Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ал Раббың ұмытпайды»(19:64)



3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұсқайтынын көре аламыз және барлық жерде оның туылғандығына емес, жіберілгендігіне ерекше маңыз беріледі. Себебі, жіберілудің маңызы туылуға қарағанда едәуір жоғары. Және пайғамбардың адамдардан негізгі айырмашылығы оның қай жерде, қашан және қалайша туылғанында емес, Аллаһтан жіберілген елші болуында. «Хиуар әл-Мәлики» Ибн Мәни‟ 85-бет.

Аллаһ былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді» (3:164).

Дәл сондықтан да мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб мұсылмандардың жыл санауын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнінен бастап емес, оның қоныс аударуынан бастауды енгізді.

Дәйек.

Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Жәзаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ләхаб кіріпті. Ол адам одан: «Сенің жағдайың қандай?» - деп сұрапты. Абу Ләхаб: «Мен Оттамын, алайда әрбір дүйсенбі сайын менің азаптарым жеңілдейді. Бұл менің Пайғамбар туылған кезде қуанғаным үшін және қуанышымнан Суайба атты күңді босатқаным үшін», - депті».

Олардың қорытындысы: егер тіпті кәпірдің өзі Пайғамбардың туылғанына қуанғандығы үшін пайда алып жатқан болса, онда оның туған күнін жыл сайын атап өтетін мұсылман туралы не айтуға болмақ?!

Жауап:

1. Бұл дерек сенімді емес, өйткені түс көрген адамның аты аталмаған. Сондықтан да жалпы «біреу осындай түс көріпті» деп айтушының сөзі растала алмайды.

2. Түстердің негізінде шариғатта ешнәрсе заңдастырылмайды, әрі бұл туралы әһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушіліктер жоқ.

Ханафи мазһабының имамдарының бірі Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деп айтқан: «Шариғи үкімдер (қаулылар) және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және сүннет имамдарының бірауызды келісілген пікірімен (ижма`) тағайындалады. Және бұл - осы үмметтің алғашқы өкілдерінің жолы. Сондықтан шариғи үкімді бекітуде осы үш көзден өзге еш нәрсеге негізделуге рұқсат етілмейді... Ал қандай да бір ғибадаттардың заңды екенін осындай ертегілер мен қиссалар арқылы тұжырымдауға келер болсақ, бұл – яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». «Гаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

3. Егер тіпті осы адам сол түсті көрді деп тұспалдасақ та, ол түс өтірік болып табылады, өйткені Құранның анық мәтіндеріне қайшы келеді.

Аллаһ былай деп айтты: «Ал енді иман келтірмегендер үшін Тозақ оты әзірленген. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардың азаптары жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз» (35:36).

Абу Ләхаб, келіспеушіліксіз, кәпір болып өлді, ендеше, егер Аллаһ Тағала кәпірлердің азаптары жеңілдетілмейтіні туралы айтқан болса, оған азаптары қалайша жеңілдетілмек?!

4. Абу Ләхаб - кәпір, ал кәпірлерден жеткен хабарлар бірауызды келісім бойынша қабылданбайды.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 294 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...