Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ІІрограмма жасау



Имятациялық модельдеудің бұл кезеңінде зерттеушінің алдында оны қай алгоритмдік тілде жазу керек деген сұрақ туады. Соңғы жылдары компьютермен модельдеудің тез дамуына байланысты имитациялық модельдеуге арналып жасалгаы көптеген алгоритмдік тілдер пайда болды. Бірақ осы тілдердің көбісі белгілі бір математикалық сұлбамен бейнеленген объектерді модельдеуге ғана бағытталған. Мысалы, GPSS деген тіл көпшілікке қызмет көрсету жүйелерінің жұмысын модельдеуге бейімделсе, SIMULA тілі арнайы көп мелшерлі теңдеулермен бейнеленетін экономика жүйелерін имитациялауға арналған.

Универсалды тілдерге қарағанда бұл арнайы тілдердің программасын тезірек құрастыруға болады және осы арнайы имитациялық тілдердің құрамында программаны құрастырғанда жіберілетін қателерді тез табу амалдары ескерілтен.

Дегенмен, имитациялық модельдеу кезінде универсальды тілдер де (Паскаль, Си, Фортран, Бейсик) жиі қолданылады. Бүл тілдердің де имитациялық модельдеуге тиімді біраз қасиеттері бар. Мысалы, біраз күрделі жүйелерді (автоматтандырылған баскару жүйелерін, ақпаратты іздеу жүйелерін) модельдеген кезде осы модельдеуден алған нәтижелерді корсету түрінің мағынасы зор. Ал программа арқылы алынған нәтижелерді әртүрлі сұлбада басын шығару тәсілдеріне универсалды тілдер өте бай келеді. Сондықтан зерттеушінің алдында программалау тілін таңдау мәселесі тұра қалса, ол өзі жақсы меңгеретін тілде тоқтауы дұрыс деп есептейміз. Қанша тиімді болғанымен өзің дұрыс игермеген тілді пайдаланғанша, білетін программалау тілін қолдану тез де және сенімді де болады.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 476 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...