Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ойылатын талаптар



90. Тамақ өнімдерін ірі партиямен автомашинадан сату кезінде азық-түлік базарының аумағында көлік ыңғайлы кіретін-шығатын жолмен жабдықталған жеке алаң бөлінеді. Автокөліктің сауда уақытында сауда аймағы арқылы жүруіне жол берілмейді.

91. Азық-түлік базарының аумағы функционалдық аймақтарға бөлінеді: сауда, қойма және әкімшілік-шаруашылық.

92. Сауда аймағында бір сауда орнына ауданы кемінде 6 м2 есебімен сауда орындары бөлінеді, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және зертхананы орналастыру үшін орындар көзделеді. Тамақ өнімдерін (өсімдіктеналынған, ет, балық, сүт және басқалары) өткізу арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

93. Қойма аймағында азық-түлік тауарларын, тоңазыту құрылғыларын сақтауға арналған үй-жайлар орналасады.

94. Шаруашылық аймағында қоқыс жинауға арналған контейнерлері, автокөлікке арналған тұрақтары, дәретханалары бар алаңдар көзделеді.

95. Көліктің ыңғайлы кіруі мен шығуының, кірме жолдар мен жаяу жүргіншілердің жол айырымдарының қамтамасыз етілуі көзделеді.

96. Азық-түлік базарының аумағында су құбырының және суды бұрудың инженерлік желілеріне қосылған, 50 сауда орнына саны кемінде бір санитариялық аспаптан келетін персонал мен келушілерге арналған дәретханалар жабдықталады.

97. Келушілер мен персонал үшін азық-түлік базарының аумағында қолды, сауда мүкәммалын, жемістер мен көкөністерді жууға арналған құрылғылар орнатылады.

98. Аумақ және сауда орындары таза ұсталады, дезинфекциялай отырып ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі.

99. Апта сайын күрделі жинаумен, тоңазыту жабдығын тексерумен, үй-жай мен аумақты дезинфекциялау, айғақтар болған кезде (кеміргіштер мен жәндіктердің болуы) дезинсекциялау және дератизациялау арқылы санитариялық күн жүргізіледі.

100. Азық-түлік базарының үй-жайын қолданылу мақсатына қарамастан баспана немесе түнейтін орын ретінде пайдалануға жол берілмейді. Бөгде адамдардың тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға және сату үшін дайындауға арналған үй-жайларға кіруіне әкімшіліктің рұқсатымен және арнайы киімді міндетті түрде пайдаланған кезде жол беріледі.

101. Сауда мүкәммалы, торлар, стеллаждар, тұғырлар тамақ өнімдерімен жанасу үшін рұқсат етілген тот баспайтын, жеңіл жуылатын материалдардан жасалады. Торлар, стеллаждар еден деңгейінен кемінде 15 см биіктікте орнатылады.

102. Өнеркәсіптік емес (үй) дайындаудан шыққан тамақ өнімдерін сақтауға, тасымалдауға және өткізуге ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ғана жол беріледі, оларды тек ауыл шаруашылық азық-түлік базарларында өткізуге ғана жол беріледі.

103. Азық-түлік базарында:

1) тірі үй жануарларын, малды және құсты;

2) өнеркәсіптік емес (үй) дайындаудан шыққан тұмшаланып қаптамаланған, консервіленген өнімдерді;

3) өнеркәсіптік емес (үй) дайындаудан шыққан кондитерлік, аспаздық (ет және балық, көкөніс, ұн) өнімдерді;

4) өнеркәсіптік емес дайындаудан шыққан жас және қайта өңделген саңырауқұлақтарды өткізуге жол берілмейді.

104. Сойылған малдың, балықтың, құстың еті мен басқа да шикі өнімдері, сүт пен сүт өнімдері және малдан алынатын өзге де өнімдер ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері болған кезде базардың бөлек үй-жайларында, бөлек сөрелерде өткізіледі.

105. Сатып алушылардың сүт пен сүт өнімдерінің дәмін татып көруіне бір рет қолданылатын қасықпен жол беріледі.

106. Базар аумағында қоғамдық тамақтану және сауда объектілерін құру және жабдықтау мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімі бойынша жүргізіледі.

107. Ауыл шаруашылық өнімі саудасы өнімдерді жерге тікелей тиюден сақтайтын, тауарлық көршілестік қағидаттарын сақтау жолымен, тамақ өнімдерімен жанасу үшін қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған ыдыспен жүзеге асырылады.





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 797 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...