдалануға беруге қойылатын талаптар



5. Объектілердің құрылысына, орналастыруға жер учаскесін таңдау, құрылысын жобалау, қайта жаңарту, қайта жабдықтау және пайдалануға беру санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған кезде жүргізіледі.

6. Жер учаскелерінде:

1) бұрын мал өлекселерін, уытты қалдықтарды көму орындары ретінде пайдаланылған кезде;

2) радиациялық қауіпсіздік нормативтерінен асқан кезде;

3) жер учаскесінде күйдіргі ауруы бойынша стационарлық қолайсыз пункттердің топырақтық ошақтары орналастырылған кезде;

4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық ажырауды ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған кезде объектілердің құрылысын жобалауға жол берілмейді.

7. Объектілерді жеке тұрған ғимаратқа да, тұрғын үйлерге және өзге де мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас, ішіне салынған, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға да орналастырады, сондай-ақ оларды объектіге зиянды әсері болмаған жағдайы кезінде сол ұйымдардың жұмыскерлеріне қызмет көрсету үшін өнеркәсіптік және өзге де объектілердің аумағына орналастыруға жол беріледі.

8. Тамақ өнімдерін көтерме өткізу объектілерін адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына қолайсыз әсері болмайтындай етіп орналастырады.

9. Азық-түлік базарлары, көтерме саудада өткізу объектілері, гипермаркеттер, супермаркеттер, көкөніс сақтау қоймалары мен жеміс сақтау қоймалары үшін селитебті аумақтан кемінде 50 метр (бұдан әрі – м) санитариялық ажырау қамтамасыз етіледі.

10. Азық-түлік базарының жер учаскесі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан, мал өлекселерін көметін орындардан кемінде 1,5 километр (бұдан әрі – км) және өнеркәсіп объектілері мен қоймалардан, сондай-ақ халық денсаулығына әсер ететін зиянды химиялық, биологиялық және радиоактивті заттармен базардың ластану көзі болып табылатын объектілерден кемінде 500 м қашықтықта орналастырылады.

11. Азық-түлік базарларын демалыс аймақтарында, саябақ, гүл бағы және басқа да құнды тарихи-мәдени қала құрылысы ғимараттарының аумақтарында орналастыруға жол берілмейді.

12. Бөлек тұрған объектілердің жанында жобалауға арналған тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтану объектілерін, объектінің тиісті бөлімінде (немесе бөлімдерінде), сондай-ақ жылдам қызмет көрсететін тамақтану объектілерінде дайын тамақ өнімдерін өткізетін аспаздық цех орналастыруға жол беріледі.

13. Объектіде қоғамдық тамақтану объектілерін, аспаздық цехты, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізумен байланысты емес өзге объектілерді орналастыруды жобалау кезінде аталған объектілер үшін тиісті санитариялық қағидалардың талаптары мен технологиялық жобалау нормасы сақталады. Объектідегі кафетерийлердің ауданы осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көзделеді.

14. Объектілердің үй-жайларының көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері жабдықтарды қолдануды, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыруды, өндірістік үдерістерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

15. Барлық үй-жайлар шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің, персоналдың және келушілердің ағындылығын, қозғалысын есепке ала отырып орналастырылады. Үй-жайлардың әр тобы жеке блокқа біріктіріледі: тиеу, қойма үй-жайлары, тамақ өнімдерін сатуға дайындайтын, әкімшілік-тұрмыстық, қосымша, сауда үй-жайлары. Тиеу, қойма үй-жайларын, өнімдерді сатуға дайындайтын үй-жайларды, сауда залдарын орналастыру олардың арасындағы технологиялық байланысты есепке ала отырып жүргізіледі.

16. Өткізілетін тамақ өнімдерінің ассортименті объектінің қуатына, типіне, үй-жайлар жиынтығына, тоңазыту және технологиялық жабдықпен жарақталуына сәйкес көзделеді.

17. Объект үй-жайларының ішін әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді, уытты емес әрлеу материалдарын пайдалана отырып орындалады.

18. Базардың сауда залының, өлшеп-орау, жуу үй-жайларының, салқындату камераларының, санитариялық тораптардың қабырғалары жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен қапталады.

19. Едендерді беті тегіс, ойықсыз, ылғалға төзімді және ылғал өткізбейтін, уытты емес, санитариялық өңделетіндей етіп жасайды. Автомобильдерге арналған алаңдарда тиеу үй-жайларының жабыны су өткізбейтін қатты материалдардан жасалады. Жуу бөлмелерінде, дәретханалар мен себезгілерде суды су бұру жүйесіне ағызатын траптар көзделеді.

20. Объектілерде өткізуге тамақ өнімдерін сауда алдында дайындау үшін оқшауланған және арнайы жабдықталған үй-жайлар, оның ішінде: тиеу үй-жайларына (платформаларға) және өткізу орындарына барынша жақын орналасқан ет шабуға, гастрономиялық және сүт-май өнімдерін, балықты, жеміс пен көкөністі, бакалеялы-кондитерлік өнімдерді дайындауға арналған үй-жайлар бөлінеді. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне арналған өлшеп-орау үй-жайлары тоңазытқыш қондырғыларымен және раковиналармен жабдықталады.

21. Жалпы ауданы 50 м2 дейінгі объектілер үшін үй-жайлардың жиынтығы мен ауданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көзделеді.

22. Тамақ өнімдерін түнде әкелу үшін оларды қабылдау мен сақтауға арналған оқшауланған үй-жайлар, тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін салқындату камералары жабдықталады. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерге тамақ өнімдерін түнде әкелуге жол берілмейді.

23. Тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге дайындауға арналған үй-жайларды, тоңазыту камераларын себезгі бөлмелерінің, дәретхана мен жуыну бөлмелерінің астына орналастыруға жол берілмейді.

24. Тұтас ет, тұтас еттің жартысы және төрттен бір бөлігі түрінде алынатын етті сатуды ұйымдастырған жағдайда, объектіде ауданы кемінде 10м2 ет шабатын үй-жай бөлінеді, онда жуу раковинасы мен қосымша тоңазытқыш орнатылады. Ет шабатын үй-жайды тікелей тұрғын қабаттардың астына орналастыруға тыйым салынады.

25. Тұрғын үй ғимараттарында орналасқан объектілерде тікелей тұрғын үй-жайлардың астында машина бөлімшелерін, тоңазыту камераларын, жүк көтергіштерді жабдықтауға жол берілмейді.

26. Өзіне-өзі қызмет көрсету үлгісі бойынша жұмыс істейтін объектілерде тамақ өнімдерінің әр тобына арналған жеке өлшеп-орау үй-жайлары көзделеді. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне арналған өлшеп-орау үй-жайлары тоңазыту қондырғыларымен жабдықталады. Барлық өлшеп-орау үй-жайларының желдеткіші, жарықтандырылуы және жуу раковиналары болуы тиіс.

27. Объектілердегі тапсырыс бөлімдері (үстелдері) мынадай үй-жайлармен жабдықталады: тапсырыстарды қабылдауға және беруге арналған үй-жай, жинақтау үй-жайы, өлшеп-орау үй-жайы, тез бұзылатын өнімдерді сақтауға арналған тоңазыту қондырғылары және қол жууға арналған қолжуғыш раковинасы бар экспедиция.

28. Объектіде сауда мүкәммалын, жабдықты жууға арналған жуу үй-жайлары немесе учаскелер жабдықталады, оларды құрғату үшін стеллаждар жабдықталады. Жуу раковиналарының саны объектінің типімен және қуатымен айқындалады.

29. Қосымша, әкімшілік-шаруашылық және персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған үй-жайлардан бөлек орналастырылады.

30. Ұсақ-бөлшек уақытша сауда объектілері, оның ішінде демалыс аймақтарында, мереке күндері, көпшіліктің серуендеуі, жәрмеңке кезінде қоғамдық дәретханалармен немесе биодәретханалармен жабдықталған орындарға орналастырылады.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 672 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...